183
тұратын күрделі психологиялық үрдіс. Осы мәселені зерттеген
ғалымдар педагогикалық шығармашылық төмендегідей кезеңдерден
тұратынын
анықтаған;
1) педагогикалық
ойдың пайда болуы;
2) түпкі
ойды талдау;
3) педагогикалық
ойды әрекетке айналдыру;
4) шығармашылықтың нәтижесін талдап бағалау (В. А. Кан-
Калик, Н. Д. Никандров);
5)
жаңалықты көру;
6) педагогикалық
өнертапқыштық құрастыру,
модельдеу;
7) жетілдіру (В. И. Загвизинский).
Шығармашылық әрекетке мұғалімнің өз еңбегі сыни тұрғыдан
қайта қарауы, қанағат табуы, оны орындаудағы дербестігі, жағымды
мотивацияның
қалыптасуы, т.б. орын алады.
“Шығармашылық-проблемалық сипаты бар, барлық ішкі
байланыстарды біріктіретін, нәтижеде жаңа материалдық және
идеалдық құндылықтар алынатын адамның мақсатты әрекеті”
деген тұжырым жасауға болады.
Мұғалімдердің өз білімін көтеруге қатысуы оның педагогикалық,
әлеуметтік, кәсіби әрекетіндегі мәселелерді табысты шешуін
қамтамасыз етеді, басқаша айтсақ, кәсіби шығармашылығын
дамытады.
Шығармашылық жолы - ол үміттер мен күдіктер, жеңілістер
мен жеңістер жолы. Осы жолдан өзіне сабақ ала білу, өзінің
жетістіктері мен кемшін тұстарын талдай алу – мұғалімнің өзін-өзі
шығармашылықпен дамытудағы стратегиялық бағыттары болып
табылады.
Әрекет – іс-қимыл бірлігі, саналы түрдегі, мақсатқа жетуге
бағытталған тікелей жасалатын, еркін ниеттілік, белсенділік.
Әрекетте адам субъект ретінде танылып, оның жасампаздығы,
іскерлігі, қайраткерлігі қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: