берді. Мекенжайлар мен жерлеу қабірлерінен көп кездесетін тас пен балшықтан
жасалған, ортасы тесік дөңгелек ұршықбастар тоқыма кәсібінің неолит кезінде
жаппай таралғандығын куәландырады.
Неолиттік адамдар керамика, тоқыма секілді табиғатқа тән емес жаңа
материалдар жасап, шаруашылықтың иемденуші түрінен (аңшылық, терімшілік
және балық аулау), оның өндіруші түріне (егіншілік пен бақташылық) жаппай
өте бастады.
Жаңа тас дәуірінде табиғат жағдайы мен географиялық жер жағдайына қарай
даму деңгейі жағынан ерекшеленетін екі үлкен шаруашылық аймақ қалыптасты.
Құрлықтың бір бөлігінде өндіруші шаруашылыққа негізделген мәдениеттер
қалыптасса, екінші бөлігінде әлі де болса, иемденуші шаруашылық өзінің
артықшылығын жоғалтпаған мәдени қауымдастықтар өмір сүріп жатты.
Неолиттік мәдениеттердің өзіндік нұсқалары шоғырланған шаруашылық өзінің
артықшылығын жоғалтпаған мәдени қауымдастықтар өмір сүріп жатты.
Неолиттік мәдениеттердің өзіндік нұсқалары шоғырланған бірсыпыра
аймақтарды бөліп қарауға болады. Олар: а) Ресейдің еуропалық бөлігінің
оңтүстігі (Қырым, далалы және орманды дала аудандар); ә) Кавказ бен оның
күнгей беті; б) Орта Азияның оңтүстігі; Солтүстік Орта Азия мен Қазақстан; в)
Ресейдің еуропалық бөлігінің орманды жазығы; Урал мен Батыс Сібір; г) Байкал
маңы мен Шығыс Сібір; ғ) Якутия мен Солтүстік- Шығыс Азия; д) Қиыр
Шығыс. Осы аймақтардың әрқайсысында тас құралдарды жасау, шаруашылық
бағыты, дәстүрі, ыдыс жасау және оны өрнектеу нақышы жағынан
ерекшеленетін адамдар ұжымдары өмір сүріп жатты.
Неолиттiк тайпалардың Орта Азияны мекендеген бiр бөлiгi Еуразия
құрлығында барлығынан бұрын б. з. д. 6-мыңжылдықта ерте егiншiлiк кәсіпке
көшкен. Осы тайпалар қалдырған ескерткiштердiң кешенi олардың iшiндегi
бiршама жүйелі зерттелген қоныстың атымен
Достарыңызбен бөлісу: