Дифференциация (ағ. cell differentiation) – жасушалардың (өсімдіктер,
жануарлар, т.б) басқа жасушалардан ерекшеленіп, маманданған жағдайға көшуі.
Дифференциялану (ағ. cell differentiation) – даму үдерісінде біртекті
жасушалардан морфологиялық белгілері жəне атқаратын қызметі əртүрлі
жасушалардың түзілуі (жасушалардың мамандануы).
ДНК-ның репарациясы (лат. reparation – бұрынғы қалпына келу, ағ. DNA
repair) – барлық организмдердің жасушаларындағы нормалы биосинтез кезінде
немесе түрлі физикалық жəне химиялық себептерінен матрицалық ДНҚ-ның
зақымданған жерлерінің дұрысталып жаңадан түзілуі.
ДНК-ның репликациясы (лат. replicatio – қайталану) ағ. DNA replication) –
ДНҚ-ның молекуласының екі еселеніп қөбеюі. ДНҚ-ның екі спиралі жазылады,
сутектік байланыстар ажырайды, жеке (матрицалық) тізбекке үйлесімді, сəйкес жаңа
тізбек (реплика) түзіледі.
ДНК лигазасы (ағ. DNA-ligase) – ДНҚ-ның полинуклеотидтер бөлшектерін
(фрагменттерін) бір-біріне реттеп қосатын, жалғастыратын фермент.
ДНҚ- ның
бірінші
ретті
құрылымы
полинуклеотидтік
тізбектегі
нуклеотидтердің орналасу тәртібі айтылады.
ДНҚ-үзіктері (цепи) бір-бірімен жəне ортақ остерін бойлай бұрала
орналасқан, екі қатарлы, дұрыс пішінді, спираль тəрізденген полимер. Ағзадағы
жасушалық жəне биохимиялық қызметтерінің жүзеге асуы мен сақталуын
қамтамасыз етеді.
255
ДНҚ молекуласының екінші реттік құрылымы – ДНҚ молекуласының
кеңістікте паралель орналасқан қос қабат спиральға ұқсай орналасуы
Донор – генетикалық тұрғыдан бағалы аналық жұмыртқасы немесе
эмбриондар алынатын ұрғашы дара.
Ж
Жануардың физиологиялық жетілуі – жас малдың белгілі жынысты ересек
жануарға тиесілі пішінге ие болып, оның тірілей салмағының 70-75%-на жеткен,
яғни, физиологиялық жағынан толысқан мерзімі.
Жануарлар биотехнологиясы – молекулалық жəне жасушалық əдістерді
қолдану арқылы генотиптерге түзетулер енгізіп, тез жетілетін, ауруларға төзімді
жəне жоғары өнімді мал түрлерін шығару əдістерін қалыптастыратын ғылым
саласы.
Жасуша – тіршіліктің ең кіші бірлігі, ағзаның құрылысы мен тіршілік
əрекеттерінің жəне дамуының негізі.
Жасуша генерациясының мерзімі (лат. generatio - туу) – жасушаның кезекті
екі бөлінуі арасындағы мерзім.
Жасуша циклі (гр. kyklos – дөңгелек, шеңбер) – жасушаның бір бөлінуінен
екінші рет бөлінуіне дейінгі жасушада жүретін тіршілік үдерістердің жүйесі, ол
митоздан (мейоздан) жəне интерфазадан (G1, S, G2) тұрады.
Жасушалар популяциясы (лат. populus – жұрт, ел) – жасанды қоректік
ортада өсірілген жасушалардың жиынтығы.
Жасушалар суспензиясы (лат. suspension – асып қою, ағ. suspension cell
culture) – жеке жасушаларды немесе кішігірім жасушалар топтарын арнаулы
қондырғы арқылы ауамен қамтамасыз етіп жəне араластыра отырып, сұйық қоректік
ортада өсірілуі.
Жасушаларды ағынды ашық жүйеде өсіру – үздіксіз ағып кіріп тұрған жаңа
қоректік орта мен төгіліп сыртқа ағып шыққан жасушалар суспензиясының
қарқынының (көлемдерінің) тең болуы.
Жасушаларды ағынды жабық жүйеде өсіру – жасушалар өсетін сұйық орта
үздіксіз жаңа қоректік ортамен қамтамасыз етіліп тұрады, сұйық ортаның кіріп
құйылу қарқыны мен оның төгіліп сыртқа шығу қарқыны бірдей болады.
Жасушаларды ағынды-ағынсыз жүйеде өсіру – сұйық қоректік ортада
өскен жасушалар суспензиясының бір бөлігі оқтын-оқтын алынып, оның орнына нақ
сондай мөлшерде жаңа қоректік орта құйылып тұрады.
Жасушаларды жаңа қоректік ортаға көшіру (пассаж) (фр. passage-ery, ағ.
subculture) – жасушаларды жаңадан дайындаған қоректік ортасы бар шыны ыдысқа
ауыстырып отырғызу.
Жасушаларды қорландырып (мерзімді) өсіру – жасушалар суспензиясын
жабық ыдыста бастапқы құйылған қоректік ортасында жаңартылмай өсіру.
Жасушаларды мұздатып сақтау (ағ. cryopreservation) – мұздатып алып, өте
төмен температурада сақтау, мысалы, сұйық азотта - 196ºС температурада.
Жасушаларды турбидостатта өсіру – фотоэлементті қолданып биомасса
концентрациясын тікелей бақылау арқылы, жасушаларды сыртқы жағдайдан
ешқандай шектеусіз, үздіксіз өсіру.
256
Жасушаларды үзіліссіз өсіру – жасушаларды сұйық қоректік ортаның
үзілмей беріліп тұратын ағынында өсіру.
Жасушаларды
хемостатта
өсіру
– құрамында
өсуді
тежейтін
концентрациясы белгілі компоненті бар жаңа қоректік орта тұрақты жылдамдықпен
биоректорға құйылып түсіп тұрады да, сондай жылдамдықпен өскен жасушалар
суспензиясы алынып отырады.
Жасушалардың кері немесе негативтік селекциясы (ағ. negative selection) –
белгілі бір жағдайлар жасап сұрыптау. Бұндай жағдайда жасушалардың жабайы
типтері ғана бөлінеді де, біраздан кейін өліп қалады, ал керек қасиеттері бар мутант
жасушалар бұл ортада өспейді, бірақ тірі қалады.
Жасушалардың кері селекциясы (ағ. negative selection) – белгілі бір
жағдайлар жасап сұрыптау, мұндай жағдайда жасушалардың «жабайы» типтері ғана
бөлінеді де, біраздан кейін өліп қалады, ал керек қасиеттері бар мутант жасушалар
бұл ортада өспейді, бірақ тірі қалады.
Жасушалардың тура селекциясы (ағ. straight selecyion) жасушаларды
тежегіштердің (ингибитор) қатысуында өсіріп, бұзылған метаболизмді қалпына
келтіре алатындарын, яғни мутанттарды сұрыптау.
Жасушалық биотехнология – жасушалық жəне ядролық деңгейде
микроманипуляциялар жасау арқылы, бұрын байқалмаған ерекше жəне адамға
қажетті қасиеттері бар өсімдіктер мен жануарлар алу.
Жасушалық инженерия (ағ. cell engineering) – қайта құрастыру,
будандастыру негізінде жасушаның жаңа типін жасау əдісі. Жасушаларды жасанды
жолдармен будандастырғанда, сомалық (денелік) жасушаларды бір-біріне қосқанда
будан геномы түзіледі. Ал жасушаларды қайта құрастырғанда жасушаның құрамына
кіретін
ядроны, цитоплазманы, митохондрияларды, хлоропластарды,
хромосомаларды əртүрлі жасушалардан алып жаңа жасушаны жасайды.
Жасушалық селекция (лат. selectio – таңдау, сұрыптау, ағ. cell selection) –
сұрыптаушы қоректік ортаны қолданып мутант жасушалар мен сомаклондық
варианттарын бөліп алу əдісі.
Жатыр – жатыр мойны, денесі, оң жəне сол түтікшелерінен құрылған шарана
дамитын мүше.
Жəй (қарапайым) ақуыздар – протеиндер, молекулалары тек амин
қышқылдарының қалдықтарынан тұрады.
Жеке жасушаларды өсіру – жеке жасушаларды сирек отырғызып қоректік
ортада өсіру; ол үшін өте құнарлы қоректік ортаны, «бағушы» немесе «қоректік
қабатты» қолдану керек.
Жоғары дисперсиялық жасушалар суспензиясы – сұйық қоректік ортадағы
жасушалардың жекелену дəрежесі жоғары суспензия ( бір топта 50 жасушаға дейін)
жəне морфологиясы біркелкі жасушалар (мөлшері оташа, цитоплазмасы тығыз).
Жыныстық қозу – қан құрамындағы жыныс гормондарының артуы
(эстроген, андроген, т.б) əсерінен малдардың жыныстық белсенділігінің көрініс
беруі.
Жыныстық цикл – аналық безінің функционалды белсенділіктерінің
ритмикалық алмасуы салдарынан болатын, ағзадағы гормоналды тепе-теңдіктің
өзгеруі.
257
З
Заттық жəне жабын əйнектері – жасушалық селекцияда жəне де басқа
микроскопиялық зерттеулерде қолданылатын, түзу, ұзынша жəне жұқа төртбұрыш
болып келетін əйнекшелер кесінділері.
Зертханалық дəріхана (аптека) – əртүрлі дəрі-дəрмектерді сақтауға арналған,
көптеген суырмалары, сөрелері мен түсірілетін столдары бар шкаф.
Зигота – ұрықтанған аналық жұмыртқасы. Зиготаның екі кезеңдерін
(стадиясын) ажыратады: екі пронуклеустар (кариогамияға дейін) жəне ересек зигота
(кариогамиядан кейін) кезеңдері.
И
In vitro (лат. in vitro - шыныда) – шыныда, жасанды жағдайда.
In vivo (лат. in vivo – тірі орнанизмнің құрамында) – тіршілік иесінде, оның
құрамында, бөлінбеген күйде.
Идиотип (гр. idios – өзіне тəн, typos – із, таңба, үлгі, қалып, ағ. idiotype) –
организмнің барлық гендерінің (ядродағы, митохондриядағы, хлоропластардағы)
жиынтығы.
Изогендік желі (линия) (гр. isos – бірдей, тең, ұқсас, genos – шығу тегі, туыс)
– гомозиготалық организмдерден тұратын топ.
Иммобильденген
жасушалар (лат. immobilis – жылжымайтын,
қозғалмайтын, ағ. immobilbsed cells) – табиғи немесе синтетикалық заттардың беткі
қабатына бекіген немесе полимерлік гельдер құрамына енгізілген, қозғаласы
шектелген, осы ортада өсетін жасушалар.
Иммуноферментік талдау (лат. immunitas – құтылу, босану, ағ. enzyme
immunoassay) – «антиген-антидене» комплексінің ферменттік активтігін анықтауға
негізделген иммунодиагностикалық əдіс; сезімталдығы өте жоғары.
Индукциялау (лат. induction – қозу, ағ. induction) – сыртқы орта факторлары
немесе өсімдіктің бір бөлігінің екінші бөлігіне əсер етіп, өсімдіктің даму жолын
белгілеу. Олар индукторлар, мысалы: гормондар, сыртқы ортаның түрлі
факторлары, кейбір метаболиттер. Индуктор организмнің, мүшенің даму жолын бір
жүйеге келтіреді, себебі сол жүйенің ғана индукторлық əсерін қабылдауға
мүмкіндігі бар.
Инокулюм (лат. inoculation – егу, ағ. inoculum) - жаңадан дайындалған
қоректік ортаға көшіріп отырғызу үшін қолданылатын суспензияның азғантай
бөлігі.
Интегумент (лат. integumentum – жапқыш, жамылғыш) – дəнді өсімдіктердің
тұқым бүршігінің қабықша ұлпасы.
Интрон (лат. integumentum – жапқыш, жамылғыш) – ДНҚ молекуласында
мағыналы кодтардың араларында кездесетін мағынасыз нуклеотид тізбектері;
процессинг нəтижесінде рестриктаза ферментінің əсерімен интрон үзіліп түсіп
қалып отырады да, қалған мағыналы тізбектерден пісіп жетілген информациялық
РНҚ түзіледі.
Ипсиляторлық бет – аналық безінің овуляция жасалынған жағы.
258
I
In vitro жағдайында өсіру – фолликулалар немесе олардан бөлектенілген
ооциттер, эмбриондардың арнайы дайындалған қоректік ортаға салынып, өсірілу
əдісі.
In vivо жағдайында өсіру – аралық реципиенттерін пайдалану арқылы өсіру
əдісі.
Іздеуші аталық – күйіті келген аналықты анықтау үшін қолданылатын еркек
малдар.
К
Каллус (лат. callus – қалын тері, ағ. callus) – ұлпа, өсімдік жасушаларының
ретсіз бөлінуінің нəтижесінде пайда болатын ұлпа.
Капацитация – аналықтың жыныс мүшесінің ішіндегі аталық ұрық
жасушалары – сперматозоидтардың ұрықтандыру қабілетінің артуы (жұмыртқа
түтікшесінің қабырғасы жəне қынаптан бөлінетін шырыштардың əсерінен).
Кариогамия – екі гаметаның ядролық материалдарының бірігуі.
Кариотип (гр. karyon – жаңғақ, жаңғақтың дəні) – организмдегі
хромосомаларына тəн белгілерінің жиынтығы, ол хромосомалар саны, пішіні,
мөлшері, өлшемі жəне морфологиялық өзгешелігімен ерекшеленеді.
Катализатор – ағзада жүретін химиялық реакциялардың бағытын өзгертетін
немесе жүру қарқындылығын арттыратын арнайы молекулалар.
Катетерлер
– қолдан ұрықтандыру мен эмбриондар тасымалдауда
қолданылатын арнайы істік тəріздес құрал.
Кері мутация (реверсия) (лат. reversio - қайту, қайтып келу) – организмнің
мутант күйінен, бірнеше мутациялардан кейін, «жабайы» (қалыпты) фенотипке
қайта келуі.
Кері транскрипция – РНҚ молекуласында комплементарлыққа сəйкес ДНҚ
молекуласының синтезденуі.
Кетгут – операциядан кейінгі жараны тігуге арналған, ұсақ малдың
ішектерінен жасалынуы себепті, ағзамен біте қайнасып кете алатын хирургиялық
жіп.
Клон (гр. clon – ұрпақ, бұтақ, ағ. clone) – қоректік ортада жалғыз бір
жасушадан көбейген жасушалар тобы.
Клондау (ағ. cloning) – құрамында трансформация жолымен енгізілген ДНҚ-ы
молекуласы бар, бактериялық жасушаларды агарға сеуіп, ДНҚ молекулалары
қоспасын бөлу. Бір бактериялық колонияны бір жасушаның ұрпағы деп түсіну
керек, оның барлық жасушаларының құрамында бір типті рекомбинанттық ДНҚ
молекуласы бар.
Коваленттік байланыс – электрондардың жалпыландырылуы, ортақ
электрондық жұптарының түзілуі
Кодон – бір амин қышқылына сəйкес иРНҚ- ның тізбектелген үш нуклеотиді.
Компетенция (лат. competo – тура келемін, жетемін, жараймын) –
жасушалардың, ұлпалардың, мүшелердің, организмнің индукторлық əсерді
қабылдап алуға қабілеттілігі жəне əсер еткен факторға жауап ретінде өзінің даму
бағытын өзгертуі.
259
Комплементарлы ДНҚ (лат. complementum – қосымша, үстеме) – ферменттер
қатысуы арқылы жасанды жолмен (қолдан) синтезделген иРНҚ-ның көшірмесі
(кДНҚ).
Комплементация генетикалық (ағ. genetic complementation) – будан
жасушалар ішіндегі əрекеттесу негізінде, ақауы бар гендердің фукциясын өз
қалпына келтіруі.
Комплементация физиологиялық (ағ. physiological complementation) – будан
жасушалардың белгілі бір жағдайларда көбеюге жəне морфогенезге қабілеттілігін
қалпына келтіруі, ал сондай жағдайда ата-аналық жасушалардың ондай қабілетін
көрсете алмауы; мұндай жағдайда ата-аналық жасушалардың ақаулығы қандай
болсын бір мутацияларымен байланысты емес.
Корреляция (өсімдікке байланысты) (лат. correlation – ара қатыс, байланыс) -
өсімдік мүшелерінің үйлесімді əрекеттесуі, ол метаболиттермен (трофикалық К.)
немесе фитогормондармен (гормондық К.) реттеледі жəне жалпы өсімдік
организмінің үйлесімді өсуі мен дамуын қамтамасыз етеді.
Криобиология – төменгі жəне өте төменгі температуралардың биологиялық
обьектілерге тигізер əсерін зерттейтін биологияның бір бөлімі.
Криоконсервация – төменгі жəне өте төменгі температуралар арқылы
гаметалар мен эмбриондарды сақтау əдісі.
Криопротектор (гр. kryos – суық, аяз, мұз, лат. protector – қорғаушы, ағ.
cryoprotectant) – жасушаның мұздап қату нүктесін төмендетіп, жасуша ішіндегі
сумен байланысып, жасушаны механикалық жəне осмостық бүлінуінен қорғайтын
зат.
Күйітті синхронизациялау – эструстарының бірдей мерзімде өтуі үшін, бір
топ ұрғашы дараларға гормональды дəрмектер арқылы əсер ету əдісі.
Күрделі ақуыздар – протеидтер, олар екі бөліктен тұратын ақуыздар. Жəй
ақуыздан жəне ақуыз емес бөліктен, оны протоэтикалық топ деп атайды.
Күшті промотор – РНК-полимеразасы үшін өте жоғары қабілетке ие, өзіндік
ерекшелігі бар индивид.
Қ
«Қалыптасқан» жасушаларды өсіру (ағ. «habitual» cell culture) -
«қалыптасқан» жасушалар редифференциялану немесе каллус ұлпаларының
мутациясы арқылы пайда болады; олардың негізгі белгісі – ол фитогормондар жоқ
қоректік ортада өсуге қабілеттілігі.
Қолдан ұрықтандыру – генотиптерді қарқынды түрде жақсарту
мақсатындағы сұрыптау жұмыстарында құнды малдардың ұрықтарымен
аналықтарды жаппай ұрықтандыру.
Қоректік орта (культуралды орта) – құрамында жасушаның тіршілігі үшін
қажетті барлық компоненттері болғандықтан, биологиялық жүйелердің өсіп дамуын
қамтамасыз ете алатын орта.
Қосымша метаболиттер (ағ. secondary metabolites) - өсімдік жасушаларында
түзілетін, бірақ олардың тіршілігі үшін аса қажет емес заттар.
Құрылымдық ген (ағ. structural gene) – құрамында басқа биополимерлер
(ақуыз, РНҚ-ы) құрылымы туралы информация бар нуклеотидтер тізбегінің бөлігі;
260
бірақ бұл ұғымға геннің экспрессиясын реттейтін сигналдардың нуклеотидтер
тізбегі кірмейді.
Қынап айнасы – қынапты немесе жатырдың қынап бөлігін зерттеуге немесе
қолдан ұрықтандыруда қолданылатын арнайы құрал.
Л
Ламинарлы бокс – гаметалар жəне эмбриондармен жұмыс істегенде олардың
толықтай оңашалануы мен стерилдігін қамтамасыз етуге арналған қондырғы.
Лапоратомия – көбею мүшелеріне еркін қол жеткізу мақсатында теріні қарын
тұсынан арнайылап жару (тілу).
ЛГ – овуляцияны жəне одан кейінгі сары дененің қалыптасуын, сүт бездерінің
дамуын қамтамасыз ететін гормон
Линия (желі) (ағ. line) – құрамында гендік (маркерлік) белгілері бар штаммды
сұрыптау немесе бір жасушаны көбейту арқылы алынған жасушалар тобы.
Липосомалар (гр. lypos – май, soma - дене) – жасанды түрде алынған
фосфолипидтердің шар тəрізді денешіктері.
Локус (лат. locus - орын) – хромосоманың генетикалық немесе цитологиялық
қартасындағы белгілі бір геннің (аллельдердің) орналасқан жері.
Лютеалдық фаза – овуляцияны қамтамасыз ететін ЛГ гормонының əсер ету
кезеңі.
М
Малдардың көбею биотехнологиясы – генетикалық басымды малдарды
молайту мақсатында, оларды жедел қарқында көбейту үшін, жануарлардың
репродуктивтік мүмкіндіктерін толық пайдалану əдістері.
Мацерация (лат. maceratio - жұмсарту, жібіту) – өсімдік (ағза) жасушаларын
бөлу (ажырату), жасуша аралық заттарды жою немесе еріту мақсатымен істелетін
əрекеттер.
МБС сериялы микроскоптар – эмбриондарды бағалау, сұрыптау мен
іріктеуге арналған ұлғайтқыш құрал.
Мегаспора (гр. megas - үлкен, spora - тұқым) - əртүрлі спорасы бар жоғары
сатыдағы өсімдіктердің ірі гаплоидтық жасушасы, ол аналық жасушаның бастамасы
болып табылады.
Мейоз (гр. meiosis – кему, азаю) – жасушалардың бөлінуінің ерекше жолы,
əдісі, оның нəтижесінде хромосома сандары редукцияланып, азайып, екі еселенген
диплоидтық жағдайдан тұтас сыңар гаплоидтық жағдайға өтеді.
Микроманипуляциялық жүйе – жасушалық технологияларды жүзеге
асыруға арналған қондырғылар.
Микроспора (гр. micros - кішкене) – сыңар хромосомалар (гаплоидтық)
жиынтығы бар жасуша. Микроспора археспора жасушаның мейоздық бөліну
нəтижесінде пайда болады, аналық гаметофиттің бастамасы.
Минимальды орта – құрамындағы компоненттерінің қажетті мөлшері
тіршілік ету, өсіп-даму үшін ең аз деңгейдегі орта.
261
Митоз (гр. mitos - жіп) – эукариот жасушаларының негізгі жəне күрделі
бөліну əдісі. Митоздың биологиялық маңызы, аналық жасушаның тұқым
қуалаушылық материалы, хромосомалардың жаңадан пайда болған жасушаларға
тепе-тең мөлшерде бөлінуі. Жасушалардың генетикалық жағдайы бірдей болады
жəне ұрпақтан-ұрпаққа берілгенде ешбір өзгеріссіз сақталады.
Митоздық сегрегация (ағ. mitotic segregation) жасушалардың митоздық
көбею үдерісі кезінде гендік детерминанттардың түсіп қалуы.
Модификациялық өзгергіштік (лат. mitos – түрін өзгерту, қайта құру) –
тұқым қуаламайтын өзгергіштік, генотипке қатысы жоқ, сыртқы ортаның əсерінен
организм белгілерінің өзгеруі.
Молекулалық биотехнология – ДНҚ-ның рекомбинантты технологиясына
негізделген, яғни жасушаның генетикалық бағдарламасын молекулалық деңгейде
өзгертуге арналған ғылым саласы.
Молекулалық будандастыру (ағ. molecular hybridization) – комплементарлық
нуклеотидтердің əрекеттесуі нəтижесінде нуклеин қышқылдары тізбектерінің
арасында комплекстер түзілуі.
Моноклондық антиденелер (ағ. monoclonal antibodies) – бір эпитопқа
(антигендік детерминанта) қатынасты қатаң арнайы бір типті антиденелер. Қалыпты
антидене түзуші жасушалармен шексіз өсуге қабілетті миеломдық ісіктік
жасушалармен біріккенде гибридомалармен синтезделеді.
Морфогенез in vitro (гр. morphe – түр, қалып, genesis – шығу тегі, туыс, ағ. in
vitro morphogenesis) – in vitro жағдайындағы морфогенез, организмнің дамуын
қамтамасыз ету үшін форманың немесе құрылымдардың дамуы, жетілуі.
Мутагендер (mutagenes) – физикалық жəне химиялық агенттер: иондалған
сəуле, жоғары жəне төмен температуралар, химиялық заттар. Табиғи мутацияларға
қарағанда мутация жиілігін əжептəуір жоғарылатады.
Мутагенез (лат. mutatio) – физикалық жəне химиялық факторлармен əсер ету
арқылы мутациялардың пайда болу үдерісі.
Мутагенез
табиғи (mutagenesis spontaneous)
–
табиғи
жағдайда
мутациялардың өздігінен пайда болуы.
Мутация (ағ. mutation) – генетикалық материалдың кенеттен табиғи немесе
жасанды түрде өзгеруі салдарынан, организмнің қандай да бір тұқым қуалайтын
белгілерінің өзгеруі. Мутацияның: генеративтік (жыныс жасушаларында жүретін),
сомалық (денелік), ядролық жəне цитоплазмалық мутациялар сияқты бірнеше
түрлері бар.
Н
Нейруляция – организмдердің басталуы, бұл біліктік мүшелердің комплексінің
жүйке түтігі, хорда, ішектің қалыптасу үдерісі.
Нуцеллус (лат. nucella - жаңғақша) – өсімдік тұқым бүршігінің орталық бөлігі.
О
Овуляция – жетілген фолликуладан ооциттің бөлініп шығу кезеңі.
262
Омнипотенттік (лат. nucella - жаңғақша) - өсімдіктің сомалық (денелік)
жасушалары ядроларының зигота ядросы тəрізді барлық қабілетін сақтауы, яғни
түгелдей генетикалық информацияның сақталуы.
Онкоген (гр. oncos – ісік, бұлтық) – ісік ауруларың қоздыратын ген.
Операция алды кезеңі – хайуанды операцияға дайындау кезеңі.
Операциялық блок – операция жасалынатын орын.
Опиндер (opine) – амин жəне органикалық қышқылдардың туындылары,
өсімдіктің ісік жасушаларында (тəжі тəрізді өсінді) синтезделеді; опиндерді
агробактериялар көміртегі жəне азоттың көзі ретінде пайдаланады.
Органеллалар – жасушада белгілі бір қызмет атқаратын, цитоплазманың
құрамдық бөліктері.
Органогенез in vitro (гр. organon – мүше, genesis - шығу тегі, ағ. in vitro
organogenesis) – ұлпаларды жасанды қоректік ортада өсіргенде бұрынғы бар тамыр,
бүршіктерден жəне бастауыш (инициаль) жасушалардан емес, жаңадан мүшелердің
түзілуі.
Ө
Өсімдіктер жасушаларын өсіру (ағ. plant cell culture) – жасанды қоректік
ортада асептикалық жағдайда (in vitro) өсімдіктердің жасушаларын, ұлпаларын жəне
мүшелерін өсіру.
Өсімдіктерді сауықтыру (ағ. virus – free plants) – өсімдіктерді жасанды
ортада in vitro өсіріп, бактериялық, саңырауқұлақтық жəне вирустық ауру
қоздырушылардан арылту.
Өсіру циклі (гр. kyklos – дөңгелек, шеңбер, ағ. growth cycle) – трансплантты
немесе сұйық қоректік ортада өскен жасушалардың бөлігін (инокулюмды) жаңа
қоректік ортаға отырғызғаннан бастап, келесі жаңа қоректік ортаға ауыстырғанға
дейінгі өсу кезеңі.
П
Пептидтік байланыс – бір амин қышқылының аминдік тобы мен, екінші
амин қышқылының карбоксилді тобы жалғасуы арқылы жүзеге асатын ақуыз
құрылымындағы байланыс түрі.
Питомник – тəжірибе жүргізуге арналған хайуандарды аш құрсақ ұстап,
дайындауға арналған арнайы жай.
Пробиркалар – зерттелетін сұйықтықтар құюға арналған, түбі домаланып
келетін ұзынша шыны ыдыстар.
Прогестерон – жатырдың
шырышты
қабатын
эмбриондардың
имплатациясына дайындап, ары қарай олардың өсіп-дамуына жағдай туғызатын
гормон.
Пролактин – сүт бездерінің сүт шығаруына əсер ететін гормоны.
Протеомика – ғылымдағы ақуыздар түзілуі мен олардағы метаболизм
үдерісінің жүруін зерттейтін бағыт (сала).
Петри табақшасы – эмбриондар, фолликулалар, сперматозоидтар жəне басқа
да зерттеу зерзаттарын жинақтауға (өсіруге) арналған, пішіні домалақ жəне жалпақ
болып келетін ыдыс.
263
Плазмида (ағ. plasmid) – бактерияларда хромосомадан бөлек кездесетін,
өздігінен репликациялана алатын, кішігірім сақина тəрізді ДНҚ молекуласы.
Пролиферация (лат. proles – бұын, ұрпақ, fero – алып жүремін, ағ.
proliferation) – бастапқы бар жасушалардың көбеюі арқылы жасушалар мен
ұлпалардың жаңадан пайда болуы.
Протопласт (гр. protos – бірінші, алғашқы, plastos – жасалған, ағ. protoplast) -
өсімдік жасушасы ішіндегі заттардың жалпы атауы; ферменттердің əсері немесе
механикалық əдістер арқылы қабығы түгел жойылған өсімдік жасушасы.
Партеногенез немесе ұрықтанбай даму (гр. parthenos – бұзылмаған, genesis
шығу тегі) – аналық жыныс жасушаларының ұрықтанусыз көбейіп, организмнің
түзілуі.
Патотоксин (гр. pathos – азап шегу, toxicon - у) – патогенді микроорганизмде
пайда болатын улы зат.
Плазмаген (гр. plasma - жасалған) – жасушаның ядродан тыс бөліктеріндегі
(митохондриялар мен хлоропластарда) генетикалық элементтердің жиынтығы.
Плацента (лат. placenta – күлше) – түйіндегі тұқым бүршігі пайда болатын
жəне орнығатын жері.
Плоидтылық (лат. ploos – еселі, eidos - түр) – көп жасушалы организмнің
барлық жасушаларында немесе жеке жасушасында болатын хромосомалар
жиынтығы; бір түрдің барлық дараларында бірдей болады.
Полиплоид (гр. polys – көп сан) – ядро, жасуша немесе организмдегі
хромосома жиынтығы санының гаплоидтық жиынтығына еселей көбеюі (екі есе,
төрт есе, т. с. с.).
Популяцияның екі есе көбею мерзімі (лат. – populus – жұрт, ел) – қоректік
ортада жасушалар жиынтығының екі есе көбеюіне қажет уақыт.
Прокариоттық жасуша (лат. – pro – ертерек, бұрын, алдында, гр. karyon -
жаңғақ) – мембранамен қоршалған, ядросы жоқ, қарапайым организмдер жасушасы
(бактериялар, көк-жасыл балдырлар)
Пролиферация (лат. – proles – буын, ұрпақ, fero – алып жүремін) – бастапқы
бар жасушалардың көбеюі арқылы жасушалар мен ұлпалардың жаңадан пайда
болуы.
Протопласт (гр. protos – бірінші, алғашқы, plastos – жасалған, protoplast) -
өсімдік жасушасы ішіндегі заттардың жалпы атауы; ферменттердің əсері немесе
механикалық əдістермен қабығы түгел жойылған өсімдік жасушасы.
Протопластарды өсіру (ағ. protoplast culture) протопластарды сұйық қоректік
немесе агарланған қою ортада өсіру; оның құрамына қосымша компонент ретінде
осмостық активті зат (стабилизатор) кіреді; протопластардың қабығы түзілгенде
протопластарды өсіру жасушаларды өсіруге айналады.
Протопластардың құйылысуы (ағ. protoplast fusion) екі, тіпті одан да көп
протопластардың сыртқы мембраналары қосылып, жеке бір жасушаның пайда
болуы.
Псевдогамия (гр. pseudos – жалған, gamos - неке) – жалған ұрықтану;
ұрықтанбаған аналық жасушасынан организмнің дамуы (гиногенез).
264
Плазмагендер сегрегациясы (ағ. plasma gene segregation) цитоплазмалық
гендердің ажырауы, мысалы: цитоплазмалық гетерозиготалардың митоздық көбею
үдерісіндегі гендердің ажырауы, бөлшектенуі.
Пипеткалар мен микропипеткалар – 1, 2, 3, 4 жəне 5 мл аспайтын аз
көлемді сұйықтықтарды өлшеп алуға арналған арнайы түтікшелер.
Плазмида – құрамына 10-30 мың жұп негіздер кіретін, жəне дөңгеленген ДНҚ
молекуласы өздігінен (автономды) екі еселену (репликация) қабілетіне ие,
хромосомодан тыс құрылым.
Р
Расса – экологиялық нəсіл, бір түр ішіндегі экологиялық оқшаулық, кейде
айтарлықтай
морфологиялық
айырмашылығы
болмайтын
организмдерге
қолданылатын таксономикалық атау.
Ревертаза (кері транскриптаза) (лат. reversion – қайта оралу) – кері
транскрипция жүргізетін, яғни РНҚ матрицасына ДНҚ-ның синтезін жүргізетін
фермент (РНҚ-ға тəуелді ДНҚ-полимераза).
Регенерант (лат. regeneratio – жаңғыру, қайта басталу, regenerated plant) - in
vitro жағдайында қоректік ортаға өсімдік жасушалары мен ұлпаларын өсіргенде
пайда болған өсімдік.
Редифференциялану (лат. re – əрекеттің қайта басталуы немесе қайталануы,
differentia – айырмашылық) дифференцияланған жасушалардың бір маманданған
жағдайынан басқа жағдайға ауысуы, бөліну арқылы немесе тікелей.
Рекомбинация (лат. re - ….,combination – қосылу) – ата-аналық екі ДНҚ
молекулалары арасында генетикалық материалдың алмасуынан пайда болатын
рекомбинанттық (будан) ДНҚ.
Репарация – ДНҚ тізбегіндегі физикалық немесе химиялық мутагендердің
əсерінен пайда болған мутациялық өзгерістердің жəне ДНҚ-ның қалыпты
репликациясында түзілген жаңылыстың арнайы ферменттер жүйесінің əсері арқылы
бастапқы қалпына келуі.
Репликация – ДНҚ-ның екі еселенуі. Митоз немесе мейоз жолымен бөлінер
алдында жасушаның ДНҚ-ы екі еселенеді, сондықтан да жаңа жасушалар бастапқы
жасушалардағыдай генетикалық информация алады.
Репликон – өздігінен екі еселенуге (репликация) қабілетті генетикалық
элемент.
Рестриктазалар (рестрикциялық эндонуклеазалар) (лат. Restrictio - шек
қою) – ДНҚ молекуласын белгілі нуклеотидтер аралығынан жеке үзінділерге
(фрагменттерге) бөлетін ыдыратушы фермент.
Ретровирустар – ревертаза немесе транскриптаза бар РНҚ-лы вирустар.
Рецессивтілік (лат. Recessus – шегіну, шығу) – будан жасушада ата-ананың
гендері болғанымен біреуінің гені білінбей қалады, яғни оның экспрессиясы
жүрмейді, ал екіншісінің гендерінің басқа гомологиялық гені (доминанттық) өз
белгісін айқындайтын құбылыс.
Реципиент – басқа аналықтың эмбрионын өз жатырында өсіретін ұрғашы
дара.
265
Рибозимдер – спецификалық комплементарлық мРНҚ байланысқаннан кейін
олардан спецификалық үлескілер ала алатын ферменттік белсенділігі бар РНҚ.
Ризогенез in vitro (лат. Recessus – шегіну, шығу) жасанды қоректік ортада in
vitro ұлпалардан тамырдын пайда болуы, дамуы.
тРНК – кодондардың амин қышқылдарымен байланысын қамтамасыз ететін
делдалдық қызметін атқаратын РНҚ.
С
Сайт (ағ. site - орын) – нуклеин қышқылының немесе ақуыздың нақтылы бір
жері.
Сандық биология – биология саласында алынылатын көптеген сандық
мəліметтерді сараптау мақсатында популяциялық статистика əдістерін қолдану.
Биологиялық зерттеулерде алынатын сандық көрсеткіштері вариациялық статистика
əдісімен өңделіп есептеледі.
Сары денешік – овуляциядан
кейін
фолликуланың
жасушалық
компоненттерінен түзілетін денелік зат.
Сегрегация (лат. Segregatio – айырылу, бөліп шығару) будан жасушалардағы
кейбір хромосомалардың жойылуына байланысты жаңа генотиптердің шығуы.
Секвенирлеу – ДНҚ-дағы нуклейн қышқылдарының қатар тəртібін анықтауға
арналған əдіс.
Серологиялық əдістер (лат. serum – қан сарысуы) иммунодиагностикалық
əдістер, организмнен тыс антигендер мен антиденелердің əрекеттесуі негізінде
жүретін реакциялар, анықтау сезімталдығы иммуноферменттік талдауға қарағанда
орташа.
Синонимдер – бір амин қышқылдарының бірнеше кодондары. Кейбір амин
қышқылдары бірнеше кодон арқылы ақуызға кіреді. Мысалы, лейцин, серин,
аргинин үшін 6-дан кодон бар. Оның есесіне метионин мен триптофан тек бір-бір
кодонның көмігімен ақуызда болады.
Синхронизация дəлдігінің шектелуі – донорлар мен реципиенттердің
жыныстық циклдары уақыттарының жəне жатырдың дайындығы мен эмбрионның
дамуының сəйкес келуі.
Сомаклондық өзгергіштік (гр. soma – дене, clon ұрпақ, бутақ, ағ. somaclone
variability) – өсімдік жасушаларының ядролық жəне органоидтық геномдарының
тұрақты еместігінен болатын фенотиптік өзгергіштіктер. Нақты мутациялардан
айырмашылығы – жиі кездесуі жəне өзгерістердің (геннің, хромосоманың,
геномның құрылысының өзгеруі) комплекстік түрде жүруімен айқындалады.
Сомалық (парасексуальдiк) будандастыру (гр. soma – дене, para – маңында,
жанында, фр. sexe – жыныс, ағ. somatic hibridization) – будандастырудың жыныстық
шағылыстыру жолынан басқа жолы. Мұндай жағдайда ата-аналық жасушалар
ретінде оқшауланған денелік (сомалық) протопластарды пайдаланады; қосылған
протопластардан, кейіннен, регенерация арқылы будан, тұтас өсімдіктер (ағзалар)
пайда болады.
Сомалық будан (ағ. somatic hybrid) – будан өсімдік немесе будан жасуша,
денелік (сомалық) жасушаларды будандастыру арқылы алынған.
266
Сомалық эмбриогенез (гр. embryon – ұрық, genesis – шығу тегі, ағ. somatic
embryogenesis) – ұлпаларды жəне жасушаларды қоректік ортада өсіргенде ұрық
тəрізді құрылымдардың түзілу үдерісі, табиғи жағдайдағы ұрықтың дамуына өте
ұқсас болады.
Сорғалаң (течка) – жыныс бездерінен, жатырдан жəне жатыр түтікшесінен
бөлінген шырыштардың көрініс беруімен аяқталатын, аналықтың жыныс
мүшелерінің қызарып, ісіну кезеңі.
Сперматозоид – өздігінен қозғала алатын жəне аналық жұмыртқаға ену
арқылы аталықтың тұқымдық ерекшелігін болашақ ұрпаққа беру қабілеттілігіне ие,
ұсақ, гаплоидты аталық жасушалары.
Сплайсинг (ағ. splice – тұтастыру, өріп қосу) – иРНҚ-ның транскрипциядан
кейінгі «пісіп» жетілуі, яғни информациясы жоқ өліктерінің (интрондардың) кесіліп
алынып тасталынуы жəне информациясы бар бөліктерінің (экзондардың) бір-
бірімен жалғасу үдерісі.
Стерилизациялау
– хирургиялық киімдерде, құрал-жабдықтар мен
зертханалық ыдыстардағы микробтар мен олардың спораларын жоюға бағытталған
жұмыстар.
Стерилизациялық блок – құрал-жабдықтарды стерильдеуге арналған орын.
Субпротопласт (лат. sub - астында) – протопластың бөлігі, цитоплазмалық
мембранамен қоршалған, құрамында кейбір органоидтары бар.
Суперовуляция – қосымша фолликулалар өсіп-жетілуі мақсатында, донор
аналығына гормоналды əсер ету тəсілі
Суперовуляцияланған ооциттер – экзогормондармен əсер ету арқылы донор
аналығынан алынған ооциттер.
Суперовуляциялану деңгейі – гормоналды егілген аналықтың бір циклінен
алынатын қосымша овуляциялардың мөлшерін білдіретін көрсеткіш.
Т
Тəжі тəрізді өсінді (ағ. crown gall) – қос жарнақты өсімдіктердің ісік ауруы,
жарақаттанған өсімдіктерде топырақ бактериясы Agrobacterium tumefaciens
инфекция əсерінен пайда болады.
Термостат – температураны бір қалыпта ұстап тұруға қажетті қондырғы.
Термостат–инкубатор – гаметалар мен эмбриондарды өсіруге жəне
гаметалардың табысты ұрықтануына жағдай жасалынған арнайы қондырғы.
Тотипотенттік (лат. totus – барлығы, тұтас, potencia - күш) өсімдіктердің
денелік (сомалық) жасушаларының өсуге қабілеттілігін толық көрсете алуы, яғни
ядродағы генетикалық информация негізінде организм түзу мүмкіндігінің іске
асырылуы.
Трансгенді хайуандар – ағзасына жат текті ДНҚ ендірілген тірі жан иелері.
Транскрипция – информациялық РНҚ-ның РНҚ тізбегінде түзілу үдерісі.
Трансляция – информациялық РНҚ молекуласындағы тізбектелген
триплеттер негіздерінің полипептидтік тізбектегі амин қышқылдар қатарына
аударылу механизмі. Трансляция үдерісінің болуы нəтижесінде ақуыздардың
синтезі жүреді. Трансляция кезінде амин қышқылдары полипептидтік байланыс
жасап, полипептид түзіледі.
267
Трансплант (лат. transplantation – көшіріп отырғызу) – жаңадан дайындалған
қоректік ортаға отырғызылған, өсіп тұрған каллустың бір бөлігі.
Трансплантант – эмбрион тасымалдау əдісі арқылы алынған жануар.
Транспозондар (жылжымалы генетикалық элементтер) (лат. transposition –
орын аустыру, ағ. transposon) – құрылымы жəне генетикасы жағынан жеке ДНҚ
бөлшектері; жасуша геномындағы орнын ауыстыруға қабілетті.
Трансформация (трансгеноз) (лат. transformation – айналу, trans – арқылы, гр.
Genos) – шығу тегі бөтен генетикалық информацияны жасушаға енгізу.
Триплоид, тетраплоид (лат. tres – үш, гр. tetra – төрт) – үш, төрт еселенген
хромосомалар жиынтығы бар ядро, жасуша, организм.
Тұқым бүршігі (тұқым бастамасы) ( ағ. ovule) – дəнді өсімдіктердің
түйініндегі жасушалық құрылымы, одан дəн өсіп жетіледі.
Түйін (ағ. ovary) – өсімдік гүлі аналығының төменгі, жуандаған қуыс бөлігі;
өсімдіктің аналық мүшесіндегі тұқым бүршіктері орналасқан бөлігі.
Тітіркенгіштік – жасушаның сыртқы əсерлерге жауап беру мүмкіндігі,
немесе сезімталдығы.
У
Универсальды блок – эмбриокультуральды зерттеулер жүргізуге қажетті
барлық құрал-жабдықтар мен қондырғылары бар, оқу аудиторияларымен жанаса
орналасқан, жеке бөлме.
Ұ
Ұрғашы реципиент – эмбриондардың (трансплантант) əрі қарай жетіліп-
дамуын қамтамасыз ету үшін, оны басқа (бөгде) ұрғашының жыныстық жолына
(жатырына) қондыруға арналған аналық (синонимдер: суррогатты шеше, өсіруші
аналық).
Ұрық қапшығы ( ағ. embrio sac) – аналық гаметофит, ұрық қалтасы гүлді
өсімдіктердің тұқым бүршігінің орталық бөлігі, мұнда жұмыртқа жасушалары өсіп
жетіледі де, ұрықтануы жүреді.
Ұрықтанған ооциттер – экстракорпориалдық ұрықтандыру жолымен немесе
жай ұрықтандырылған аналықтың жатырынан шайып алу арқылы алынып,
бағаланған ооциттар.
Ұрықтану сəйкессіздігі (ағ. fertilization incompatibility) – будандастыруға
алынған жұптар арасында ұрықтану үдерісінің жүрмеуі. Оның бірнеше себептері
болады.
Ұрықтанудан кейінгі сəйкессіздігі ( ағ. post fertilization incompatibility) –
ұрықтанудан кейінгі будан ұрықпен оны қоршап тұрған ұлпалардың генетикалық
сəйкессіздігі, оны ұрық дамуының барлық кезеңдерінде байқауға болады.
Ұрықты өсіру ( ағ. embrio culture) – толық жетілген жəне жетілмеген
ұрықтарды оқшаулап, залалсыздандырылған қоректік ортада өсіру.
Ф
268
Фенотип (гр. phaino – жариялаймын, typos - із, таңба, үлгі, қалып) –
организмнің сыртқы жəне ішкі белгілерінің жиынтығы. Сыртқы белгілердің
анықталуы генотиптегі бар жеке бір гендерге сəйкес болады, ол генотиптің жəне
орта факторларының өзара əрекеттесуінің нəтижесінде қалыптасады.
Фермент – катализатор қызметін атқаратын ақуыздардың ерекше түрі.
Фитоволитализация – топырақтағы
буланып
ұшатын
заттарды
экстракциялау мақсатында арнайы өсімдіктерді пайдалану.
Фитодеградация – органикалық ластаушы заттарды ыдырату мақсатында,
өсімдіктер мен арнайы іріктелініп алынған микроорганизмдер штаммдарын
пайдалану.
Фиторемидиация – қоршаған ортаны тазалау мақсатында өсімдіктердің
бойында ауыр металдарды тұтып қалу қабілетінің пайдаланылуы.
Фитостабилизация – арнайы өсімдіктерді пайдалану арқылы ластаушы
заттарды мейлінше қол жетпейтін дəрежеге (малодоступный) өткізу.
Фитофильтрация – топырақ суы құрамынан ауыр металдардың ертінділерін
сорып алу мақсатында өсімдік тамырын (ризофильтрация) жəне өскіндерді
(бластофильтрация) пайдалану.
Фитоэкстракция – металдарды жердің үстіндегі бөліктеріне (жапырақ, сабақ)
жинау қабілетіне ие өсімдіктерді пайдалану арқылы, топырақтың құрамындағы улы
заттардан тазарту.
Фолликула – ооциттің дамуын қамтамасыз ететін, аналық жұмыртқасының
денелік (сомалық) жасушасы.
Фолликулярлық фаза – фолликулалардың өсіп-дамуын қамтамасыз ететін,
ФСГ гормонының (фолликула стимульдеуші гормоны) белсенді қызмет ететін
кезеңі.
Фотолиз – жарық
энергиясының
көмегімен
жасыл
өсімдіктер
хлоропластарындағы сутегі молекуласының ыдырауы.
Фотореактивация – ультракүлгін сəулемен сəулеленген жасушалардың өмір
сүру қабілетінің жарықтың əсерінен қайта қалпына келуі.
Фюзоген ( ағ. fusion - қосылу) – протопластардың қосылуына ықпал ететін зат
(полиэтиленгликоль).
Х
Хайуандарды операцияға дайындау – операциядан кейінгі оңалу
мүмкіндіктерін неғұрлым арттыру мақсатында жүргізілетін дайындық жұмыстары.
Хайуандардың жыныстық жетілуі – еркек малдың ұрықтандыру, ал ұрғашы
малдардың ұрықтануға қабілеттілігі, яғни хайуандардың жыныстық жағынан
жетілген мерзімдері.
Химерлер – бірнеше хайуандар эмбриондарының бластомерлері ағзасына
ендірілген жануарлар.
Хромосома (chroma – түс, бояу, soma - дене) – жасуша мен вирустың гендер
жиынтығынан тұратын тұқым қуалаушылық материалы. Өзін-өзі құра алады,
құрылымдық жəне қызметтік дербестігі бар. Негізін ақуыздар мен (гистондар, т.б.)
қосылып нуклеопротеид түзетін үзіліссіз екі тізбекті ДНҚ молекуласы құрайды.
269
Хромосомалар сегрегациясы (ағ. chromosome segregation ) будан жасушалар
популяциясындағы кейбір х-хромосомалардың жойылып кетуі.
Хромосомалық мутация – хромосомалар құрылымының өзгеруінен
туындайтын өзгерістер. Хромосомалар жасушаның бөлінуі кезінде немесе əртүрлі
физикалық жағдайлардың əсерінен өзгеріске ұшырайды.
Хромосомалық мутациялар (лат. deletio – құрту, жою, inversio – төңкеру,
duplicatio - екі еселену, trans – арқылы өткізіп, location – орналастыру, transpositio -
орын ауыстыру) – хромосомалық өзгергіштік немесе аберрациялар. Оларға
жататындар:
- делеция – генетикалық материалдың бір бөлігінің жойылуы (бір
нуклеотидтен бірнеше гендерге дейін);
- инверсия – хромосома құрылымының бұзылуы, бір бөлігінде гендер 180º
айналып, кері орналасуына байланысты, хромосомалық мутацияға ұшырауы;
- дупликация – хромосоманың өзгеруі негізінде болатын геннің немесе
хромосома бөлігінің екі еселенуі;
- транслокация - бір немесе бірнеше хромосомалардың гомологтық емес
бөліктерінің алмасуы;
- транспозиция – хромосома бөлігінің сол хромосома ішінде, не басқа бір
хромосомаға ауысуы немесе ығысуынан болатын мутация.
Ц
Цитокинин ( гр. kytos – клетка, kynesis – қозғалу) – фитогормон, химиялық
тұрғыдан пурин туындылары, табиғи түрі зеатин, аналогтары: кинетин (6 –
фурфуриламинопурин), БАП (6 – бен зиламинопурин).
Цитоплазма – сұйық негізді зат – гиалоплазма мен онда орналасқан ядро
жəне əртүрлі органоидтар, қосындылардан тұратын жасушалық зат.
Цитопласт (ағ. cytoplast) – ядросы жоқ протопласт.
Ш
Шауқат флотациясы – қозғалғыштығы жақсы сперматозоидтармен
байытылған шауқат фракциясын алуға бағытталған əдістер жиынтығы.
Шəует қабылдағыш – қоңырау пішінді, ұш жағы пробиркаға ұқсап келген,
екі қабатты шыны əйнекшеден жасалынған ыдыс.
Шпигельмерлер – қалыпты D- формалы аптамерлердің дəл өзіне ұқсас, бірақ
кішкетай L- формалы көшірмесі.
Штамм (нем. Stamm – діңгек, негіз) – жасушаларды бірінші рет жаңа қоректік
ортаға көшіріп отырғызған соң түзілген жасушалар тізбегі. Олар бірнеше жасушалар
желісінен тұрады, барлығы да алғашқы өсірілген жасушалардан пайда болады.
Э
Экзогенді фактор – белгіге əсер ететін сыртқы жағдай.
Экзогормон – жануар ағзасына сырттан ендірілетін (бөтен) гормондар.
Экзон (ағ. expression - əйгілену) – құрылымдық геннің бөлігі, иРНҚ мен
ақуыздың полипептид тізбегінің құрамы туралы мəліметті сақтайды. Процессинг
270
кезінде лигаза ферменті экзондарды бір-бірімен жалғап, пісіп жетілген иРНҚ
түзіледі.
Эксплант (лат. ex – сыртында, тыс, plantare – ery, отырғызу, ағ. explant) –
мүшенің немесе ұлпаның бөлігі, оны жеке өсіруге немесе одан бастапқы каллус
алуға болады.
Экспрессия – транскрипция жəне трансляция арқылы жүзеге асатын, геннің
өзін байқатуы.
Экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) – гаметалардың ағзадан тыс жерде,
яғни зертханалық жағдайда ұрықтандырылуы.
Электрлі құрғатқыш шкафы – ыдыстарды ыстық ауамен кептіруге арналған
қондырғы.
Электропорация – жасуша мембранасында қосымша саңылауды өзін
инкубациялау немесе алғашқы каллусты алу үшін пайдалану.
Эмбриоид (гр. embryon – ұрық, eidos - түр) – ұрық тəрізді құрылым, сомалық
жасушаларынан пайда болады, дамиды.
Эмбриоинженерия – жануарлардың генетикалық бағдарламаларын, олардың
гаметасы мен эмбриондары деңгейінде өзгертуге бағытталған ғылым саласы.
Эмбрион тасымалдаудың хирургиядан тыс əдісі – эмбрион тасымалдау
жұмыстарының барысында, ұрғашы дараның жыныс мүшелелері ұлпаларының
бүтіндігіне зақым келтірмей, əртүрлі механикалық əдістермен жұмыс істеу.
Эмбрионалдық ұрпақ жасушалары, ES-жасушалары (ағ. embryonic
stemcells) – бластоцист сатысындағы эмбриондардың жасушалары, олар
жасушалардың кез келген типіне жетілуге қабілетті, оның ішінде бластоциста
сатысында басқа эмбрионға кіргізгенде ұрықтық желілері (линиялар) жасушаларына
айнала алады.
Эмбриональды индукция – дамып келе жатқан ағза бөліктерінің өзара əсері.
Мұнда бір бөлігі басқа бөлігімен əрекеттесіп, оның даму бағытын анықтайды.
Эмбрионəсіл (эмбриокультура) – гаметалар мен эмбриондардың тіршілікке
қабілеттілік ерекшеліктерін мейлінше сақтай отырып, олардың физиологиялық
қорларын мүмкіндігінше толықтай алуға бағытталған, мал шаруашылығында
қолданылатын биотехнологиялық əдіс.
Эмбриондар селекциясы – тасымалдауға арналған эмбриондарды екі класқа
бөліп, яғни, жарамды немесе жарамсыздарын айырып, сұрыптауға негізделген
принцип.
Эмбриондар тасымалдау (трансплонтация) – донор аналықтан эмбрионды
реципиент аналыққа көшіру əдісі.
Эмбриондар тасымалдаудың хирургиялық əдісі – аналықтың көбею
мүшелеріне жету үшін, оның ұлпаларының бүтіндігін бұзу (тілу) арқылы жүзеге
асырылатын, эмбрион трансплантациялау əдістері.
Эмбриондардың ағзаға сіңіп-өнуі – жалпы пайдаланылған санға шаққандағы
реципиент жатырына имплантацияланылған эмбриондардың салыстырмалы
көрсеткіші.
Эмбрионның биологиялық құндылығы – жаңа тіршілік иесінің туылуымен
аяқталатын, олардың қалыпты дами алуы.
271
Эмбрирондарды жуып алу – көбею мүшелерінен (фаллопи түтігі немесе
жатырдан) арнайы қоректік сұйықтықты пайдалану арқылы эмбриондарды алу əдісі.
Эндогенді фактор – ағзаның өз ішінде жинақталған, белгінің дамуына белгілі
дəрежеде əсер ететін, өзіндік жағдайлар.
Эндомитоз (гр. endon – ішінде, mitos – жіп) – ядро жəне жасуша бөлінбей,
ядро қабығы бұзылмай, бөліну жүйкесі түзілмей, жасуша ядросындағы
хромосомалардың екі еселенуі. Эндомитоз полиплоидтыққа əкеліп соғады.
Эндоредупликация (лат. reduplication – екі еселену) – хромосома түзуші
нуклеопротеидтік жіпшелер (хромонемалар) бірнеше есе көбейіп, өте үлкен алып
(полигендік) хромосомалардың түзілуі.
Эндосперм (гр. endon – ішінде, sperma – тұқым) - өсімдік дəнінде ұрықтың
алғашқы өсуіне қажет қоректік заттар жиналатын ұлпа.
Эпигенетикалық өзгергіштік (гр. ері – үстінде, genos – шығу тегі, туыс) –
онтогенезде тұтас геном құрылымы сақталып, ал гендер активтілігінің тұқым қуалай
өзгеруі.
Эстроген – ФСГ мен ЛГ гормондарының белсенділігін реттейтін гормон.
Эукариот жасушасы (гр. eu – жақсы, толық, karyon – жаңғақ, жаңғақтың
дəні) – жасуша ядросы жəне органеллалары (митохондриялар, пластидтер)
мембранамен қоршалған жасуша, жоғары сатыдағы организмдерге тəн.
Я
Ядролық клондау (ағ. nuclear cloning) – бекітілген диплоидтық денелік
(сомалық) ядролы, ядросыз жұмыртқадан тірі организмді алу.
Ядролық сегрегация (ағ. nuclear segregation) – гетерокариоциттердің көбею
үдерісі кезінде ата-аналардың біреуінің ядросының жойылуы (өлуі).
272
Қысқартылған сөздер анықтамасы
АВМ (АВС) – антивакцина мағыналы
АИЧ (ВИЧ) адамдардың иммундық жетіспеушілігі
АҚШ – америка құрама штаттары
БАЗ – биологиялық активті заттар
БСҰ – бүкілəлемдік сауда ұйымы
БДСҰ– бүкілəлемдік денсаулық сақтау ұйымы
ББС – буаз бие (қаны) сарысуы
ГСК – ген сəйкестілігінің комплекстері
ГФ – газды фазалы
ГСФ – газды сұйқ фазалы
ГМ – генетикалық модификацияланған
ДНҚ – дезоксирибонуклейн қышқылы
ЕПА – етті-пептонды агар
ИКЖ – иммунокомпонентті жасушалары
ИЛ-1, 2,3,4 жəне т.б. интерлейкиндері
иРНҚ – информациялық РНҚ
КЦМ – карбоксилметилцеллюлоза
кДНҚ – дезоксирибонуклейн қышқылы кітапханасы
ОХҚ – оттегіне химиялық қажеттілік
ОБҚ – Оттегіне биохимиялық қажеттілік
ПААГ – полиакриламид гелі
ПЭГ – полиэтиленгликоль
ПТР – полимеразды тізбектік реакциясы
ПААГ – полиакриламид гелі
СФ – сұйық фазалы
РМК – республикалық мемлекеттік кəсіпорны
РНҚ – рибонуклейн қышқылы
рДНҚ – рекомбинантты ДНҚ
мРНҚ – матрицалық РНҚ
ТМД – тəуелсіз мемлекеттер достастығы
ЭЕМ –электронды есептеуіш машинасы
ҰБО – ұлттық биотехнология орталығы
(А)– аденин
(Т) – тимин
(Г) – гуанин
(Ц) – цитозин
273
ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Антипова Л.В., Глотова И.А., Жаринов А.И. Прикладная биотехнология. М.,
Изд-во ГИОРД, 2003, -228 с.
2. Артамонов В.И. Сельские профессии биотехнологии., М., изд-во МСХА.,
1992 г., 126 с.
3. Аубакиров Х.А., Қарынбаев А.Қ., Биометрия. /Оқу құралы, «Нұрлы Бейне»
Шымкент., 2011 ж. 180 б.
4. Бабенков В.Ю. Получение двоен крупного рогатого скота с использованием
биотехнологических методов / Уч. зап. Витебской гос. акад. вет. медицины,
2000. – т. 36, ч. 1. – С. 126-127.
5. Бабенков В.Ю., Кыса И.С., Сивая Н.Н., Бабенкова Л.В. и др. Дисекция
деконсервированных эмбрионов. // Мат. межд. науч.-практ. конф. Актуальные
проблемы интенсивного развития животноводства». – Горький, 1996. – С. 132-
134.
6. Баева А.А. Биотехнология / - М.: Наука. - 1984. - 309 с.
7. Безбородов А.М. Биохимические основы микрорбного синтеза – М.: Легкая
и пищевая промышленность. 1984. - 304 с.
8. Валиханова Г.Ж. Биотехнология растений, Алматы, “Қонжық” 1996, 272 с.
9. Валиханова Г.Ж., Рахимбаев И.Р. Культура клеток и биотехнология
растений. Алма-Ата, Изд-во КазГУ, 1989.-80 с.
10. Гапанов К.П. Процессы и аппараты микробиологических производств. -
М.: Легкая и пищевая промышленность. 1981. - 240 с.
11. Джамалова Г.А. Биотехнология животных. Алматы., Агентство
«Маматай»., 2004., 294 с.
12. Егоров Н.С., Олескин А.В., Самуилов В.Д. Биотехнология. Проблемы и
перспективы. М., т.1, 1987. 459 с.
13. Елинов Н.П. Основы биотехнологии. Издательская фирма «Наука», СПб,
1995 г., 600 с.
14. Есырев О.В., Ережепов А.Е. Медициналық жəне ветеринарлық
биотехнология. Типтік оқу бағдарламасы., 3 кредит (135 сағат), Алматы,
КазМУ.
15.Жубанова А.А. Основы биотехнологии. Т.1. -Алматы: КазГУ, 1994. -54 с
16. Жубанова А.А. Шигаева М.Х. Микробиологические основы переработки
молоуной сыворотки.- Алматы. Мектеп, 1996. -184 с.
17. Жұбанова А.А, Абдиева Г. Ж, Шөпшібаев Қ.К. Биотехнология негіздері.
Алматы., «Қазақ униветситеті», 2006.,-110 б.
18. Жұбанова А.А. Биотехнологиялық өндірістің негіздері. Типтік оқу
бағдарламасы., 3 кредит (108 сағат) Алматы, КазМУ.
19. Жұбанова А.А., Хожамуратова С.Ж.,Заядан Б.К. Тағам биотехнологиясы.
Типтік оқу бағдарламасы., 3 кредит (135 сағат), Алматы, КазМУ.
20. Жұбанова А.А., Шупшибаев К.К. Экологиялық биотехнология. Типтік оқу
бағдарламасы., 3 кредит (135 сағат) Алматы, КазМУ.
21. Иващенко А.Т., Уəлиханова Г.Ж. Клеткалық биотехнология. Типтік оқу
бағдарламасы.. 3 кредит (135 сағат) Алматы, КазМУ.
274
22. Каравайко Г.И., Кузнецов С.И., Голонзик А.И. Роль микроорганизмов в
выщелавичивании металлов из руд. М., Наука. 1972. 248 с.
23. Мальцев П.М. Технология бродильных призводств. М.,1980, 356 с.
24. Манаков М.Н., Победимский Д.Г. Теоретические основы технологии
микробиологических производств: -М.: Агропромиздат. 1990. - 272 с.
25. Петр С.Д. Основы культивирования микроорганизмов и клеток. М.:Мир,
1978. 350 с.
26.Пехов А.П. Биология с основами экологии. Санкт-Петербург, 2001., -С.
602- 630.
27. Райнина Е.И., Бачурина Р.П., Махлис Т.А. Идр. Биотехнология. М.,1986,
№4. -С.65-70.
28. Сассон А. Биотехнология: свершения и надежды. М., Мир 1987.- 411 с.
29. Сеитов З.С. Биохимия, Алматы. Изд-во “Агроуниверситет”, 2000. 897 с.
30. Тойшибеков Е.М., Жансугурова Л.Б. Жануарлар биотехнологиясы. Типтік
оқу бағдарламасы., 3 кредит (135 сағат), Алматы, КазМУ
31. Тұрашева С.Қ. Клеткалық Биотехнология негіздері. Оқу құралы., Алматы.,
«Қазақ университеті», 2009.,-123 б.
32. Уəлиханова
Г.Ж. Өсімдік
биотехнологиясы. Оқулық., ЖОО
қауымдастығы., Алматы., 2009., -335 б.
33. Уəлиханова Г.Ж. Өсімдік биотехнологиясы. Типтік оқу бағдарламасы., 3
кредит (45 сағат) Алматы, КазМУ
34. Уолкер Ш. Биотехнология /Путеводитель/. Перевод с английского И.В.
Серегина, А.Д. Кожевниковой. Москва, Изд. «Экомо», 2008.,335 с.
35. Хиггинс И., Беста Д. Биотехнология, принципы и применение. /Перевод с
англ. Антонова А.С./ Москва, Мир., 1988 г., 479 с.
36. Шевелуха В.С. Сельскохозяйственная биотехнология. Учебник для
студентов вузов.
37. Шығаева М.Қ., Қасымбекова С.Қ. Микроорганизмдер биотехнологиясы.
Типтік оқу бағдарламасы.. 4 кредит (180 сағат) Алматы, КазМУ.
38. Шупшибаев К.К. Производства на основе иммобилизованных
биокатализаторов: Учебно-метдичсекое
пособие, -Алматы: Қазақ
университеті, 2004. -99 с.
39. Элемент. Научно-популярный журнал. Наука и инновации. Алматы,
№02/08/, апрель 2011, -с.8-11.
275
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
3
Биотехнология жəне оның басқа ғылым мен өндіріс
салаларымен байланысы
5
І тарау ГЕНДІК ИНЖЕНЕРИЯ НЕГІЗДЕРІ
1. Биотехнология ғылымының бастауы – гендік
инженерияның пайда болуы мен дамуы
9
9
2.
Гендік инженерия əдістерінің мазмұны
11
3.
Гендік инженерияны қолдану əдістері
13
3.1 Рекомбинантты ДНҚ молекуласын конструкциялау
17
3.2 Рекомбинантты ДНК молекуласын (рДНК)
жасушаға ендіру
19
3.3 Гендік инженериясының практикалық
маңызы
20
4. Биологиялық инженерия жəне оның маңызы
21
ІІ
тарау
ЖАСУШАЛЫҚ ИНЖЕНЕРИЯ НЕГІЗДЕРІ
1. Жасушалық инженерияның пайда болуы мен дамуы
24
24
2. Тірі жасушаларды өсірудің негізгі бағыттары
25
3. Денелік (сомалық), ұрықтық жəне діңгек жасушалары
26
3.1 Денелік жасушалары
26
3.2 Ересек діңгек жасушалары
27
3.3 Эмбриональдық діңгек жасушалары
30
3.4 Эмбриональдық діңгек жасушаларының желісін
жасау
31
4. Жасушаларды клондау
33
4.1 Адам
жəне
жануарлар
жасушаларын
биотехнологияда пайдаланудың маңызы
35
4.2 Жасушалық биотехнологияның болашағы жəне даму
бағыттары
36
ІІІ
тарау
АҚУЫЗДЫҚ ИНЖЕНЕРИЯ НЕМЕСЕ ПРОТЕОМИКА
НЕГІЗДЕРІ
40
1. Ақуыздар құрылымы
40
2. Ақуыз фолдингі
43
3. Протеолиз немесе ақуыздың ыдырауы
45
4. Ақуыз типі мен оның қызметі
47
5. Биоинженерлік жүйелердегі ақуыздың қате фолдингі
мүмкіндігін төмендету
47
ІV
тарау
ИНЖЕНЕРЛІК ЭНЗИМОЛОГИЯ ЖƏНЕ ИММУНОЛОГИЯ
НЕГІЗДЕРІ
1.
Иммобильденген ферменттер дайындау
50
50
2. Иммундық жүйе туралы түсінік
51
3. Антигендер мен антиденелер
53
4. Моноклональды антидене (гибридома) алудың маңызы
55
5.
Антисарысу (антисывортока) жəне нанодене (нанотело)
алудың маңызы
58
276
6.
Антидене кітапханасын жасақтау
59
V
тарау
ӨНЕРКƏСІПТІК БИОТЕХНОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ
61
1. Микроорганизмдер қолданылатын өндірістер түрлері
61
2. Органикалық қосылыстар трансформациясы жəне оның
өнімдері.
63
3. Микроорганизмдерді өсіру принциптері
66
4. Ферментация үдерісінің соңғы өнімін бөліп алу
68
5. Халық шаруашылығында қолданылатын
биореакторлардың түрлері
71
6. Ферментерлердегі
ауаның
микроорганизмдерден
тазартылуын қадағалау
77
7. Қажетті микроорганизмдердің табиғи шатаммдарын
селекциялау
78
8. Спирттік ашу үдерісінің өнімдері
8.1 Этанол жəне лимон қышқылдарын алу
80
81
9. Сүт қышқылының ашу үдерісі жəне оның өнімдері
9.1 Сүт қышқылы ашу үдерістерінің негізі
9.2 Сүт өнімдерін алудағы технологиялық үдерістерге
қойылатын талаптар
9.3 Сүт өнімдерінің түрлері
82
82
83
85
10.
Ақуыздарды микроорганизмдер синтезі жолымен алу
87
10.1 Қажетті ақуыз түзуші микроорганизмдер
штаммдарының тұрақтылығы
87
10.2 Микроорганизмдерден
ақуыз
өндірудің
практикалық маңызы
88
10.3 Ашытқылардан ақуыз өндірудің маңызы
89
10.4 Ақуыз өндірудегі бактериялардың маңызы
90
10.5 Микроскопиялық зең саңырауқұлақтар мен
балдырлардың ақуыз өндірудегі маңызы
90
11.
Биотехнологиялық жолмен тағам өнімдерінің
құнарлығын арттыру
91
VІ
тарау
БИОТЕХНОЛОГИЯ
ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ
МЕДИЦИНА
САЛАСЫНДА ҚОЛДАНЫЛУЫ
96
1. Биотехнология жетістіктерін медицинада қолданудың
маңызы
96
2. Биологиялық белсенді (активті) қосылыстарды алу
97
2.1 Дəрумендер мен амин қышқылдарын өндіру
98
2.2 Ферменттер өндіру
99
2.3Жасушалық ферменттер ішінен қажетті
биореагенттерді анықтау
102
2.4 Ферменттер модификациясы жəне оларды алу
əдістері
104
2.5 Екінші реттік метаболиттер өндірісі
106
3. Рекомбинантты ДНҚ өнімдерінің медицинада қолданылуы 109
277
3.1 рДНК-технологиясы
арқылы
бактериальды,
ашытқы
жəне
сүтқоректілер
жасушаларында
ақуыздар түзу əдістері
112
4. Ақуыз терапиясына альтернативті жаңа технологияларды
медицинада қолданудың мүмкіндіктері
114
4.1 Ақуыз терапиясы жəне ақуыздардың қате
фолдингі
114
4.2 Рибозимдерді вирустық инфекция мен ісік ауруын
емдеуде қолдану
115
4.3 Адам эмбрионының ДНҚ реттілігін анықтау
117
4.4 Гендегі мутацияларды анықтау
117
4.5 Бактериялар, вирустар мен саңырауқұлақтар
ДНҚ-ын анықтау
118
5. Трансгенді хайуандардан алынатын дəрмектік өнімдер
119
6. Трансгенді өсімдіктерден дəрмектік өнімдер дайындау
120
VІІ
тарау
БИОТЕХНОЛОГИЯ
ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ПАЙДАЛАНЫЛУЫ
124
ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ БИОТЕХНОЛОГИЯ
ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
124
1. Биотехнология əдістерін өсімдіктер селекциясында
пайдалану
125
2. Жекелеген өсімдік ұлпаларын жасанды қоректік ортада
өсіріп-көбейту
126
3. Биотехнология
жетістіктерін
өсімдіктер
өнімділігін
жоғарылатуда пайдаланудың маңызы
130
3.1 Ұлпалық жəне жасушалық дақылдарды пайдалану
130
3.2 Протопластарды біріктіру
132
4. Жасушалық,
генетикалық
жəне
хромосомалық
инженерияның
өсімдіктердің
жаңа
сұрыптарын
шығарудағы маңызы
4.1 Жасушалық инженерияны өсімдіктердің жаңа
сұрыптарын шығаруда қолдану
4.2 Генетикалық инженерияны өсімдіктердің жаңа
сұрыптарын шығаруда қолдану
4.3 Геномдық жəне хромосомалық инженерия
əдістерін фитобиотехнологияда қолдану
132
132
134
135
4.4 Генетикалық модификацияланған (ГМ) өсімдік
өнімдерін алу
137
5. Өсімдіктердің бейімділік қабілеттіліктерін арттыру
5.1 Өсімдіктердің гербицидке төзімділігін арттыру
139
139
5.2 Өсімдіктердің зиянды жəндіктерге төзімділігін
арттыру
140
5.3 Өсімдіктердің патогендерге жəне дақылды
өсімдіктердің
жалпы
төзімділік
қасиеттерін
арттыру
141
278
5.4 Дақылды өсімдіктердің құнарлығын арттыру
142
5.5 Ұрықтық өнімдерді бақылау
143
6. Өсімдіктерді қажетті азотпен қамтамасыз ету шаралары
144
МАЛ
ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ
БИОТЕХНОЛОГИЯ
ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
145
1. Биотехнологияның мал шаруашылығында қолданылу
мүмкіндіктері
145
2. Мал шаруашылығында қолданылатын биотехнологиялық
əдістер
146
3. Биоинженерияны мал шаруашылығында қолданудың
пайдасы мен қауіпті тұстары
150
4. Хайуандар жасушаларын гибридизациялау əдістері
152
5.
Микрохирургиялық əдіс арқылы ірі қараның
монозиготалы егіздерін алу əдісі
155
6. Мал азығын дайындауда биотехнология жетістіктерінің
пайдаланылуы
157
VІІІ -
тарау
БИОТЕХНОЛОГИЯ
ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ
ЭНЕРГИЯ
КӨЗДЕРІН ТОЛЫҚТЫРУ МАҚСАТЫНДА ҚОЛДАНЫЛУЫ
163
1. Энергия
көздерін
алуда
жасыл
өсімдіктердің
фотосинтездік қабілетін пайдалану
163
2. Майлы өсімдіктерді жанар-жағар май алуда пайдалану
164
3. Энергия көздері ретінде сутегін пайдалану
165
4. Биогаз өндірудің маңызы
166
5. Биогазды өндірудегі метандық ыдырау үдерістерінің негізі
168
6. Биогаз алуға арналған қондырғылар
171
ІХ
тарау
ТАУ-КЕН ӨНДІРІСІ САЛАСЫНДАҒЫ БИОТЕХНОЛОГИЯ
ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
174
1. Металлургияда қолданылуы
174
2. Көмір өндірісінде қолданылуы
176
3. Биогеотехнология жетістіктерін көмір шахталарындағы
метан газынан арылтуда пайдалану
177
4. Мұнай өндіруде қолдану
178
Х
тарау
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БИОТЕХНОЛОГИЯ
180
1. Қазақстандағы қоршаған ортаның экологиялық мəселелері
181
2. Биотехнологиялық үдерістерді өндіріс жəне тұрмыстық
қалдық суларын тазартуда пайдалану
183
3. Қоқыс қалдықтарын биотехнологиялық жолдармен тазарту
186
4. Ғарыштық биотехнология
188
5. Қазақстандағы биотехнология ғылымының негізгі
бағыттары мен болашағы
189
СОӨЖ тапсырмалары
194
Тест сұрақтары
196
279
Терминдер сөздігі
Қысқартылған сөздер анықтамасы
Əдебиеттер тізімі
247
272
273
280
Хамит Əбілғазыұлы Аубакиров
БИОТЕХНОЛОГИЯ
Оқулық
Редакторы Ə. Ережепов
Басуға 18.08.2011ж. қол қойылды. Формат 60×90.
Қағазы офсеттік. Қаріп түрі «Таймс». Көлемі 23,0 б.т.
Таралымы 1400 дана. Тапсырыс № 1249.
Тапсырыс берушінің дайын файлдарынан басылып шықты.
ЖШС РПБК «Дəуір», 050009,
Алматы қаласы, Гагарин д-лы, 93а.
E-mail: rpik-dauir81@mail.ru
Document Outline - 26-сурет. Биореакторлардың көп таралған түрлерінің ыдыстары (резервуарлар)
- 26-сурет. Биореакторлардың көп таралған түрлерінің ыдыстары (резервуарлар)
- 26-сурет. Биореакторлардың көп таралған түрлерінің ыдыстары (резервуарлар)
- B) калий, кальций, мыс;
- B) калий, кальций, мыс;
- C) пептидтік байланыстың түзілуінен;
Достарыңызбен бөлісу: |