қайдан іздеу керектігін ашель адамдары әлі білмеген кез болса керек. Оңтүстік
Осетиядағы Кударо I,ІІ және Цон тұрақтарын алғашқы аңшылар мыңдаған
жылдар бойы мекендеген.
Қара теңіздің жағалауында Колхида, Яшт, Гвард, Гали тұрақтары белгілі.
Ашель дәуірінің Орта Азиядағы тұрақтары Күлдар, Селүңгiр, Қарақала;
Алтайда Ұлалы; Қаратаудың бауырайында Шақпақата, Бөрiқазған, Тәңiрқазған,
Жаманайбат, Қосқорған және Шоқтас тұрақтары ашылып зерттелген. Орталық
Қазақстандағы Обалысай және Талдысай аймақтарында төменгі тас тұрақтары
жиі кездеседі. Көне тас құралдарының жекелеген түрлері Ферғана өңірінде,
Тян-Шань тауында және Оңтүстік Сібірде, Қиыр Шығыста да табылған. А.П.
Деревянконың жетекшілігімен зерттеліп жатқан Алтай тауындағы Денисов
үңгірі төменгі тастың тамаша ескерткіші саналады.
Төменгi тас дәуiрiнде адамдар тас құралдарды өңдеудiң ең қарапайым тәсiлiн
үйренді. Ол археологияда «
Достарыңызбен бөлісу: