240
Ильин Е.Н. Искусство общения. – М., 1988.
Натанзон Э.Ш. Приемы педагогического воздействия. – М.,
1972.
Мұғалімнің
коммуникативтің білігі
Тапсырма: Коммуникативтік білік, коммуникативтік қабілет,
коммуникативтік қарым-қатынас ұғымдарының мәнін ашыңыз, бір-
бірінен айырмашылығын анықтаңыз.
Әдістемелік нұсқау: Бірнеше әдебиеттер бойынша әр бір ұғымға
анықтама беріңіз. Ұсынылған мақаланы оқи отырып, мұғалімнің
кәсіби біліктілігі туралы ойыңызды ашық айтуға дайындалыңыз.
Ғаламдандыру күннен күнге өсіп келе жатқан халықаралық
бәсекелестік қоғамда болып жатқан өзгерістердің ауқымы мен
қарқынының өсуі білім беру саласының, мемлекет дамуының басты
факторына айналуына себеп болды. Ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет
Байтұрсынов «Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік
сол білімді іске асыра білу дағдысы»,- деп бекер айтпаған.
Қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті
– білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім
деңгейін халықаралық дәрежеге жетелеу.
«Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған
білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» орта білім
берудің мақсаты – алған білімінің, кәсіби дағдыларының негізінде
өмірдің өзгермелі жағдайларында еркін бағдарлай алатын, өзінің
білімін дамытуға, сол алған білімі арқылы өз мүмкіндіктерін іске
асыруға және адамгершілік тұрғыда өз бетінше дұрыс, жауапты
шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыру екендігі баса
айтылған.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының білім
және ғылым қызметкерлерінің ІІІ сьезінде сөйлеген сөзінде
«Жаңа формацияға жаңа педагог қажет» - деп атап көрсетті. Жаңа
формацияның педагогын қалыптастыру үшін жаңа кәсіби мазмұн,
жаңа кәсіби даярлық технологиясы, әрі даярлық сапасын арттыруға
бірден-бір қызмет ету керек. Сонымен қатар оқу-тәрбие үрдісін
технологияландыру бағытында инновациялық ізденістер, оқу
дидактикалық, ғылыми-әдістемелік, кадрлық қуат мүмкіндіктері
болуы қажет. Бұл жөнінде «Білім мемлекеттік Бағдарламасында:
242
5. Педагогтардың жұмысында еңбекті ғылыми ұйымдастыруда
әр мұғалімнің күнделікті ісіне енгізу.
Мұғалімнің кәсіптік қызметінің құрамдас бөлігі:
1. Біліктілігін көтеру (семинар, курстар т.б.)
2. Әдістемелік жұмыстары.
3. Кәсіптік жаңашылдық қызметі.
4. Кәсіптік тұлғасы: негізгі мәселені анықтай алуы, жобалар
құра білуі, мақалалар жаза алуы, адами-рухани,психологиялық
сапалары т.б.
5. Пән бойынша сыныптан тыс жұмыстары.
6. Қоғамдық педагогикалық қызметі.
Достарыңызбен бөлісу: