Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



бет137/153
Дата04.11.2022
өлшемі482,43 Kb.
#47461
түріОқулық
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   153
Ҧжым және тҧлға
Ұжым мен тұлға арасындағы байланыс – тәрбиені демократияландыру жағдайында адам құқығы мен бостандығын сақтаудағы маңызды мәселенің бірі. Кӛптеген онжылдықтар бойы ұжымға әсер ету арқылы білім алушы тұлғасын қалыптастыру отандық педагогикалық әдебиеттерде қарастырылмады. Тұлға міндетті түрде ұжымға бағыну керек деп есептелінді. Қазіргі кезде адам жӛніндегі философиялық тұжырымдамаларға және әлемдік педагогикалық ой тәжірибесіне сүйене отырып заманға сай, жаңа шешімдер іздестіруге тура келді.
Білім алушыны ұжымдык қатынас үрдісіне енгізу қиын әрі күрделі шаруа. Ең алдымен тұлғаның жекелей мәнді екенін ескеру керек. Білім алушыларды – болашақ ұжым мүшелерін бір-бірінен денсаулықтарына, сыртқы кӛріністеріне, мінез-құлықтарына, қатысу деңгейіне, біліміне, біліктілігіне т.б. қасиеттеріне қарап ажыратамыз. Сондықтан, олар ұжымдық қатынас жүйесіне әртүрлі болып енеді, жас жағынан әртүрлі реакциялар туындатады, кейде ұжымға кері есерін тигізуі де мүмкін. Ұжымдық қатынас жүйесіндегі тұлғаның жеке әлеуметтік тәжірибесі маңызды болып табылады. Ол арқылы білім алушының сана-сезім ерекшеліктері, құнды бағдарлау жүйесі, жүріс-тұрысы белгіленеді. Ал бұлар осы ұжымның дәстүрлі тәртіптеріне, құндылықтарына сай келуі не сай келмеуі де мүмкін. Студент тәжірибиесі басқаша болған жағдайда тәжірибе ауқымы мен сапасына сәйкес ӛз құрдастарымен қарымқатынас орнатуы қиынға түседі.
Тұлға мен ұжым арасындағы қатынас тек тұлға сапасына ғана емес, ұжымға да байланысты. Ӛз күшін, салт-дәстүрін құрған, басқарушы белсенділері бар, дамудың жоғары деңгейіне қол жеткізген ұжыммен қатынас жақсы орнығады. Бұндай ұжым басқаларына қарағанда ӛзіне жаңадан кірген тұлғамен қатынасқа оңай түседі.
Әрбір адам аз немесе кӛп күш жұмсау арқылы ұжымдағы ӛз орнын табуға талпынады. Бірақ кейбір объективті немесе субъективті себептердің әсерінен тұлғаның барлығы бірдей табысқа қол жеткізе бермейді. Табиғи мүмкіндіктері бойынша жеке адам ұжымдағы кейбір құндылықтардың ӛзіне сәйкес келмеуінен ӛз жасқаншақтығын жеңе алмай, табыстарға қолын жеткізе бермейді. Әсіресе, ұжымның, достарының ӛзіне деген қатынасын бағалай алмайтын, жаңа жағдайда ӛзін-ӛзі тануы мен бағалауы сияқты касиеттері толық дамымаған бірінші курс студенттеріне мұның қиын соғуы мүмкін. Бұл педагогикалық жағдайдың объективті себептері бар. Олар: іс-әрекеттердің бірсарындылығы, ұжымдағы білім алушының атқаратын рӛлінің тарлығы, ұжым мүшелері арасындағы қатынастың ұйымдастыру формаларының біртараптылығы мен мазмұнының жұтаңдығы, бірін-бірі қабылдау мәдениетінің кемшілігін ескеруге тұрарлық бағалы да қылықты қасиеттерін елей алмауы және т.б.
Ғылыми зерттеулер нәтижесінде тұлға мен ұжым арасындағы қатынас дамуының кең тараған үш түрі анықталған: 1) Тұлға ұжымға бағынады (конформ); 2) Тұлға мен ұжым бір-бірімен үйлесімді қатынаста (гармония) болады. 3) Тұлға ұжымды ӛзіне бағындырады (кӛшбасшылық).
Бірінші түрі бойынша тұлға ұжым талаптарына ӛз еркімен бағынады, ал кейде ұжымға сырттай бағынып, әрі қарай ӛзінен жекелігін және тәуелсіздігін сақтауы мүмкін. Егер тұлға ұжымға кіргісі келсе, онда ұжымның құндылықтарын, нормаларын және дәстүрлерін қабылдайды.
Екінші түрі бойынша жағдай әртүрлі жолмен дамуы мүмкін: 1) тұлға ӛз тәуелсіздігін барынша сақтап ұжым талаптарына сырттай бағынады; 2) тұлғаның кейбір ӛзіндік іс-қимылы ұжым талаптарына сай келмейді. ЖОО ұжымдарында кӛп кездесетін мотив немесе себеп-салдарынан тұлға кейбір қиын іс-қимылдарға бой ұрады. Мұндай жағдайда білім алушы ұжым нормалары мен құндылықтарын сырттай қабылдайды, талқылау кезінде ұжымның одан күтетінін айтады, әртүрлі жағдайларда ұжымда қалыптасқан қасиеттерді ұстанады, бірақ оқу орыны ұжымынан тыс жерде бұрыннан қалыптасқан тәжірибесі бойынша ӛзін басқадай ұстайды, ӛзгеше ойлайды, басқаша бағалайды. Бұл жағдай кейде уақытша болса, кейде тұрақты болып отырады. Соңғысы тұлғаның бұрынғы әлеуметтік тәжірибесі ұжым тарапынан қолдау кӛрмей, ӛз ұжымының тәжірибесімен ұштаспайтын жайларда жиі кездеседі. Біздің оқу орынытерімізде ұжымға ашық түрде қарсы шығу кӛп кездеспейді. Алайда, студенттер кейде қарсылық білдіреді, оның ӛзі де негізсіз себептерден туындайды: кӛбіне ӛзін-ӛзі қорғап қалу сезімінің үстемдігінен болады.
Тұлға мен ұжым арасындағы қатынастың қазіргі ЖОО сай типі – бұл бірлікті ӛмір сүру талпынысы. Тұлға мен ұжым ұдайы қарымқатынаста болуы тиіс.
Үшінші модельде тұлға ұжымды бағындырады, бірақ бұл сирек кездесетін құбылыс. Нағыз кӛшбасшы еңбектері, іс-әрекеттері ескерілумен, бұл модельде тиісті бағасын алады, Жарқын тұлға, оның ӛзіндік жеке тәжірибесі ұжым мүшелеріне тартымды болуы міндетті.
Психологтар мен педагогтар жекелік қасиеттердің жасырын түрде дамитын суденттер ұжымының мүшелері арасында кең тараған бағыт-бағдарын бӛліп қарастырады. Берілген жұмыстарды, әсіресе жауапты тапсырмаларды бар ынтасымен орындайтын білім алушылар аз емес. Баршаның кӛзіне түсу, басқаның үстінен ӛз билігін жүргізу - олардың талпынысына күш-қуат береді. Олар ұжымның қиын жағдайына қайғырмайды, жұмысына кӛп мән бермейді, басты мақсаты – ӛз беделін ғана таныту.
Ҧжымға педагогикалық жетекшілік
Ұжым үнемі ӛзгеріп отырады, себебі оны құрайтын адамдар ауысады. Бірақ ұжымның даму процесі кездейсоқ емес, оған педагогтар жетекшілік етеді. Ұжымға жетекшілік етудің нәтижелігі, оның даму заңдылығын қандай мӛлшерде зерттегеніне, тәрбие жағдайының қаншалықты дұрыс анықталғанына, педагогтың әсер ету тәсілдеріне байланысты.
Мұндай әсердің маңызды шарты – үздіксіз болып келетін әрі ұжымға әсер ететін тәрбиелік шаралардың бір жүйеге бірігуі. Ал мұндай интеграцияға келесі жолдар арқылы қол жеткізуге болады:

  1. Ұжымға болатын педагогикалық әсерлерді кешенді

пайдалану;

  1. Күнделікті ӛмірде ұжым мүшелерінің бір-біріне үнемі әрі жан-жақты кӛмегі;

  2. Ұжым ӛміріне және оның жеке мүшелеріне жағымды әсер ететін жағдайлар тудыру;

  3. Білім алушылардың ӛзін-ӛзі басқару ісін кеңейту;

  4. Ұжыммен жұмыс істейтін барлық ұйымдардың талпыныстарын біріктіру.

Топ ұжымын басқарудың педагогикалық тәжірибесінде келесі маңызды ережелерді сақтау керек:
1.Педагогикалық жетекшілікті білім алушының ӛз қызығушылығына, ынтасына, тәуелсіздігіне орайластыру, дербес қарапайым талпынысымен саналы байланыстыру;
2.Ұжым – динамикалық жүйе болғандықтан, ол үнемі ӛзгеріп, дамып, кемелденіп отырады. Сол үшін барлық оқытушылар қарымқатынас пен әсер ету жобілім алушырын жиі ӛзгертіп отыруы міндетті.
3.Топ кураторы ұжым тәрбиесінде оқытушыларға, студенттік ұйымдарға сүйеніп, отбасыларымен үнемі байланыста бола отырып, жоғары жетістіктерді кӛздегені жӛн.
Еңбек – тәрбие құралы, бірақ еңбекті бағалау, кӛрсету, қателігін анықтау – бұл ондағы тәсілдер. Сӛз (кең түсініктегі) – тәрбие құралы, бірақ ескертулер, сын айту, теңеу – бұлар тәсілдерге жатады. Осыған байланысты кейде тәрбие әдісі қойылған мақсатқа жету тәсілдері мен құралдар жүйесі ретінде анықталады, ӛйткені әдіс құрылымында тәсілдер мен құралдар міндетті түрде бірге қарастырылады.
Ӛзін-ӛзі басқару – ұжым үшін маңызды мақсаттарға жету үшін шешім қабылдау мен оны жүзеге асыруда білім алушылардың ӛз бетінділігін дамытуға негізделген ұжымдық іс-әрекетті ерекше ұйымдастыру. Ұжым жетілген сайын ӛзін-ӛзі басқару да жетіле түседі. Жеке тұлғаға қатысты ӛзін-ӛзі басқару тӛмендегідей қызметтерді орындайды:

  • бейімделушілік (ұжым ішінде жеке тұлғаның үйлесімді ӛзара қарым-қатынасын қамтамасыз етеді);

  • интегративтік (ұжымдық және жеке іс-әрекет түрлерін үйлестіруге мүмкіндік береді; нәтижелі іс-әрекет үшін ата-аналар, білім алушылар және педагогтардың қызметін ұйымдастырады);

  • прогностикалық (диагностика және рефлексия негізінде ршыни перспективаларды анықтауға жәрдемдеседі);

  • басқарушылық мәдениетті меңгеру (ӛзі және ұжым үшін маңызды шешімдерді қабылдауда ӛз бетімен таңдау жасауды жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болады).

Білім алушылар ұжымындағы ӛзін-ӛзі басқару іс-әрекетті анықтаудан басталады: басқарушылық құрылымды жасауда, міндеттерді бӛлуде. Ұжымның жалпы жиналысы (білім алушылар комитеті, кеңес, штаб т.б.) ӛзін-ӛзі басқару органдарын сайлайды және олардың міндеттерін анықтайды. Белгілі бір тапсырманы алғаннан кейін әрбір білім алушы ӛз міндеттерін және ол жұмысты орындау жолдарын білуі тиіс. ӛзін-ӛзі басқару білім алушылардың бостандық пен жауапкершіліктің қатынасын сезінуін талап етеді.
И.П.Иванов іс-әрекетті ӛз бетімен ұйымдастыру әдістемесін жасады: құрылған кеңестер кӛмегімен жұмыстарды дайындау, инициативалық топтың жұмысы, кӛсбасшылардың ауысуы, микроұжымдар арасындағы тапсырмалардың ауысып келіп отыруы. Бұл әдістерді кез-келген білім алушылар ұжымында қолдануға болады. Педагог ұжым ішінде ӛзін-ӛзі басқаруды дамытпайынша, онда жеке тұлғаны дамыту мүмкін емес екендігін үнемі есінде сақтауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет