Демократиялықстиль. Оқушылар қарым-қатынаста тең дәрежелі. Мұғалім шешімді оқушылармен бірлесіп қабылдайды, олардың ойларын, пікірлерін ескереді. Мұғалім тек үлгерімге ғана емес, оқушылардың жеке тұлғалық сапаларына мән береді. Мұндай мұғалімдерге үлкен кәсіби тұрақтылық, өз мамандығына қанағаттану тән.
Өзарақарым-қатынастардыңжәнекоммуникативтіәрекеттердіңжалпысипаттамасыныңерекшеліктері.Өзара қарым-қатынас тұлғаның сыйластық негізінде кұрылады. Тапсырмалар мен бұйрықтарды еркін талдау жеткілікті деңгейде рұксат етіледі. Жаттығушылардың өзара тұлғалық қатынасына қарай ұйымдастырылады. Жұмыс «кім кіммен топтасқысы келеді?» сұрағы бойынша және тұлғалық пікірлерге қарай құрылады. Топтан ешкімді бөлмей, бәріне бірдей көңіл бөледі.
Тілтабысумәнерініңерекшеліктері.Өзге стильдермен салыстырғанда, тәрбиелік ақпараттар қолданылады. Кеңес беру, өтіну, нұсқау беру түрінде жетекшілік етеді. Дауыс ырғағы түзу, нақты, бірақ тәрбиелік тұрғыдан әсер ету кезінде ирония да, әзіл де сонымен қатар достық дауыс ырғағы да араласады.
Тұлғалыққасиеттерініңерекшеліктері.Тұлғалық қасиет- тері тұтастығымен, өзіне және өзгеге талап қоя білуімен, тік мінезділігімен, тактикалығымен сипатталады.
Демократиялық стиль жаттықтырушысының сипаттамасы.Өзін сенімді ұстайды. Барлық топты барлап отырады және әрбір жіберілген қателіктерді байқай біледі. Түзету кезінде көбіне нақты нұсқау формасын қолданады, мысалы, «Қолды көтер!». Дауыс
ырғағы еркін, іскер, қайырымды.
Өз ісіне деген эмоционалдығы жаттығушымен үзіліс кезінде немесе дайындықтан кейін жүргізілетін табиғи кеңес кезінде ашылады. Егер топтық жиын кезінде бір оқушының келмей қалғандығы анықталып, келесі бір оқушы өзін ата-анасы жібермей қалғандығын жеткізсе, жаттықтырушы оларға егер баскетболды шын жүрегімен сүйсе, онда ата-ананы да оны сүйе білуге тартулары керектігін түсіндіреді.
Жаттықтырушылардың сөйлеу формалары әр түрлі болып келеді: нақты тактикалық нұсқаулар (мысалы: «Иығыңды түзе!»), қолдау көрсету (мысалы, «жарайсың!»), қолдамаушылық (мысалы,
«мен бүгін сенің әрекетіңе қанағаттанбаймын») жэне т.б.
Жаттықтырушы ұстамды, тактикалы болғандықтан, окушылар оның барлық талаптарын ризалықпен орындайды. Жаттықтырушы кәсіптік қарым-қатынаста да (топ облыстық олимпиада да чемпион атағын жеңіп алды), жеке (жаттығушылар өз шаруасымен, уайымымен жаттықтырушыға жолығады) байланыста да белсенділік танытады.
Жаттықтырушы топты жақсы бағалайды және оның болашағы оны толғандырады.
Жаттығушылар оған шын ықыласымен төлем төлейді. Сауалнамалардан: «Ол барлығын бірдей бағалайды, ал бұл ең бастысы»; «Басқа жаттықтырушыны дәл осы кісідей жақсы көре алмайтын сияқтымын»; «Барлығына бірдей қарым-қатынаста болады», т.б.
Демократиялық типтегі жетекші ұжым мүшелерінің пікірлерімен есептесіп қана шешім қабылдайды, жұрттың талаптары мен ұсыныстарын тыңдауды қалайды. Мұндай лидер - топ мүшелерінің бастамаларын мақұлдайды, сөйтіп олардың рухани қанағаттануына жағдай жасайды. Ол жиналыс үстінде сын мен өзара сын өрістеуіне мүмкіндік береді, ұжымнан ешнәрсе жасырмай, әр кез адамдардың көңіл-күйіне жақсы әсер етіп, олардың ықыласы мен сеніміне бөленеді.