Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде



бет53/123
Дата03.06.2023
өлшемі0,75 Mb.
#98502
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   123
Байланысты:
jusipova-pedagogikalyk-sheber

Кәсіптік бейімделу процесі барысында туындайтын ішкі қайшылықтар:

    • жас маманның өз бетінше жұмыс істеуге ұмтылуы және оған қажетті білімі, біліктілік деңгейінің төмендігі, сондай-ақ педагогикалық ұжымдарда шығармашылық, демократиялық негіздердің жоқтығы;

    • жалпы теориялық білімді практикалық қызметінде қолдана алмауы;

    • жас маманның өзін-өзі таныту қажеттілігі мен оның коммуникативтік мүмкіндігінің сәйкессіздігі.

Жас маманның кәсіби бейімделу процесінде оның жұмыс орнына байланысты кездесетін сыртқы қайшылықтары:

    • жас педагогтардың өмірлік жоспарлары, құлшыныстары, кәсіби үміті, олардың жаңа әлеуметтік жағдайы, педагогикалық ұжым мен оның құндылық бағдарлары ұсынатын нақтылы мүмкіндіктер арасында;

    • жас мұғалімнің талап-тілектері және оны аталған ұжымның тұлға аралық қарым-қатынастар құрылымындағы нақтылы алатын орны арасында;

    • педагогикалық ұжымның мамандыққа байланысты қойылатын нақтылы талап-тілектері мен жас мұғалімдердің даралық ерекшеліктерінен туындайтын оның сенімділік, қызығушылық ұмтылысы арасында;

    • қарым-қатынас тәжірибесінің жеткіліксіздігінен және алғашқы жылдарда қоғамдық-педагогикалық қызметінің көп салалығына байланысты да туындайды.

Бұл қайшылықтарды шешудің жолдарын ұсына отырып (мысалы, жоғары оқу орнының оқу-тәрбие процесінің кәсіби педагогикалық бағытын күшейту, педагогикалық ұжымның рөлін арттыру және т.б), олардың әрқайсысын тұлғалық ерекшелігімен немесе белгілі бір топпен байланыстыра қарау керек.
Туындаған қайшылықтарды жеңу үшін жас мамандардың алдымен оларды жақсы түсіне білуі және болатын қажетті өзгеріске ынта-құлшыныспен қарауы өте маңызды. Мұндай құлшыныс
дайындық сезімі жоғары оқу орнында дамытылуы, қалыптасуы насихатталуы керек.
Сонымен қатар қазіргі уақытта мұғалімнің жеке басы мен іс-әрекетіне қойылатын талаптар мен педагогикалық білім беру мекемелерінің түлектерінің даярлық деңгейі арасындағы қарама- қайшылықтар, мұғалімдерді даярлаудың типтік жүйесі мен оның іс- әрекетінің жеке бастық-шығармашылық сипаттамасы арасындағы қайшылықтар тереңдеуде. Бұл қарама-қайшылықтар педагогикалық білімге байланысты мәселелерді шешуді қажет етеді:

    • жаңа мақсат проблемасы,

    • білім берудің жаңа құрылымының мәселесі,

    • білім беру мазмұнын жаңарту мәселесі,

    • ұйымдастыру формалары мен әдістерін жаңарту мәселесі.

Бұл айтылған мәселелер көп деңгейлі педагогикалық білім беру жүйесін енгізудің негізі болып табылады.
Көп деңгейлі педагогикалық білім беру құрылымының мақсаты

  • жеке тұлға мен қоғамның мәдени-білім беру сұраныстарын білім беру мекемелерінің мүмкіндіктерін кеңейту, экономика мен еңбек нарығының өзгермелі қажеттілігін есепке ала отырып, білім беру аясында мамандарды мәдени, ғылыми, кәсіби даярлауды жоғарылату.

Көп деңгейлі педагогикалық білім беру мына міндеттерді шешуден тұрады:

    • жеке тұлғаға (студентке) – интеллектуалдық, әлеуметтік, экономикалық қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында алатын білім деңгейі мен мазмұнын өзі таңдап, кәсіби даярлауды жүзеге асыру;

    • қоғамға (білім беру жүйесіне, мектепке) – маманды белгілі бір біліктілік сипаттамасы бойынша қысқа мерзімде алу;

    • оқытушылық корпусқа (факультет, колледж, университет, институт) ғылыми және кәсіби педагогикалық қажеттілікті өте жоғары деңгейде жүзеге асыру.

Жас мамандар жұмысқа кірісе отырып, іс-әрекеттің жаңа түрін орындай бастайды. Болашақ мұғалімнің жоғары оқу орнынан кейінгі іс-әрекетінің басты түрлері: бейімділік, танымдық, кәсіби- педагогикалық. Жас маманның бейімділік әрекетінің мазмұны оның сол жұмыс орнының демографиялық, этникалық ортасымен танысуынан басталып, әрі қарай сол педагогикалық ұжымның
салтымен, ішкі тәртібімен ұласуы қажет. Жас педагог маманның педагогикалық ұжыммен танысуы, олардың мүшелерімен жақсы қарым-қатынас орнатуы алады.
Жеке туындаған қайшылықтарды жеңуде ерекше орынды тұлғаның кәсіби қалыптасуының талдауын қарастыра келе, бұл процестің негізгі кезеңдерін көрсетуге болады:

  1. Кәсіби өзін-өзі анықтау - мамандық таңдауға және мамандық әлеміне индивидтің таңдаулы қатынасы.

  2. Кәсіби өзін-өзі анықтаудың өзегі әлеуметтік-экономикалық шарттар мен кәсіби іс-әрекеттің талаптарын, мүмкіншіліктері мен ерекшеліктерін есепке ала отырып мамандық таңдау болып табылады.

  3. Кәсіби өзін-өзі анықтау барлық кәсіби өмір ағымында кездеседі: жеке бастың мамандығына деген пікірі, кәсіби болмысы жайында ой қорытындысын жасайды.

  4. Жеке бастың кәсіби өзін-өзі анықтаудың өзектілігі жалпы білім беретін мектепті аяқтау, кәсіби мекемеде оқып бітіру, біліктілігін жоғарылату, тұратын жерін ауыстыру, жұмыстан шығу т.б. сияқты оқиғалармен байланысты болады.

  5. Кәсіби өзін-өзі анықтау жеке бастың әлеуметтік- психологиялық жағдайының оның өзіндік өзектілігі мен өзіндік таратудағы қажеттілігінің маңызды сипаттамасы болып табылады.

Жас педагог мамандардың кәсіби бейімделуінде тағы бір орынды педагогтардың кәсіби өзін-өзі бағалауы алады.
Педагогтың өзін-өзі бағалауын қалыптастыру тәсілі – өз нәтижесін жеке тұлға идеалымен, педагог іс-әрекетінің нәтижесімен салыстырады.
Бұндай жұмыс бірінші курстан басталуы қажет. Кәсіби идеалды қалыптастырудың қарапайым тәсілі – арнайы әдебиет оқу, көрнекті педагогтардың өмірі мен шығармашылығымен танысу. Мұғалімнің дұрыс қалыптасқан идеалы – оның өзін-өзі тәрбиелеу жағдайларының тиімділігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет