Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет31/126
Дата30.09.2023
өлшемі1,89 Mb.
#111893
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   126
Негізгі ұғымдар
педагог сөзі, сөз мәдениеті, сөйлеу техникасы
Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құралдарының ішіндегі 
өмірде кең қолданылатыны және аса маңыздысы – тіл. Тіл – адам мен 
адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы. 
Тілмен сөйлесу адамзат баласы үшін тысқары бір дүние емес, ол 
ішкі құбылыс. Сөйлеу тек адамға ғана тән. Адам тіл арқылы бір-
бірімен қатынаса алады. Тілді үйрету әдісі үнемі заман талабына, 
уақыт ағымына қарай өзгеріп, дамып, жетіліп отырады. 
Тіл 
- адамның іс-әрекет процесінде таным, ақпараттық және 
коммуникативтік қызметті атқаратын кез келген физикалық 
табиғаттың таңбалау жүйесі.
Тіл 
- адамның жан дүниесінің көрінісі. Ол тұлғаны 
калыптастырады. Педагогикалық іс-әрекеттерді саралау бойынша, 
егер сабақ ашық-жарқын және бейнелі сөз мәнерімен көркемделмесе, 
оқу-тәрбие мүмкіндіктерін толығымен жүзеге асыра алмайтындығы 
анықталды. Педагогтың тіл мәнерінің дамуы білім беру және 
тәрбиені күшейту үшін өте маңызды. Мұғалімде жақсы дамыған 
вербалды есте сақтау қабілеті, тіл мәнерін дұрыс таңдау және 
адаммен тіл табысу барысында дұрыс бағыт таңдай білу, нәтижесін 
сезе білу дағдысы болуы керек. Вербалды тіл табысу кезінде оның 
мәдениеттілігі мен эрудициясы біршама роль атқарады.
Тіл
дегеніміз – адам қоғамының рухани өмірінде обьективті 
өмір сүретін құбылыс. Тіл қарым-қатынас қызметін атқаратын 


92
белгілері жүйесі және ой қаруы болып саналады. Тіл мағыналы 
сөздерден және сол бойынша сөйлемдер жасалынатын ережелер 
жиынтығы синтаксистен құралады. Әрбір сөздің өзіндік мағынасы 
болады. Тілдің сөздік қорында осы тілде сөйлейтін адамдар 
қауымдастығының айналадағы дүние туралы білімі сақталады.
«Тіл – ой музейі» деген теңеу тегіннен тегін емес. Тіл жазбаша және 
ауызша сөйлеу арқылы іске асады. Тіл рухани иәдениет құбылысы 
ретінде, өзін жасаған қоғам құрып кеткен соңда өмір сүре отырып, 
жоғалған цивилизация мәдениетінің аса құнды ескерткіші бола 
алады. Тілдік хабарларды құрайтын құралдар фонемалар және 
графемалар. Осы әлеуметтік тұрғыда жасалып, қалыптасқан 
дыбыстар мен графикалық белңілерден адамзат тәжірибесін 
жеткізуші сөздер құрылады.
Сөйтіп тілде бізден бұрынғы ұрпақтар жасаған аса бағалы 
өмірлік қазына жинақталады.
Педагогикалык шеберліктің маңызды бөліктерінің бірі - сөз 
мәнері мәдениеті болып табылады. Сөз мәнері педагог үшін оку 
материалын тарату және тәрбиелік өзара қарым-қатынас құралы 
болып саналады.
Сөз мәнеріндегі мәдениеттілік жөніндегі оқу Ежелгі Грецияның 
және Ежелгі Римнің ораторлык өнер тәжірибесі мен теориясында 
пайда болған, ал Ресейде оны М. В. Ломоносов ашқан. Жазушылар, 
заңгерлер, ғалымдар, педагогтар сөз мәнеріндегі шеберлікті өз 
салаларына карай бейімдейді. Я. А. Коменский педагогтың оқушы 
назарын өзіне аудара алатындай деңгейдегі сөз мәнері болуы қажет 
деп санады. Ол мұғалім тілі оқушыға түсінікті, нақты, әрі тартымды 
болуы керек деп

жазды. Сөз мәнеріндегі мәдениеттілік педагогтың 
рухани байлығының, ойлау мәдениетінің маңызды көрсеткіші және 
тұлғалык калыптасу кұралы болып табылады.
Сондықтан адамдар арасындағы қатынас мәдениеті туралы айта 
отырып, сөз мәдениетіне соқпай кету мүмкін емес. 
Сөз мәдениеті, біріншіден, ауызекі тіл мәдениеті және жазба тіл 
мәдениеті болып екіге бөлінеді. Тіл мәдениеті дегеніміз – сөздерді 
дұрыс қолданудың емле мен белгілері ережелерін сақтап, сауатты 
жазу, оның ғасырлар бойы сұрыпталып келген, сөз зергерлері оюлап 
берген көркемдігі мен әсем өрнегін орнымен қолдану сияқты амал 
әрекеттерді қамтиды. 
Ауызекі сөйлеу тілінің де жазба тілінің де бастау негізі – белгілі 
бір ұлттың дәстүрімен сабақтасқан жалпы халықтың тілі. Ауызекі 


93
сөйлесу кезінде жеке адамдар өзінің мінез – құлқын көрсетеді. 
Сондықтан да сөйлеу, сөйлесе білу өнер, мәдениеттіліктің белгісі. 
Тілдік норманың жүйесін толық сақтайтын жазба тіл. Соның ішінде 
жазба әдеби тіл. Жазба әдеби тіл – жазу арқылы белгілі жүйеге 
түскен жазу дәстүрі мен әр түрлі жазба әдебиетінің негізінде 
қалыптасқан, тұрақты нормалары, стильдік – жанрлық тармақтары 
бар тілдің түрі. 
Екіншіден, сөз мәдениеті сөзді дұрыс қолдану (сөз дұрыстығы) 
және сөзді бедерлі жұмсау (сөз шеберлігі) деген екі сатыдан тұрады. 
Сөз дұрыстығы қазіргі әдеби тілдің жұртшылық таныған, үлгі 
тұтқан нормасын ұстану дегенді білдірсе, сөз шеберлігі тек нормаға 
тән дұрыстықты ғана білдірмейді, сонымен қатар алуан түрлі тілдік 
амал-тәсілдерінің ішінен мағына, стильдік жағынан аса дәл, ұтымды 
түрін талғау дегенге негізделеді. Бұл жерде сөзге дұрыс не бұрыс 
деген баға берілмейді. Сөз “дәлірек”, “айқынырақ” деп бағаланады. 
Тіл анық болмас, ой анық емес деген сөз. Тіл – ойдың айнасы. 
Тілдегі сауатсыздық – адамның жалпы сауатсыздығының, мәдениеті 
төмендігінің көрінісі, рухани байлығының әлсіздігі. 
В. А. Сухомлинский: ‘’Сөз - ең маңызды педагогикалық құрал, 
оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың...”- деп оның маңызына 
ерекше назар аударады
Мұғалімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді, сондай-ақ дауыс 
ырғағы мен мимикасы мәнерлі және бай болғаны қажет. Бұл ойымыз 
дәлелді болу үшін Ы. Алтынсаринның пікірін келтірейік: ‘’Мұғалім 
балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда 
мұғалім шәкірттерді кіналамай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны 
үшін өзін-өзі кіналауы керек. Мұғалім балалармен сөйлескенде 
ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлеп, шұбалаңқы 
сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан әрбір затты 
ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек’’.
«Сөз мәдениеттілігі» немесе «тілдік мәдениет» сөз тіркестері 
үш мағынада қолданылады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет