187
сипаттауға болады. Шабыт – адамның рухани күштерінің ширығып
өрлеуі, шығармашылық толғанысы. Шабыт жаңа туындының пайда
болуына бастайды.
Педагогикалық шығармашылықтың орын алуына септігін
тигізетін тағы бір мәселе – мұғалімнің әртістік қасиеті. Мектеп,
әрине, театр емес. Дегенмен мұғалім үнемі халық алдында тұратын
танымал адам. Олай болса ол аудиторияны меңгере алуы, иландыра
білуі, шабыттандыра алуы тиіс. Әртістік қасиет – педагогтың
«образға ене алуы», сыртқы келбетінің тартымдылығы, тілінің
түсініктілігі, көркемдігі, жатықтығы, мимикасы мен қимыл
қозғалысының айтылып жатқанға сәйкестігі. Әртістік – образдармен
ойлай алу, ашықтық, жағдайға терең эмоцианалдық шому, ішкі және
сыртқы мәдениет, өзіне тарта алушылық.
Ғылыми әдебиеттерде шығармашылықтың төмендегідей түрлері
анықталған: 1) материалдық-техникалық; 2) рухани-теориялық;
3) әлеуметтік-ұйымдастырушылық; 4) педагогикалық; 5) көркем
шығармашылық және т.б.
М. М. Поташник мұғалімнің шығармашылығы мына жағдайларда
көрінеді деп есептейді:
1. Мәселені шешудегі тапқырлықта;
2. Жаңа формалар әдістер, тәсілдер, технологиялар жасап,
оларды тиімді қолдана алуда;
3. Белгілі тәжірибені жаңа жағдайда тиімді пайдалана алуда;
4. Жаңа міндеттерге сәйкес белгіліні жетілдіре, өзгерте алуда;
5. Жоғары интиуциямен нақты есеп негізіндегі сәтті
импровизацияда;
6. Бір мәселені шеше алудың бірнеше жолдарын көре алуда;
7. Нақты педагогикалық іске әдістемелік нұсқаулар мен
теориялық ережелерді трансформация жасай алуда.
Достарыңызбен бөлісу: