Терминдер сөздігі
Автоклав – құрал-саймандарды ыстық бу мен жоғары қысым арқылы
стерилдейтін қондырғы.
Адвентивтік бүршік (лат. аdventicius – келімсек, бөтен, бөгде) – қосалқы
бүршік. Əдеттегідей өсу нүктесінің ұлпаларынан емес, олардан өзгеше ұлпалардан
пайда болады.
Ақуыздар – амин қышқылдарының қалдықтарынан тұратын жоғары
молекулалы биологиялық полимерлер. Ағзадағы барлық дерлік биологиялық
қызметтерге қатысады.
Ақуыздың бірінші реттілік құрылымы – ақуыздың бірінші реттік
құрылымында амин қышқылдары ретімен бір-бірімен ұзын тізбек құрып
орналасады. Қандай да бір ақуыздың бірінші реттік құрылымындағы амин
қышқылдарының ретімен орналасуы, басқа ақуыз молекуласында қайталанбайды.
Ақуыздың екінші реттік құрылымы – полипептид тізбегінің оралып,
шумақталып, сприаль немесе белгілі бір конформация түзу тəсілі. Бұл полипептид
тізбегінің жəне бөліктерінің арасында сутектік байланыстардың түзілуі нəтижесінде
пайда болады. Екінші деңгейдегі құрылымды сутектік байланыстар қамтамасыз
етеді.
Ақуыздың үшінші реттік құрылымы – ең күрделі құрылым. Үшінші реттік
құрылым екі пішінді болады. Глобулярлы жəне фибриллярлы. Үшінші реттік
қүрылым түзілуі кезінде амин қышқылдарының гидрофобты радикалдары ақуыз
молекуласының ішіне қарай жымырылып, ал гидрофильді радикалдары сыртқы
бетіне орналасады. Үшінші реттік құрылым түзу кезінде ақуыз молекуласы оралып
шиыршықталып, жинақталады.
Ақуыздың төртінші реттік құрылымы – бұл құрылым бірнеше
полипептидтік тізбектен тұрады жəне ақуыз молекуласына тəн əрбір полпептидтік
тізбектің 1,2,3 деңгейдегі құрылымы бар. Төртінші реттік құрылым гемоглобинге
тəн, ол 4 полипептид тізбегінен жəне 4 геннен тұрады.
Аллель (гр. аllelon – бір-бірін, өзара ағ. аllelе) – геннің бірнеше баламалы
формаларының бір түрі.
Альбинизм (лат. аlbus – ақ ағ. albinism) – организмнің өзіне тəн пигментінен
айырылуы, ақ түсті ағзаның пайда болуы.
Амфидиплоид (гр. аmphi – айнала, жанында; diploos – қос; eidos – түр, ағ.
amphidiploid) – түраралық будандастыру нəтижесінде екі диплоидтық хромосомалар
жиынтығы қосылады да (2n × 2=4n), будан организм (жасуша) пайда болады. Оны
аллотетраплоид деп те атайды, себебі хромосомалардың диплоидтық екі жиынтығы
да екі бөтен түрлерден дарыған.
Аналық бездер (яичники) – аналық жұмыртқасы мен жыныстық
гормондарын (эстроген, прогестерон) бөлуді, яғни екі қызмет атқаруға қатысатын,
кішігірім келген жұп мүшелер.
Аналық жұмыртқа (яйцеклетка) – сперматозоидпен қосылып, эмбрионның
бастамасы болуына дайын, үлкен əрі қозғалыссыз болып келетін, ұрғашы дараның
гаплоидты жыныстық жасушасы.
248
Андрогенез in vitro ( лат. аndros – еркек; гр. genesis – тегі, ағ. in vitro
androgenesis) – аталық гаметофитті жасанды қоректік ортада ( in vitro) өсіргенде, тек
қана аталық хромосомалар жиынтығы бар өсімдіктің пайда болу үдерісі.
Андрогормондар – шауқат (сперматозоид) гармондары.
