Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет31/80
Дата15.11.2023
өлшемі1,13 Mb.
#123987
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   80
Байланысты:
О улы аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі

триполь-
кукутени»
деп аталған энеолиттік мәдениет таралған жерлер. Осы мәдениетке 


жататын ескерткіштерді зерттеудің үлкен тарихы бар. Мәдениеттің ерте, орта 
және кейінгі деп аталған үш кезеңі мен жекелеген хронологиялық мерзімдегі 
жергілікті нұсқалары белгілі. Үлкен аймаққа таралған энеолиттік қоныстар 
бірқатар өзіндік ортақ белгілері бойынша топтастырылады. Олар – таспен қатар 
мыс құралдардың пайда болуы, кетпенді егіншілік пен үйде мал асыраудың 
басымдылығы, сырты безендірілген ыдыстардың, балшық үйлердің болуы мен 
егіншілікке табыну. Зертелген қоныстардың 150-ге жуығы мәдениеттің ерте 
кезеңіне жатады. Ең бастапқы кешендерде сыртына сурет салынған ыдыстар 
кездеспейді. Алғашқы кезеңнің қоныстары Трансильвани, Карпат бауырайлары, 
Прут өзені өңірі мен Орталық Малдовада таралған. Днестрдің бойында 
орналасқан Флорешты, Александровка І, Лука-Врублевецк және Бернашовк 
қоныстарында жүргізілген қазбалар нәтижесі триполь-кукутение мәдениеті 
Карпат тауының шығыс бауырайлары мен Оңтүстік-Шығыс Трансильвани 
өңірін б.з.д. V-ІV мынжылдықта мекендеген мәдениет негізінде қалыптасқанын 
көрсетеді.
Триполь-кукутени мәдениетінің ортаңғы кезеңінде керамика өндірісі мен 
оның сыртын өрнектеу жедел дамыды. Бұл кезеңнің қоныстары бірнеше 
ондықтан тұрады. Солардың ішінде Коломийщин мен Владимовка қоныстары 
едәуір жақсы зерттелген. Коломийщин шатқалында 6000 кв.м. аумақ жерден 
дөңгелене орналасқан 39 балшық алаңшалар ашылған. Бұл алаңшалар 
балшықтан салынған үйлердің орындары болып шықты. Сушково қонысынан 
табылған осындай үйдің қалпына келтірілген моделі тік бұрышты, ортасынан 
екіге бөлінген. Есіктен кіргенде оң жақта пеш, оның бір шетінде сыпа 
орналасқан. Бөлменің бір бұрышында дән үгітіп отырған әйелдің кішкене мүсіні 
орнатылған. Оның жанында ыдыс тұр.
Трипольдық мекендер тұрғындарының негізгі кәсібі – кетпенді егіншілік. 
Дән қалдықтары, бидай, арпа, тарының сабақтары мен қауашақтары және 
олардың іздері үй салуға пайдаланылған балшықтарда қалған.
Трипольдықтардың 
егіншілікке 
қатысты 
идеологиялық 
түсiнiктерi
ыдыстарының сыртына салынған суреттерінде айқын көрiнiс тапқан. 
Ыдыстардың сыртындағы күрделi де тұрақты өрнектер дiни мағыана берiп, 
олардың айнала қоршаған орта мен кеңiстiк жайлы түсiнiктерiн аңғартады. 
Өрнектерде көбiне, жаңбыр мен жел, күн мен түн, жыл мезгiлдерiнiң ауысулары 
бейнеленедi. Сонымен қатар жануарлар, өсiмдiктердiң жапырақтары, жер 
жырту мен егiн салу секiлдi шаруашылық көрiнiстерi де суреттелген. 
Балшықтан кейде сүйектен жасалған энеолиттiк әйел бейнелерi оларды береке 
мен құнарлылық құдайы ретiнде дәрiптегендiктi сездiредi. Осы дәуiрге жататын 
триполь
мәдениетi өкiлдерiнiң кетпендi егiншiлiк және үй маңындағы 
бақташылықпен айналысқаны анықталып отыр. Дәлел ретiнде қазба кезiнде 
табылған әртүрлi дәндi дақылдардың қалдықтары мен егiншiлiкте пайдаланған 
еңбек құралдарын айтуға болады. Астық жинаған орақтардың тұтас тастан, 
мыстан және тiстерi микролиттерден құрастырылған түрлерi де кездеседi. 


Трипольдық мекендерден табылатын елік, бұғы, құндыз бен қоян секілді 
жабайы жануарлардың сүйектері аңшылықтың да қоғам өмірінде маңызы 
жойылмағандығын білдіреді. 
Триполье-кукутени мәдениеті өзінің өрлеу кезеңінде батыстағы көрші 
мәдениеттермен қатынасқа түскендігін байқатады. Әсіресе, Гумельница, Орта 
Стог ІІ және Злото тайпаларымен өзара байланыста болған. Үлкен аумақты 
алған мекенжайлар мен оларды қазу кезінде табылған қысқа шоқпарлар 
(биліктің белгісін білдіретін белгі) тұрғындардың арасында әлеуметтік жіктің 
басталғанын білдіреді.
Триполье-кукутени мәдениеті дамуының кейінгі кезеңінде қауымдастықтың 
таралу аймағы едәуір кеңейген. Олар Волын төңірегінен Қара теңіздің 
жағалауларына дейін, батыста Карпат маңынан Ортаднепрге дейінгі аралықты 
жайлады. Осы аймақтан трипольдық қоныстардың үлкенді-кіші қалдықтары 
мол табылған. Мәдениеттің кейінгі кезеңіне жататын қабаттарының 
радиокарбонды анализ бойынша алынған уақыты - б.з.д. 3000 – 2200 жылдар 
аралығы.
Құрамында 444 мыс еңбек құралдары бар 
Карпун
көмбесiн зерттеу 
трипольдықтардың еңбек құралдарын Балкан-Карпат таулы аймақтарынан 
алынатын таза мыстан жасалғандығын анықтауға мүмкiндiк бердi. Көмбеден 
табылған мыстарды зерттеу триполдықтардың мысты қыздырып соғуды
оларды дәнекерлеуді білгендігін, ал балқытуды әлі игермегендігін анықтау 
мүмкіндігін берді. Олардың ішінде еңбек құралдары, әшекей бұйымдары мен 
антропоморфты және ғұрыптық заттар бар.
Трипольдықтардың арғы тегi жайлы ғылымда ортақ көзқарас жоқ. Бiр-бiрiне 
қайшы келетiн екi пікір қалыптасқан: бiрiншiсi бойынша, триполь тұрғындары 
Балкан жарты аралынан келген. Екiншi пiкiр бойынша, триполь мәдениетi 
жергiлiктi нолиттiк тайпалардың негiзiнде қалыптасқан. Олардың тарих 
сахнасынан түсiп қалуы жайлы да ортақ көзқарас жоқ. Кейбiр зерттеушiлер 
оның басты себебi ретiнде б.з.д. II мыңжылдықта шаруашылықта болған 
өзгерiстермен, яғни бақташылықтың дамуымен, ендi бiреулерi бұл жерлердi 
бақташы тайпалардың жаулап алуымен байланыстырады.
Энеолит дәуірінде триполье-кукутени мәдениетімен қатар Молдова мен 
Украинаның жерінде басқа да мәдениеттер тіршілік кешкен. Мәселен, Дунай 
мен Прут өзендерінің төменгі сағасынан гумельница мәдениетінің ерте кезеңіне 
жататын ескерткіштер ашылып, зерттелген. Бұл аймақта б.з.д. ІV мыңжылдыққа 
жататын 20-дан астам мекенжайлар ашылған. Солардың ішінде біршама 
тиянақты зерттелгені – Белградтың маңындағы мекенжай. Дунайдың сол 
жағалауларына адамдар Солтүстік Добрудж жағынан келген деп есептеледі. 
Жоғарғы Висла мен Жоғарғы Днестр аралығында зимно-злот мәдениеті 
мекендеді. Олардың кішігірім мүйістерде орналасқан, сыртынан дуал мен ор 
қоршаған шағын қоныстары белгілі.


Б.з.д. ІV ортасынан ІІІ мыңжылдықта Рейін мен Полесьяға дейін, шығыста 
Буг пен Днестрдің жоғарғы ағысындағы аралықта трипольдықтардың көршісі 
воронка тәріздес кубоктар мәдениеті тіршілік кешкен. Шығыс Еуропаның 
елеулі аумағын қамтыған осы мәдениет өкілдері шаруашылықтың өндіруші 
нысанының таралуына елеулі үлес қосқан деп саналады. Б.з.д. ІІІ мыңжылдықта 
Еуропаның Эльбадан Орта Днепрге дейінгі аймағында шар тәріздес амфор 
мәдениеті қалыптасқан. Осы мәдениеттің ескерткіштері кейінгі триполь және 
варонка тәріздес кубтер мәдениеті қоныстарымен қатар тіршілік кешкен.
Неолиттік отырықшы егіншілік пен бақташылықтың елеулі орталықтарының 
бірі – Орта Азия болды. Осы өңірдің оңтүстiк аудандарындағы энеолиттік 
тіршілік
жейтүн
егiншiлiк мәдениетiнiң негiзiнде қалыптасып, дамыды. Бұл 
өңiрдiң энеолиттiк мәдениетiн зерттеуде олардың құрылыс салу дәстүрiнде, 
еңбек құралдарында, ыдыс өрнектерiнде, балшықтан жасалған әйел 
бейнелерiнде трипольдықтармен ұқсастық барлығы байқалады.
Түрікменстан жерiндегi Анау, Намазга тепе қоныстарын зерттеу үлкен 
ғылыми маңызға ие. Қазба жұмыстары нәтижесi олардың жейтүннен де жоғары 
дамыған егiншiлiк мәдениеттiң ескерткiштерi екендiгiн көрсеттi. Бұл 
мәдениеттер өкiлдерiнiң өсiрген дәндi дақылдарының iшiнде арпа басым. Олар 
қой, ешкi iрi қара бағып, ит ұстады. Бiрсыпыра кейiнірек түйенi қолға үйреттi. 
Еңбек құралдарының басым көпшiлiгi (кетпен, орақ, дән үгiткiштер) тастан 
жасалғанымен, олар мысты да бiлдi. Анаудың төменгi қабатының өзiнен инелер, 
түйрегiштер, жапырақ тәрiздес пышақтар мен әшекей бұйымдары кездеседi. 
Қазба кезiнде шыққан сыртында өрнегi бар саз ыдыстар, құрылыс қалдықтары, 
әйелдер бейнелерi бұл мәдениеттiң энеолит дәуiрiне жататындығын көрсетедi.
Орта Азияның оңтүстiгiнде қалыптасқан осы мәдениеттер Иран мен 
Алдыңғы Азияның энеолиттiк мәдениеттерiмен тығыз байланысты және 
Оңтүстiк Еуропа мен Азияның егiншi мәдениеттерiмен бiрқатар ұқсастықтары 
бар. 
Мәдениеттердiң бiрiнен соң бiрi жалғаса дамуы археологтарды әр уақытта 
қызықтырған. Осы мәселеде Түрікменстанның егiншi тайпаларының 
мәдениетiнiң даму кезеңдерi аса үлкен маңызға ие. Анау тепедегi мәдени 
қабаттардың бiрiнен соң бiрiнiң кезектесiп қалыптасуына қарай төрт кешен 
анықталды: Анау I б. з. д. 4500 – 3200- жылдарына; Анау II б. з. д. 3200 – 2400- 
жылдарға; Анау III және Анау IҮ қола дәуiрге жатады. 
100 гектардан астам жерді алып жатқан Намазга тепеде жүргiзiлген 
зерттеудiң материалдары бұл қонысты алты хронологиялық кешенге бөлуге 
мүмкiндiк бердi. Солардың І – ІІІ қабаттары мысты тас дәуіріне жатады. 
Оңтүстік Түрікменстанның энеолиттік кешендері көрші Иранның Сиалық және 
Гиссар секілді егіншілік мекендерінің стратиграфиясымен сәйкес келеді.Сиалық 
І-дің б.з.д. VІ – V мыңжылдыққа жататын қабатынан қола құралдардың 
алғашқы үлгілері табылған. Иранның тау жазықтары мен Таяу Шығыста 
энеолиттік егіншілік мәдениеттердің кең қанат жайғаны жайлы Сиалық ІІІ, 


Сузы І, Джова, Тали Бакун, Гисар І қоныстарының б.з.д. V мыңжылдықтың 
соңы мен VІ мыңжылдықтың басына жататын қабаттарынан белгілі.
Иранның батыс жағындағы Кіші Азия жерінде де б.з.д V мыңжылдықтың ерте 
егіншілік кешендері ашылған. Балшық үйлер мен мыс құралдар, сырты 
безендірілген ыдыстар мен теракоталық статуэткалар осы өңірге тән. Ирак 
жеріндегі Хасун мәдениетінің Жарым төбе І мекенжайынен табылған мыс 
құралдар мен өрнекті ыдыстар осы мезгілге жатады. Осы айтылған өңірлердегі 
мәдени-шаруашылық байланыстар сонау мезолит және неолит дәуірлерінен 
бастап сабақтасып келе жатқанын байқау қиын емес.
Орта Азияның энеолиттік ескерткіштерін Иран мен Месопотамияның 
археологиялық материалдарымен қатарластыра қарау Намазга І ерте, Намазга ІІ 
дамыған, Намазга ІІІ кейінгі энеолитке тұспа-тұс келеді деп қорытынды жасауға 
негіз болады. Мәдениеттің орталығы Намазга I – б. з. д. V – I V - 
мыңжылдықтарға жатады. Мұнда егіншіліктің дамуы жалғасты. Егінді таяқ 
қазғыштармен қопсытқан. Негізінен арпа мен бидай егілді. Үй жануарларынан 
сиыр, қой, шошқаның сүйектері жиі кездеседі. Қамкірпіштердің алғашқы 
түрлері пайда болды. Бір бөлмелі үйлерге жалғастыра қамбалар мен қоймалар 
салынған. Қоныстардың аумағы аса үлкен емес, 2 га көлемінде. Осы кезеңнің 
соңында аумағы 10 гектарға жеткен қоныстар қалыптасты. Алғашқы мыс 
бұйымдар табылған: олар – әшекейлер, екі жағы жүзделген пышақтар, төрт 
қырлы біздер. Металлографиялық анализ олардың балқытып құйылғандығын 
анықтады. Кейбір заттар бір жақты қалыпта құйылған. Тас құралдар өте сирек 
кездеседі. Олардың сиреуі металдың пайда болуымен түсіндіріледі. 
Ыдыстары жартылай сфера тәріздес түбі тегіс. Бір түсті сыртқы 
өрнектері батыс пен шығыста едәуір ерекшеленеді. Балшықтан жасалған конус 
тәріздес ұшықтың бастары жиі кездеседі. Сол кезде әйел адамның құдайдай 
құрметтелгенін білдіретін балшықтан жасалған жалаңаш әйел мүсіндері көп 
табылды. Жерлеу орындары әдетте, қоныстың аумағында орналасқан. 
Марқұмның қол-аяғын бауырына бүгіп жатқызып, үстінен жоса сепкен. 
Бастарын бір бағытта қою тәртібі сақталмаған. Жерлеу заттары кедей, 
әлеуметтік теңсіздік белгілері байқалмайды. 
Орта Азиядағы Қаратөбе, Геоксур І, Алтынтөбе мекендерінің материалдары 
энеолиттің ерте кезеңіне жататын материалдар берген. Олардың астыңғы 
қабаттары 2 – 3 мыңжылдық уақытты қамтиды. Ал жоғарғы қабаттары қола 
дәуіріне сәйкес келеді. Көптеген энеолиттік мекендер жекелеген оазистерге 
топтасқан. Солардың елеулілерінің бірі – Тежден атырауындағы Геоксур 
оазисі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет