Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



бет140/153
Дата04.11.2022
өлшемі482,43 Kb.
#47461
түріОқулық
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   153
3. Топтық жҧмыс: «Тҥртіп алу»
Студенттер 3 топқа бӛлініп, оларға тапсырмалар беріледі. Жұмыс орындалған соң үлгілі шығармалар таңдалады және оның себептері талқыланады.
1-топқа «Қазақстан азаматтарының азаматтық-
патриоттық тәрбиеілілігінің деңгейі»,
2-топқа «Азаматтық патриоттық тәрбиені қай кезде берген дҧрыс?»,
3-топқа «Азаматтық-патриоттық тәрбиенің мазмҧны» тақырыбына «ээсе» жазу.
Студенттер ӛз орындарынан топ болып «Түртіп алу» стратегиясы бойынша жұмыс жасап материалдың 2-ші сұрағын талдайды.
Қазақстан тарихы, әдебиет пәндері бойынша білімдерін еске түсіре отырып, қазақ ойшылдарының патриоттық тәрбие туралы айтқан, тәрбиелік ойлары мен сӛздерін жазады. Қазақстанда патриотизмнің даму кезеңдеріне сәйкес тарихи мәнді оқиғаларды кӛрсете отырып, «эссе» жазады.
Содан кейін 3 топтың шығармалары тыңдалады.
2. Еліміздегі патротизмнің дамуының кезеңдері Лектор сӛзі (слайд 2):
Патриотизм туралы идеяларды кезінде ӛздерінің шығармаларында қазақ даласының ойшылдары да, атап айтсақ, ӘлФараби, Ж.Баласағҧни, М.Қашқари, жыршы-жыраулары да: Асанқайғы, Доспамбет, Шалкиіз, Бҧқар жырау, Махамбет т.б. айтқан. Қазақ халқының табиғи түрдегі азаматтық-патриоттық тәлімінің басқа да халықтық дәстүрі мен байлықтарының дами түсуін, тіпті кейбір уақыттарда патриот деген сӛздің лексикалық құрамынан алынып қалмауын қазақ жеріндегі жиі-жиі болып тұрған тарихи оқиғалардың қыр-сырынан іздеген жӛн. Қазақтың ұлан-байтақ даласын біздің ата-бабаларымыз сан ғасыр найзаның ұшымен, білектің күшімен, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға соқтырмай аман сақтап келді. Олардың құрып кету қаупі тӛніп тұрған кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жауға қарсы тұруы нағыз шынайы Отансүйгіштік қасиет деп түсінеміз.
Зерттеуші, саясаттанушы Ж.О.Кенжалин патриотизм ұғымының Қазақстанның саяси тарихының алар орны жӛніндегі проблемаларды түйіндей келе соңғы онжылдық тарихын мынадай кезеңдерге бӛліп қарастыруды ұсынған.
Қазақстандық патриотизмнің ел тәуелсіздігі жылдарындағы тарихының алғашқы кезеңі: 1991-1994 жылдар аралығы. Екінші кезең 1995-1998 жылдары аралығы. Бұл кезең мемлекеттің нарықтық экономика заңдарына ӛту кезеңімен, кей тұстары халықтың жекелеген әлеуметтік топтарын торығушылыққа, дағдарушылыққа алып келген сәттерімен сипатталады.
Ҥшінші кезең: 1999 жылдан бері қарай. Бұл кезең Қазақстанда патриотизм ұғымы шын мәнінде ел ішіндегі бірліктің, қоғамдық келісімдік тұрақты саяси ахуалдың кепілдігіне айналғандығымен сипатталады.

  1. Жаттығу «Екі жақты кҥнделік»

3-сұрақ бойынша студенттер «Екі жақты күнделік» стратегиясымен жұмыс жасайды (слайд 3).
Слайд 3

1-кестеден таңдап алып, жазыңыз

1 анықтаманы осы графаға

Анықтаманы
себебіңіз

таңдап

алу













  1. Жаттығу: Кесте толтыру

Алыс және жақын шетелдердегі патриотизм ұғымына берілген анықтамалардың классификациясы 1-кестеде кӛрсетілген.
3. Патриотизм ҧғымына берілген анықтамалардың жіктелуі
Кесте 1. Патриотизм ұғымына берілген анықтамалар
Слайд 4.

Анықтамалар

Алынған әдебиет кӛзі

«Менің патриоттық сезімім ірбіт сандығындай («матрешка» сияқты бір сандықтың ішінде бір сандық, оның ішінде тағы бір сандық) мен ең

Ш.Уәлиханов
Таңдамалы шығармалар жинағы.




алдымен ӛз отбасымды, туған туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл-аймақ, ел-жұртымды, руластарымды, одан соң халқымды, одан соң Сібір орыстары, Ресей жұртын қадірлеймін», - деген екен.




Патриот – Отанын сүйетін, оның байлығын қорғайтын, отансүйгіш, отаншыл азамат.

Даль В.И.
Толковый словарь живого велико русского языка.

Патриотизм – адамгершілік және саяси принцип, сезім, оның мазмұны – Отанға сүйіспеншілік; оған адалдық, оның ӛткені мен қазіргісіне деген мақтаныш, Отан мүддесін қорғауға құлшылық. Патриотизм – адамның мыңдаған жылдар бойы бекіген ең терең сезімдерінің бірі.

Философиялық сӛздік. Алматы, 1996

Патриотизм – Отанға, туған жерге, ӛзінің мәдени ортасына деген сүйіспеншілік.

Педагогикалық энциклопедия.
Қазақ совет энциклопедиясы.

«Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның амансаулығының қоғамдық-мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз жеке адамды күшейті екенін мойындау».

Б.Момышұлы.
Қанмен жазылған кітап.

Патриотизм ӛз халқына, Отанға деген сүйіспеншілік пролетарлық интернационализммен берік байланысқан.

Педагогикалық сӛздік.

Патриотизм – адамның туа біткен, биологиялық қасиеті емес, ол - әлеуметтік, тарихи қалыптасқан, Отанға деген сүйіспеншілік сезім, ол Отанға қызмет кӛрсетуден кӛрінеді.

Құсайынова Д.С.
Әлия мен Мәншүк ерлігінде жоғары сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеу.
Алматы, 1999.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет