Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде



бет63/123
Дата03.06.2023
өлшемі0,75 Mb.
#98502
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   123
Байланысты:
jusipova-pedagogikalyk-sheber

Кесте 1
СӨЖ тапсырмаларын орындауда танымдық дербестілікті дамыту компоненттері

Бірінші (төменгі) деңгей студенттің білім алуға талпынысымен сипатталады. Бұл бағыт студенттің сырттан берілген оқу- танымдық шығармашылығының мақсатына сәйкес келмейді, соның салдарынан мақсат пен мазмұнның сәйкес келмеуі пайда болады да, ол оқу-танымдық қызметтің аяқталуына деген талпыныстың жоқтығына әкелді. Бұл білім мен шеберліктің деңгейіне әсер етеді; қызметтің репродуктивті сипаты танымдық шығармашылықты жоғары деңгейде меңгеруге мүмкіндік береді. Негізгіні бөліп көрсету шеберлігі екінші дәрежедегі ақпаратты қабылдауда және алдағы оқу-танымдық қызметтегі негізгі ақпаратты көрсете алмауда көрінеді.


Төменгіден ортаңғыға өту деңгейі білімді игеру тәсілдерін меңгеруге тұрақсыз бағдардың пайда болуымен ерекшеленеді; соның нәтижесінде оқу-танымдық қызметтің мақсаттары мен себептері анық көрінбейді; білімді игеру, жаңғырту және үлгі бойынша пайдалану деңгейінде өтеді. Негізгіні бөліп көрсету шеберлігі екінші дәрежедегі ақпаратпен қатар негізгі мазмұнды қабылдау мен жаңғырту кезінде және алдағы оқу-танымдық қызметтің негізін анықтауда көрінеді.
Орта деңгей танымдық қызметтің тәсілдерін меңгеруге бағдар жасауда қалыптасады. Нәтижесінде студент сырттан берілген оқу- танымдық шығармашылықтың мақсатын тез қабылдайды және оқу-танымдық шығармашылықты аяқтауға ерекше талпыныс жасайды. Меңгерілген білімді негізінен таныс алгоритм бойынша міндеттерді шешу үшін жаңғыртып қолданады. Өз бетімен білім алуға қызығушылық көрінеді. Ақпарат пен алдағы оқу-танымдық қызметтің негізгі мазмұнын қабылдайды және жаңғыртады.
Ортадан жоғарыға өтудегі өтпелі деңгей танымдық қызмет тәсілдерін жетілдіруге тұрақты бағдарланумен сипатталады. Студент жүйелі түрде өз бетімен білім алуға ұмтылады. «Мақсат- себептің (мотив)» қайта бағдарлауы жүреді, бұл өз кезегінде байыпты танымдық қиыншылық болса да оқу-танымдық қызметті аяқтауға талпынысты анықтайды. Игерілген білімді басқа жағдайларда шығармашылық сипаттағы міндеттерді шешуде қолданады.
Жоғары деңгей білімді игеру тәсілдерін жетілдіруге деген тұрақты бағдармен сипатталады. «Мақсат-себеп (мотив)» тұрақтылығы танымдық қиыншылықтың деңгейіне қарамастан кез- келген оқу-танымдық қызметті аяқтауға талпынысты анықтайды.
Меңгерілген білімді студент кез келген түрдегі міндеттерді шешуде қолдана алады. Оқу-танымдық қызметтің кез келген түріндегі ақпараттың негізгісін қатесіз тауып, қабылдай алады.
Танымдық дербестік деңгейінің келтірілген иерархиясы А. Е. Әбілқасымованың тұжырымы бойынша, танымдық дербестіктің басқа түсініктемелеріне қарағанда дәлірек, бірақ тұлғалық білімнің барлық жағын қамтымайды. Оның «танымдық дербестік, әсіресе оның қалыптасуының жоғары деңгейінде студент еңбегіне дербестік сипат береді, интеллектуалдық ойлау нәтижесінде эмоционалдық қанағаттанумен орайласатын ақиқатты шығармашылықпен іздеуді көрсетеді», - деген қорытындысымен келіспеуге болмайды.
Адам әрекетінің шығармашылық сипаты адамның табиғи шектеулі қабілеттерінің шегінен шығуға мүмкіндік беретіндігімен анықталады.
Адам әрекеті түрткімен (мотив), мақсатпен, құрылымы және құрамымен сипатталады. Адамзат әрекетінің түрлеріне мыналар жатады: қарым-қатынасқа түсу (әңгімелесу), ойын, оқу, еңбек.
Өзіндік психологиялық оқу әрекетінің теориясының қалыптасуы ХХ ғасырдың басында басталды. Оның негізін салушы ғалымдар оқу теориясының тың мәселелерін көтере отырып, «оқу әрекеті» түсінігін қалыптастырды.
Өзіндік жұмыстар мәні жағынан оқу әрекетінің формасы ретінде түсіндіріледі. Зерттеуші ғалымдардың психологиялық еңбектерінде өзіндік жұмыстарға түрлі сипат берілген.
Өзіндік танымдық әрекет мәселесі сонау антикалық кезеңнен бастап ғалымдарды толғандыра бастаған. Ежелгі Рим философтарының трактаттарында да осы мәселе туралы айтылған ойлар баршылық. Кеңестер Одағы кезеңінде де жоғары оқу орны студенттерінің өзіндік жұмысына ерекше көңіл бөлінді. 1937 жылы жоғары оқу орны оқытушыларынан студенттердің өзіндік жұмыстарына көмек көрсетуді талап ететін шешім қабылданды. Өткен ғасырдың 50-жылдарындағы ғылыми-техникалық даму факторларының әсері ғалымдардың студенттерді дамыту теориясына деген қызығушылықтарын арттырды. 60-жылдары танымдық дербестік пен танымдық белсенділік бірдей деп қаралғанымен, кейіннен бұл түсініктерді бөліп қарастыра бастады. Бұл туралы сол кездегі ғалымдар түрлі пікірлер айтты.
Өзіндік жұмыстар болмысы ғылыми еңбектерде әр түрлі ұғынылды, әр ғалым өзінше анықтама берді. Кейбір педагогтар
өзіндік жұмыс оқытушының қатысуынсыз орындалатын жұмыс деп ұқты. Алайда, өзіндік жұмыс студент үшін қандай роль атқаратынын, оның оқытушы үшін қандай қажеттілігі бары туралы мәселені ашып көрсете алмады.
Жоғары мектептің орта мектептен айырмашылығы тек мамандар дайындауы, оқу материалының күрделілігі мен көп көлемділігінде ғана емес, ең бастысы, шығармашылық бастамалылығына, студенттердің өзінділігіне (дербестігіне) негізделген оқу жұмысының әдістемесінде. Өзінділік - адамның тұлғалық мінезінің ойлау жүйесімен, әртүрлі әрекеттері мен қылықтары арқылы көрінетін бір қыры, өзінділік түсінігі адамның алдына қойған мақсаттарын орындау үшін жолы мен құрал-жабдықтарды таңдаудағы тәуелсіздігі. Бірақ, мұндай тәуелсіздік тек шартты түрде болуы мүмкін, себебі адам әрекеттерінің барлық түрлері алдын-ала өзара байланысқа түсулі, және өте көп, әрқилы. Дегенмен, бұл - адамдардың практикалық әрекеттерінде, оқу немесе өндірістік жұмыстарында, ойлауында, олардың өздерінің еркі мен мінезін дамыта және басқара алуының арқасында өзіндік дәрежелерінің елеулі айырмашылығы болатынын жоққа шығармайды. Адамдардың бұл қасиеттері жоғары оқу орындарында мамандарды қалыптастыруда
шешуші маңызға ие.
Жоғары оқу орынының ерекшелігі - жастарға бастама көтеруге, саналылық пен өзінділіктерін дамытуға жағдай туғызады. Жоғары оқу орнын таңдағаннан кейін болашақ студенттің ғылыми және кәсіби қызығушылықтары анықталған деп есептеуге болады. Жоғары оқу орнында ол өзі таңдаған ғылым саласына байланысты деректерге зейін қоя, ықыласпен ден қойып қабылдап, арнайы кітаптарды қызығушылықпен оқып, мақсаттылықпен «ғылыми қор» жинақтай бастайды.
Одан кейін, біршама уақыттан өткесін оқыған материалдарды, лекциялардың мазмұнын ой елегінен өткізіп, әртүрлі тәжірибелер нәтижесінде нақты мақсаттарға жеткеннен соң, студент өз жолын тауып, жеке өзіне тән мәнерге шығады және ол оқытушылардың жетекшілігімен, өз жолдастарының жұмыс әдістерін аңғарып, олармен бірігіп қиындық туғызатын мәселелерді талқылап, тәжірибе алмаса отырып өз әдіс-тәсілдерін жетілдіріп отырады.
Білімді өз бетімен іздеу - жоғары оқу орны студентінің еңбегіне тән негізгі қасиет. Осының өзі өз бетімен білім алу. Студент өз білімін оқу процесімен бірге, онымен тура байланыста, кейде белгіленген
бағдарлама мен оқулықтар арқылы, ал кейде одан ауытқып, пайда болған ғылыми және кәсіби қызығушылықтарға, бейімділігі мен қабілетіне, алдын-ала дайындығына, өз мақсаттары мен міндеттерін түсініп өз бетімен жұмыс істей алуына байланысты алдына қойған мақсатын кеңейтіп қосымша теориялық және практикалық материалдарды пайдалану арқылы жетілдіреді.
Неғұрлым студенттердің өзінділігі мен бастамалылығы көбірек көрініс тапса, соғұрлым оқу-тәрбие жұмысы нәтижелі болады, себебі олардың ғылыми дүниетанымдық көзқарасы қалыптасып, шығармашылық мүмкіндіктері жетіседі, білім, білік және жұмыс жасау тәсілдері белгілі бір жүйеге қалыптасады.
Студенттердің барлығы бірдей ынталы да саналы түрде білім алады десек, әрине, асыра айтушылық болар еді. Әр студент өзінің білімін жетілдіру, өзіндік жұмыс жүйесін өзі анықтап, өзі қалыптастырады. Студенттер арасында өз оқу мақсатын тар және біржақты түсінушілер де бар. Олар үшін барлық оқу жұмысы оқу жоспарымен, оқу бағдарламаларымен, соларда көрсетілген міндетті оқу жұмыстары мен жаттығуларын орындаумен шектеледі. Кейбіреулері оқуды үздік дипломмен бітіруі де мүмкін, бірақ дайындық сипаты бойынша олар таза орындаушылар ғана, және орта буын мамандарына сай, себебі өзінділіктері қажетті деңгейде дамымаған. Ал жоғары оқу орны болса өз бетімен шығармашылық жұмысқа қабілетті, ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерімен, қазіргі деңгейдегі тәжірибелік және ғылыми-ізденіс әдістерімен қаруланған мамандарды дайындауға тиісті.
Студенттердің білім мен дағдыны игеруін қамтамасыз ететін барлық мүмкіндіктерді пайдалану керек. Студенттің әр қадамын қадағалап, семестр бойы ұсынылған әдебиеттердің міндетті түрде оқылуын талап ететін оқытушылардың әрекетін дұрыс деу қиын. Шындығында ондай бақылау мүмкін емес және тіпті оның қажеттілігі де жоқ, себебі студенттердің қарапайым дербестігін шектеп, оларды мектеп оқушылары деңгейіндегі оқу тәртібіне әкеп тірейді. Оқу үдерісінде студенттердің жеке басының өзінділігі мен жауапкершілігіне сүйену ештеңемен алмастырыла алмайды және осы тәсіл кеңінен қолданылуы керек.
Студенттердің өзіндік жұмыстарға ұмтылысын қамтамасыз ету оқытушылардың басты міндеттерінің бірі. Озық тәжірибелердің көрсеткеніндей, өзіндік жұмыс тек оқу процесін шығармашылық
негізде, барлық оқытушылар өзінің ғылыми және идеялық- теориялық деңгейін, оқыту әдіс-тәсілдерін үздіксіз жетілдіріп отырғанда ғана қажетті деңгейде жүзеге асады.
Ғылымның үздіксіз дамуынсыз, оқыту әдістемелерін жетілдірмейінше студенттердің өзіндік жұмысы да тез «тұншығады», қайсыбір стандартқа айналады, ал бұл тәрбие мен білім берудің қауіпті «дерті».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет