Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



бет87/153
Дата04.11.2022
өлшемі482,43 Kb.
#47461
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   153
2-топ тапсырмасы: «Мҧғалімнің қҧқығы мен міндеттері қандай?»
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының «Педагог қызметкердің мәртебесі» атты 7-тарауында 51-бапта педагог қызметкердің қҧқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері кӛрсетілген:

  1. Тиісті бейіні бойынша арнайы педагогтік немесе кәсіптік білімі бар адамдар педагогтық қызметпен айналысуға жіберіледі.

  2. Педагог қызметкердің:

  • кәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып, педагогтық қызметпен айналысуға;

  • ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогикалық практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;

  • жеке педагогикалық қызметке;

  • тиісті білім беру деңгейіндегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптары сақталған кезде педагогтік қызметті ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын еркін таңдауға;

  • білім беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;

  • ұзақтығы тӛрт айдан аспайтын, бес жылда кем дегенде бір рет біліктілігін арттыруға;

  • санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестатталуға;

  • педагогикалық қызметтегі табыстары үшін мемлекеттік наградалар, құрметті атақтармен, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түріндегі моральдық және материалдық кӛтермеленуге;

  • ӛзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына;

  • әскери қызметке шақырылу мерзімінің кейінге

қалдырылуына;

  • ғылыми қызметпен айналысуы үшін педагогтық стажы сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға;

  • білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен ӛкілдеріне шағымдануға құқығы бар.

3. Педагог қызметкер:

  • ӛзінің кәсіптік құзіреті саласында тиісті теориялық және тәжірибелік білімді және оқыту дағдыларын меңгеруге;

  • мемлеукеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес кӛрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге;

  • білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет кӛрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;

  • білім алушылардың ӛмірлік дағдыларын, біліктіліктерін, ӛздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;

  • ӛзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға;

  • бес жылда кемінде бір рет аттастаудан ӛтуге;

  • педагогтік әдеп нормаларын сақтауға;

  • оқушылардың, тәрбиеленушілердің және олардың атааналарының абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.

Міндеттері мен педагогтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін педагог қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарында және еңбек шартында кӛзделген жауаптылыққа тартылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет