Жұмыс аяқталған соң 3 топқа арналған плакатқа кестелер салынып, ұжымдық талқылауға салынып, ортақ кестелер (1,2,3) толтырылады.
2. Экономикалық тәрбие бойынша қазіргі білім беру жҥйесіндегі жҧмыс формалары Лектор сӛзі: Адамның болашағы оның қазіргі алған білімінің сапасының кӛлеміне, ойлау деңгейіне байланысты.
Аса қарқынды ӛзгерістерге толы қазіргі әлеуметтік экономикалық жағдайда білім беру жүйесінің алдында мектептік дамуды қайта қарастыру мәселелері тұр.
Олар қандай да бір нақты жағдайды талқылайды, оны шешудің баламаларын іздестіреді. Шешімнің ӛзіндік нұсқасын ұсынады.Ол шешімді негіздейді, бұдан соң оны практикада қабылданған шешіммен салыстырады.
Әдіс оқушылардың шешім қабылдауға қабілетін дамытуға жәрдемдеседі.
Топтық жұмыс дағдыларын дамыту әдісі (іскерлік ойындар).
Кез-келген іскерлік ойынының негізгі ойынды ӛткізу уақытындағы нақты жағдайларды имитация жасау процесі болып табылады. Іскерлік ойын екі бӛліктен тұрады.
1.Ойын модельдері;
2.Ойындар;
Модель шеңберді анықтап ойын үшін негіз жасайды. Ойынның ӛзі ойыншыларға модельге сәйкес шеңберде шешім қабылдауға мүмкіншілік береді.
Имитациялық ойындар.
Әдіс ретінде имитациялық ойын ӛзіне ойын элементтерін енгізетін кӛптеген оқыту стратегияларында қолданылып келеді.
Бұған енетіндер:
іскерлік ойын негізіндегі компьютерлік имитация және басқалары.
Имитациялық ойындар ойындардың жарыс, кооперция, ереже секілді сипатты белгілерін үйлесімді ұштастырады. Экономикаға үйретуде рольдік және орындар аса зор маңызға ие.
Рольдік ойын оқыту әдісі ретінде оқыту процесін ойын әрекеті түрінде және қоғам ӛмірінен нақты ситуацияларды имитациялау түрінде ұйымдастыруға мүмкіншілік береді. Рольдік ойынға диалектикалық әдістемелік ерекше қызығушылық балалар мен үлкендер рӛлдік ойындардың арасында тікелей байланыстың болуымен түсіндіріледі. Осылайша балалар үлкендер ӛміріндегі болашақ рӛлдеріне дайындық жасайды.
Рӛлдік ойын оқушыларға нақтылыққа жақын мінез-құлықтың түрлі әлеуметтік формаларын ойын түрінде кӛріп-білуге жәрдемдеседі. Бұл жағдайда олар дұрыс емес мінез-қылық үшін жазаланудан қауіптенбейді.
Проектілік немес жобалық әдіс ( әрекетке үйрету)
«Проект» сӛзі латынның «prjicere» сӛзініен шыққан және қазіргі тілде «жоспарлау», жобалау, жасап шығару мағынасында қолдауды («жоспарларды іске асыру» дегенді білдіреді).
«Жоба» ұғымы педагогикалық саламен ғана шектелмейді, сондай-ақ экономикада, басқару аен зерттеулерде қолданылады. Сол не ӛзге шаруашылық сауда немесе кәсіпкерлік шараларды жүзеге асыру проектісі, зерттеу проектісі, білім беру бойынша проект және т.б.
Жобалау әдісіне қойылатын мақсаттар: 1.Ӛнімге және әрекетке бағыттылық.
2.Оқушыларға бағыттылық.
3.Білімнің жағдайға және қоғамға бейімделуі.
Проектілік жұмыс үшін проектілердің ӛту кезеңін жоспарлау аса маңызды болып табылады:
а) мақсатты белгілеу (мақсатты);
ә) жоспарлау (ресурстар);
б) орындау (әрекеттер);
в)бағалау және бақылау (нәтижелер);
Оқушылар басынан-ақ проектілер мен мақсаттарды таңдауға қатысу мүмкіндігіне ие болуы қажет, одан соң оларды сол ие ӛзге әдіс- тәсілмен жүзеге асырады.
Алайда, бұл мұғалімнің қатысуын жоққа шығармайды, алғашқы кезек секілді, проектіні жүзеге асыру сатысында да мұғалім араласып отырады.
Экономикалық субьектілерді зерттеу әдісі (кәсіпорындағы зерттеу)
Кәсіпорындардағы зерттеуді кәсіпорынға барып келуден ажыратып алу керек. Кәсіпорынға барғанда оқушылар ол жайлы жалпы түсінік алады. Әдетте ол оқыту тұжырымдамасының кіріктірілген бӛлігі болып саналмайды, тек алдын ала дайындықсыз, нәтижелерін шығаруды қажет етпейтін бір реттік шара ретінде ғана ӛткізіледі.
Кәсіпорындардағы зерттеулердің сипаттамасы:
ол оқу үрдісінде кӛрнекі ашып кӛрсету және түсіндіруге арналған әдістемелік тәсіл болып табылады;
зерттеу сабақтарында дайындалады;
зерттеу сабақта талқыланатын тақырыптарды мысалмен түсіндіруге арналған кәсіпорын қызметтердің белгілі бір аспектілерімен шектеледі.
оқушылар зерттеу үшін нақты міндеттерді алдын ала алады;
Осылайша, білім берудің барлық деңгейлеріндегі ұсынылып отырған экономикалық мәдениетті білімдік технологиялар негізінде қалыптастырудың нақты методологиялық мәні бар.
Олар бүгінгі мектеп партасында отырған ұрпаққа мақсатқа сай ықпал ету міндетін қоюы мен экономикалық белсенді, ӛркениетті нарық жағдайларында жұмыс істеуге қабілетті, оның талаптары мен нормаларын білетін тұлға қалыптастыруға ықпал ететіндігімен маңызды.
4. Топтық жҧмыс 3 топқа жеке тапсырмалар беріледі.