Анеуплоид ( гр. аn – бір нəрсенің немесе құбылыстың болмауы, eu – жақсы,
əбден; ploos – еселі; eidos – түр, ағ. aneuploid) – ядро, жасуша, организм
хромосомалар жиынтығының (кариотиптің) бір немесе бірнеше хромосомаға артуы
не кемуі. Мысалы, диплоидтық хромосомалар жиынтығы жалғыз бір хромосомаға
кемісе – моносомик, бір жұп хромосомалары жойылса – нуллисомик деп аталады.
Антигендер ( лат. аnti – қарсы, қарама-қарсы, гр. genos – туыс, шығу тегі, ағ.
antygene) – иммундық жүйеде антиденелерді түзуді қоздыратын ақуыздар,
антигендер антидене түзетін затпен арнайы өзара байланысуға қабілетті.
Антидене (антитело) – иммундық жүйемен шығарылатын ақуыздар, олар
бөтен патогендік агенттердің, ақуыздардың (антигендер) əсерін тежейді.
Антисарысу (ор. сыворотка) – бөтен агенттерге қарсы антиденесі бар
иммунизацияланған жануар мен адамның сарысуы.
Антральды фолликула (екіншілік фолликула) – антромумды, яғни
құрамында ооциті бар митоздағы профаза І фазасының пахинема кезеңіндегі
фолликуласы.
Апикальдық меристеманы өсіру ( лат. apex – ұшы, гр. meristos – бөлінетін,
ағ. apical meristem culture) – өсу конусының ең жоғары ұшынан бір немесе екі
алғашқы жапырақ бастамасы бар оқшауланған бөлігін залалсыздандырылған
қоректік ортада өсіру.
Апикальдік басымдылық ( лат. apex – ұшы, dominans – үстемділік,
басымдылық) – бұтақтың жоғары жағында, ұшында орналасқан бүршіктің төменгі
жанама бүршіктердің өсуін тежеуі.
Апогамия (апогаметия) – (гр. apo - бір нəрсенің немесе құбылыстың
болмауы; gamos - неке) – апомиксистің бір түрі. Гаметалар түзілмейді, сондықтан
ұрық аналық синергидтерден пайда болады.
Апомиксис ( гр. аpo – бір нəрсенің немесе құбылыстың болмауы; mixis –
араластыру, ағ. apomixis) – организмдердің жыныссыз жолмен пайда болған ұрықтар
арқылы көбеюі.
Аптамерлер – ағзада тұрақты түрде сақталатын жəне спецификалық нысана –
ақуыздарымен
тіркесе
байланысқан, өз
ретімен
орналасқан
бірнеше
нуклеотидтерден ғана тұратын бір үзікті (цепьті) кішкене олигонуклеотидтер.
Асептика – жараға жанасатын барлық құрал-саймандарды арнайы тазалау
арқылы хирургиялық инфекцияларға жол бермеу тəсілі.
Асептикалық жағдай ( гр. а – бір нəрсенің немесе құбылыстың болмауы;
septikos – шірік, ағ. aseptic conditions) – толық залалсыздандырылған жағдай (іріп-
шіру болмауын, шірімеуді қамтамасыз етеді).
Аталық – донор аналығын ұрықтандыруға арналған еркек жынысты ағза.
Аталық жұмыртқасы (енек) – енек дорбасында орналасқан, домалақ немесе
сопақша пішінді, сперматозоид жəне тестестерон бөліп шығаратын аталық жыныс
бездері
249
Ауксин (гр. auxo - өсіремін) – индол тобына жататын фитогормондар жəне
олардың туындылары: β-индолил-3-сірке қышқылы (ИСҚ), индолилмай қышқылы
(ИМҚ), нафтилсірке қышқылы (НСҚ), 2,4-дихлорфеноксисірке қышқылы (2,4-Д),
жəне т. б.
Ауксотрофтық жасуша (гр. auxo - өсіремін, trophe – қоректену) – қалыпты
(прототрофтық) жасуша қажет етпейтін, өзінің бөлініп өсуі үшін сыртқы ортаның
қосымша бір факторын талап ететін жасушалар.
Ауткроссинг – генетикалық модификацияланған (ГМ) өсімдіктердегі
генетикалық өзгеріске (модификацияға) ұшыраған гендердің жақын маңда өсіп
тұрған жабайы туыстастарына немесе түр ішіндік топтары мен сұыптарына
спонтанды (бақылаусыз) түрде ауысып (миграция) кетуі.
Б
Бағдарламалы мұздату (ағ. program ed freezing) – алдын ала жасалған
бағдарлама бойынша сұйық азот буын қосып немесе құрғақ мұз арқылы, арнайы
қондырғыларда жасушаларды мұздату.
Бактериофаг – бактерияларда паразиттік тіршілік ететін вирустар.
Басымдылық (лат. dominans – басым, үстемдік етуші) – будан жасушада не
аталық, не аналық геномының біреуінің гені экспрессияланып, қызметі белсенді
болып айқындалса, екіншісінің гомологтық гені бола тұра оның белгісі білінбейді,
яғни оның экспрессиясы өтпейді.
Беккрос (ағ. back – кері қарай, cross - будандастыру) – қайыра будандастыру,
буданды аталық немесе аналық форманың біреуімен қайта будандастыру.
Бикс – стерилді құрал-саймандар мен киімдерді сақтауға арналған, тығыз
жабылып, аузы тартпаланатын никельденген металдан жасалған қобдиша.
Биогаз (гр. bios – тіршілік, ағ. biogase) – субстраттың анаэробтық ашуы
нəтижесінде түзілетін газ, ол негізінен метаннан (60%), көмірқышқыл газдан (35-
40%) жəне басқа газдардың аз мөлшерінен: күкірт, сутегі (2%-ға дейін) тұрады.
Биоқауіпсіздік (гр. bios - тіршілік) – табиғи немесе гендік инженериялық
түрлендірілген биологиялық нысандарда жəне олардан алынған өнімдерде болатын
улы жəне аллергиялық заттар мен қосылыстардың зиянды, өмір мен денсаулыққа
қауіпті əсерінен адам, қоғам, өркениет жəне қоршаған ортаның қорғалу күйі.
Биомасса – беттің бірлігіне немесе тұрған жерінің көлеміне сай бір түрдің
дараларының, түрлер тобының немесе толық қауымдастықтардың жалпы массасы.
Биореагенттер – жасуша ішінде, немесе сыртында өтетін əртүрлі үдерістерге
химиялық реагенттер ретінде пайдаланылатын, тірі жасушалардың өнімі болып
табылатын химиялық қосылыстар.
Биореактор (ферментер) – (гр. bios – тіршілік, ағ. reactor - құрылығы) –
биотехнология өндірісінде микроорганизмдерді, өсімдік жəне жануар жасушаларын
өсіру үшін қолданылатын қондырғы.
Биоремидиация – қоқыс өңдейтін орындарда немесе ластанған ортада
жиналатын химиялық (улы) қалдық заттарын, қауіпсіз немесе қаіпсіздігі
төмендетілген заттарға айналдыру мақсатында арнайы микроорганизмдерді
пайдалану.
250
Биотехнология (гр. bios – тіршілік, techne - өнер, шеберлік, logos – ғылым, ағ.
biotechnology ) – экономикалық жағынан тиімді де маңызды заттар өндіру жəне
жоғары өнімділігі бар микроорганизмдер штаммдарын, өсімдіктердің сорттары мен
формаларын, жануарлардың асыл тұқымдарын шығару үшін биологиялық үдерістер
мен арнайы зерзаттарын пайдалануға негізделген ғылым мен өндірістің жаңа
саласы.
Биотехнология жаңаша – генді-инженериялық жəне жасушалық əдістермен
генетикалық трансформацияланған (түрлендірілген) өсімдіктердің, жануарлардың,
микроорганизмдер мен вирустардын əртүрлі бағытқа арналған жаңа өнімдерін алу
мен өндірісті интенсификациялау мақсаттарында пайдалану жөніндегі ғылым.
Биотрансформация (гр. bios – тіршілік, лат. trans formatio – айналу) –
қоректік ортада өскен жасушалардың ферменттері қатысуымен арзан жəне қоры мол
бастапқы заттардан биологиялық активті қосылыстарды синтездеу (биологиялық
жолмен бір затты басқа затқа айналдыру).
Будан асимметриялық (ағ. hibrid asymmetric) – аталық жəне аналық ретінде
қосылысқан жасушалардың біреуінің ядролық гендерінің толық жиынтығымен
қатар екіншісінің тек цитоплазмалық гендерін қабылдаған будан жасуша.
Будан гетероплазмалық (гр. heteros – басқа, plasma – құрылған, түзілген, ағ.
hybrid heteroplasmic) – цитоплазмалық гендері (плазмагендер) бойынша
гетерозиготалық будан жасуша.
Будан цитоплазмалық (цибрид) (ағ. hibrid cytoplasmic) – аталық жəне аналық
ретінде қосылысқан жасушалардың тек қана біреуінің ядросын (ядролық гендерін)
қабылдаумен қатар екеуінің де, немесе баламалы біреуінің ғана цитоплазмалық
гендерін бойына дарытқан будан жасуша.
Будан ядро (ағ. hybrid nucleous) – аталық жəне аналық ретінде қосылысқан
жасушалардың екеуінің де бүкіл гендерін (геномдарын) толығымен иемденген
будан жасушаның ядросы.
Будан ядролық (нағыз будан) ( ағ. hibrid nuclear (hibrid true) – аталық жəне
аналық ретінде қосылысқан жасушалардың екеуінің де тек қана ядролық гендерін
(геномдарын) қабылдаған будан жасушаның ядросы.
В
Вегетативтік жасуша (лат. vegetativus - өсімдік) – жаңадан өсіп келе жатқан
тозаңның ішіндегі үш жасушаның бірі, ол тозаң түтігін түзеді, бірақ ұрықтану
үдерісіне өзі тікелей қатыспайды.
Вектор – (лат. vector – алып жүруші) белгілі организмде дербес
репликацияланушылық қабілеті бар, сонымен бірге оған бөгде ДНҚ-ның енуіне
кедергі келтірмейтін, ДНҚ-ның шағын молекуласы (мысалы фаг, плазмидалар мен
вирустар). ДНҚ молекуласын векторсыз, мысалы, бактериялық жасушаға енгізсе,
онда оларды бактериялық ферменттер ыдыратып жібереді. Транспозоны бар фагтар
мен плазмидалар реципиенттік жасушаларға кіре алады.
Виварий – зертханалық хайуандар ұсталатын жай.
Вируленттік (лат. virulentus – улы, ағ. virulent) – микроорганизмдердің ауру
тудырғығыштық қабілеті.
251
Вирусты айқындаушы өсімдіктер (ағ. indicator plant) – вируспен
зақымданған өсімдіктен алынған шырынды жапырақ бетіне тамызғанда, сол
шырында вирустар бар екендігі туралы арнайы сезімталдық реакция арқылы белгі
беретін өсімдіктер (жұққан вирусқа тəн морфологиялық өзгерістер тез арада айқын
көрінеді).
Витальды əдіс – репродуктивті жасушаларға немесе эмбриондарға зиян
келтірмей зерттеу тəсілдері.
Витрификация (лат. vitrum – шыны, facere – істеу, жасау) - өсімдіктерді
жасанды ортада (in vitro) өсіргенде болатын қолайсыз құбылыс, өсімдіктер өте мол
суланады да əйнек (шыны) тəрізді болып көрінеді.
Г
Гаметалар мен эмбриондарды бағалау – микроскоп арқылы аталған
құрылымдардың биологиялық толыққұндылығын анықтау.
Гаметалардың ұрықтану мүмкіндігі – гаметалардың ұрықтану мүмкіндігі
бар уақыттың ұзақтығы.
Гаметалардың ұрықтануы – сперматозоид пен аналық жұмыртқасының
қосылуы нəтижесінде кариограммада зигота түзілуі арқылы жаңа индивидтің пайда
болуы.
Гаметаның биологиялық құндылығы – ұрық жасушасының ұрықтанып,
жаңа индивидті пайда болғызу мүмкіндігі.
Гаметогенез – жыныс жасушаларының даму үдерісі, яғни алғашқы
диплоидты жыныс жасушаларының гаплоидты маманданған ұрғашы (аналық
жұмыртқасы) мен аталыққа (сперматозоид) айналуы. Жыныс жасушаларының
дамуы жыныс безі гонадада жүреді.
Гаплоид (гр. haploos – сыңар, жалғыз, eidos – түр, ағ. gaploid) – сыңар дара
(гаплоидтық) хромосомалар жиынтығы болатын ядро, жасуша, организм;
гаметалардағы сыңар хромосомалар жиынтығы.
Гаплопродюсер əдісі (гр. haploos – сыңар, жалғыз, лат. Producere – жасу,
шығару) – будан ұрықтан ата-анасының біреуінің хромосомаларының жойылып
қалуы нəтижесінде шыққан гаплоид өсімдікті алу.
Гендік мутациялар – хромосоманың белгілі бөлігіндегі ДНҚ молекуласы
нуклеотидтер қатарының өзгеру нəтижесінде пайда болады. Мұндай мутацияда
гендік бір локус қана өзгереді. Өзгерісі мутацияға əкелетін ДНҚ молекуласының ең
кішігірім бөлігі мутон деп аталады.
Геммогенез in vitro (лат. gemma – бүршік) – ұлпаларды жасанды қоректік
ортада ( in vitro) өсіргенде бүршіктің пайда болуы.
Гемморизогенез in vitro (лат. gemma – буршік, гр. rhiza – тамыр) – ұлпаларды
жасанды қоректік ортада ( in vitro) өсіргенде бүршіктің де, тамырдың да пайда
болуы.
Ген (гр. genos – туыс, шығу тегі, ағ. gene) – тұқым қуалау информациясының
генетикалық бірлігі; ДНҚ молекуласының нақтылы бір бөлігі, РНҚ-ның немесе
полипептидтің құрылымы туралы мəлімет сақтайды.
252
Ген репрессиясы (лат. repressio – басу, ағ. gene repression) – ген активтігін
тежеу, көпшілік жағдайда транскрипция үдерісін шектеу арқылы жүреді.
Ген экспрессиясы (лат. expressio - əйгілену, ағ. gene expression) – ДНҚ
молекуласындағы нуклеотидтер тізбегіндегі генетикалық информацияны жүзеге
асыру. Ол: транскрипция, процессинг, трансляция сияқты негізгі үш сатыдан
тұрады.
Гендер амплификациясы (лат. amplification - өсу, көбею, ағ. gene
amplification) – гендер көшірмелері (копиялар) санының көбеюі.
Гендер банкі (геномдар кітапханасы) – өз құрамына геномдағы гендердің
кемінде бір тізбегі кіретін, клондалатын ДНҚ молекуласының жинағы.
Гендер цитоплазмалық (цитоплазмон) (ағ. cytoplasmic genes) – ядродан тыс,
митохондриялар мен хлоропластарда орналасқан гендер.
Гендердің кітапханасы – барлық бактериялық жасушалардағы көбею
салдарынан жинақталған гендердің жиынтығы.
Гендік ex vivo терапия (гр. ex vivo, ағ. ex vivo gene therapy) – науқастың
бөлінген жасушаларына генді енгізу. Өсіру мен трансформациялаудан кейін
жасушаларды трансфузия, инфузия немесе инъекция жолымен науқасқа кіргізеді.
Бұл ем-шаралар генетикалық деффекттерді болдырмауға мүмкіндік береді.
Гендік инженерия – генмен жұмыс істеу тəсілдерін, оны геномнан бөліп алу,
синтездеу, геномға енгізу жəне геномды қажетті бағытта өзгертумен керекті өнімдер
алуын айтады. Гендік инженерияны батыста рекомбинантты ДНҚ-мен жұмыс істеу
деп атайды.
Гендік мутациялар (нүктелік мутациялар) (лат. transitio – ауыспалылық,
insertion – орын ауыстыру, deletio – құрту, жою) – жекеленген гендердің
құрылымының өзгеруі. ДНҚ немесе РНҚ нуклеотидтеріндегі бір пуриннің екінші
пурин мен (А-Г, Г-А ), не бір пиримидиннің екіншісімен (Ц-Т, Т-Ц) алмасуы
(транзиция) салдарынан, пуриннің пиримидинмен (А-Т, Г-Ц), не керісінше алмасуы
(трансверсия), қосымша нуклеотидтер болуы (инсерция) не түсіп қалуынан
(делеция) болатын гендік мутация.
Генезис (гр. genesis – шығу тегі, ағ. genesis) – шығу, пайда болу тегі («ата
тегі»).
Генеративтік жасуша (лат. generatio – туу) - өніп келе жатқан тозаңның
ішіндегі жасушаның бірі, одан екі спермий түзіледі де, қосарлана ұрықтану
үдерісіне қатысады.
Генетикалық (гендік) инженерия (ағ. Gene (tic) engineering) – белгілі
қасиеттері бар генетикалық материалдарын in vitro жағдайында алдын-ала
құрастырып, оларды тірі жасушаға енгізіп, көбейтіп, зат алмасу үдерісін өзгеше
жүргізу.
Генетикалық код – ақуыздың полипептидтік тізбегіндегі амин қышқылдары
қатарын анықтайтын ДНҚ нуклеотидтерінің тізбегі.
Генетикалық модификацияланған (ГМ) өсімдіктер – ағзасына жат ген,
яғни трансген ендірілген өсімдіктер.
Генетикалық өзгергіштік (ағ. genetic variability) – ДНҚ-ның бірінші реттік
құрылымындағы тектік өзгерістер (мутациялар, гендер комбинациясы).
253
Геном – ақуыз құрылымы жөнінде мәлімет сақталған ДНҚ бөлігі. ДНҚ
молекуласындағы нуклеотидтердің белгілі бір ретпен орналасуы, олардағы қандай
да бір ақуыздың синтезделуі жөніндегі информациясын сақтайды. Егер де белгілі
бір себептермен нуклеотидтердің біреуі кірмей немесе алмасып қалса, ағзада басқа
ақуыз синтезі жүре бастайды.
Геномдық мутация – жасушадағы хромосомалар санының өзгеруіне
байланысты организмнің белгілері мен касиеттерінде пайда болатын өзгергіштік.
Геномдық мутация тұтас гаплоидты жиынтықтың немесе хромосомалар санының
көбеюіне немесе азаюына байланысты. Организмдерді хромосомалар саны
гаплоидты жиынтыққа еселеніп көбеюіне карай – полиплоидты, ал еселенбесе –
анеуплоидты немесе гетероплоидты организмдер деп атайды.
Генотип (гр. typos – із, таңба, үлгі, қалып, ағ. genotype) – организмнің немесе
жасуашаның тұқым қуалаушылық негізін құрайтын гендердің жиынтығы.
Генетикалық инженерия –
in vitro жағдайында функциялық пəрменді
генетикалық құрылымдарды құрастыруды жəне оларды тірі жасушаларға енгізуді
түсінеді. Генетикалық инженерия генетикамен байланысқан, ал ген инжененриясы
тек генге ғана қатысы бар.
Гетерозис (будандық күш) (гр. heteroiosis – өзгеру, айналу, ағ. heterosis) –
аталық-аналық формалармен салыстырғанда, олардан шыққан бірінші ұрпақ
буданның бірқатар көрсеткіштері мен қасиеттерінің асып түсуі, басымдылығы.
Гетерокарион (гр. heteros – басқа, karyon – жаңғақ, жаңғақтың дəні, ағ.
heterokarion) – генетикалық айырмашылықтары бар екі жасушаның қосылуынан
түзілген, бірақ онда ядролар бірікпеген будан жасуша.
Гиббереллин – фитогормон, негізінен флюорендер туындылары (мысалы,
гиббереллин қышқылы).
Гибридома (ағ. hybridoma) – қалыпты антидене түзуші жасушалар
(лимфоциттер) мен миеломдық жасушалардың бірігуінен алынған, шексіз өсу мен
моноклоналдық антиденелерді синтездеуге қабілетті жасушалық желі (линия).
Гиногамоны – жұмыртқа жасушасының гамоны
Гиногенез in vitro (гр. gyne - əйел, genesis – шығу тегі, in vitro, ағ. gynaegenesis
in vitro) – аналық гаметофитті жасанды қоректік ортада өсіргенде, аналық
хромосомалар жиынтығы бар өсімдіктің пайда болу үдерісі.
Гистогенез in vitro ( гр. histos-ұлпа, in vitro, ағ. histogenesis) – каллус
ұлпалардын in vitro өсіргенде, əртүрлі ұлпалардың пайда болып, қалыптасуы;
мысалы, ксилемалық жəне флоэмалық элементтердің түзілуі (ксилемогенез,
флоэмогенез).
Гомозигота (гр. homos – бірдей, тең, ортақ, zygon – жұп, ағ. homozygote) –
диплоидтық немесе полиплоидтық жасуша, организм; олардың гомологиялық
хромосомалары белгілі бір геннің ұқсас аллельдерін ұстайды.
Гомокарион (гр. homos – бірдей, тең, ортақ, ағ. homokaryon) – генетикалық
айырмашылықтары жоқ екі жасушаның қосылуынан пайда болған, бірақ онда
ядролар бірікпеген.
Граафов фолликуласы – ішінде үлкен антрум мен ооциті бар, мейоз
сатысының ІІ метафаза кезеңіндегі фолликулалар.
254
Д
Дедифференциялану (лат. de – жою, болдырмау, differentia-айырмашылы, ағ.
Dedifferentiation) – маманданған, бөліну қабілетінен айырылған жасушалардың
жаңадан пролиферацияға (бөлінуге) көшуі.
Дезоксирибонуклеотид – бес атомды дезоксирибозаның бір молекуласының
қалдығынан, пуриндерден (А, G), немесе пиримидиндердің азоттық негіздері (C, Т)
жəне фосфор тобынан тұратын ДНҚ- ның құрылымдық бірлігі.
Детерминациялану (лат. determinacio – шек қою, анықтау) – жасушалардың,
ұлпа, мүше жəне организмнің белгілі бір даму жолына түсуіне дайындылығы.
Сонымен қатар басқа жолмен дамуға шек қойылады. Детерминациялану кезінде
морфологиялық жаңа бағыттың дамуына түрткі болуға қажет ішкі жағдайлар туады.
Диплоид (гр. dipllos – қос, екі есе, eidos – түр, ағ. diploid) – гаплоидты
гаметаға қарағанда хромосомалар саны екі еселенген, яғни əрбір хромосомасы
жұптасып келетін ядро, жасуша, организм. Диплоидтық хромосомалар жиынтығы
сомалық (дене) жасушаларда болады.
Дистиллятор – дистилденген су алатын қондырғы.
Дисульфидті байланыс – күкірттің екі атомы арасында пайда болатын
коваленттік байланыс айтылады.
Детерминация – (анықтау, шектеу) морфогенездің алғашқы кезеңдерінде
дамып келе жатқан ағза бөлімдері арасында сапалық айырмашылықтардың пайда
болуы. Детерминация үдерісі ооплазмалық сегрегация жəне бластомерлерге сапалық
айырмашылығы бар ядро мен циптоплазма арасындағы қарым-қатынастарға,
сонымен бірге жеке жасуша топтарының бір-біріне əсеріне негізделген
автономиялық өзгерістерден тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |