суғару жүйелерінің алғашқы нышандары зерттелген. Үй жануарларынан қой
мен шошқаның сүйектері көп кездеседі. Мысты пайдаланудың түрлі
тәсілімен
қатар, алтын мен күмісті өңдеуді де игергендігі сезіледі. Олардан жасалған
әшекей бұйымдары табылған. Мыс құралдардың бұрынғы түрлерімен қатар, ара
мен мыс балта кездеседі. Тас құралдар саны азайған. Олар құрамалы
құралдардың тістері, жебенің ұштары, дәнүгіткіштер.
Ыдыстар – жартылай сфера, конус тәріздес саптаяқтар, құтылар, тостақтар.
Әшекейлері күрделі, көп түсті өрнектер. Олардың нақыштары батыс пен
шығыста едәуір өзгеше. Жалпақ мықынды, жұмыр кеуделі әйел мүсіндері мен
жануарлардың мүсіндері көп көп.
Жерлеу орындары басы оңтүстікке қараған жеке қабірлерден тұрады. Кейбір
жағдайларда жерлеу шұңқыры қамкірпішпен өрілген. Жерлеу заттарының
айырмашылығы әлсіз де болса байқалады. Жас баланың қабірінен гипстен
жасалып, сырты алтын, күміс жапырақшалармен қапталған 2500
моншақ
шыққан. Солтүстік Ауғанстаннан әкелініп, осында өңделген лазурит моншақтар
осы кезеңде таралады.
Орта Азиядағы мысты тастың соңғы кезеңі ескерткіштері
Намазга Ш,
Геоксүр, Қаратөбе және Алтынтөбе
қоныстары
.
Алғашқы екі кезеңнің
арасындағы уақыт шекарасын анықтау мәселесінде ғалымдардың пікірі ортақ
емес. Шартты түрде Намазга ІІІ-тің соңы б.з.д. 2750 жылға мерзімделеді. Бұл
кезде батыс пен шығыс аудандардың арасында жергілікті елеулі ерекшеліктер
қалыптасады. Бұл, әсіресе, олардың ыдыстарында анық көрініс тапқан. Батыс
пен шығыстың ірі орталықтары – Намазгадепе мен Алтындепе қалыптасады.
Бұл кезеңнің мекендері барлық түрде – үлкен, кіші және орташа көлемде
болған. Мекендерде үйлер көп, 20-ға дейінгі бөлмелерден құралған.
Мұндай
үйлерде көп жанұялы әулеттер тұрған деп есептеледі.
Егіншілікте үлкен жетістіктер болды. Қолдан жасалған әуіздер мен суғару
каналдары пайда болды. 3 м тереңдіктегі осындай бір әуіздің аумағы 1100
шаршы метрді алады. Су қорының молдығы жылына екі рет өнім алуға
мүмкіндік берген деген пікір бар. Мал құрамы бұрынғысынша, қой сүйектері
басым. Балшықтан жасалған ойыншық арбаның дөңгелегі мен ноқта-бауы
салынған аттың мүсіні жылқыны жұмыс көлігі ретінде пайдаландығын
аңғартады. Энеолиттің соңындағы ыдыстар конус тәріздес тостақтар, құтылар,
кубктар түрінде. Балшықтан жасалған ыдыстармен қатар,
мәрмәр тектес әк
тастан қашалған ыдыстар да кездеседі. Әйел адамдардың мүсіндерімен қатар
сирек те болса, қаба сақалды еркек бейнелері де кездесіп қалады.
Жерлеу орындары көбіне, ұжымдық. Жерлеу заттары жұпыны, күнделікті
ыдыстар, әшекей бұйымдары, т.б.
Түрікменстанның энеолиттік егіншілерінің дүниетанымы көршілес жатқан
басқа да егіншілік аудандармен өте жақын. Ыдыстардың сыртындағы
өрнектердің ұқсастығы және әйел бейнелері соңың куәсі. Әдетте еркін отырған
немесе тұрған әйел бейнесі жұмыр бөкселі келеді. Анау мәдениеті
ыдыстарының сыртындағы геометриялық шартты сызықтар сиқырлы сырға ие.
Анау мәдениетіне тән көптеген элементер (тас
құралдар, тас кетпендер,
ыдыстардың өрнегі, мыстан жасалған заттар) жергілікті энеолиттік тайпалардың
көршілес тайпалармен тығыз байланыста дамығандығын білдіреді.
Кавказ бен оның күншығыс беткейінің энеолиттік мәдениеттері Әзербайжан,
Дағыстан, Армения мен Грузия жеріндегі б.з.д. VІ – ІV мыңжылдықтардың
мекенжайлары негізінде зерттелген. Тек қана Әзербайжан жерінде 50-ден астам
ерте егіншілік мекенжайлар белгілі. Солардың елеулілерінің қатарына
Әзербайжандағы Күлтөбе І, Нахичевани, Тойретөбе І, Иланлытөбе,
Чалангантөбе, Грузиядағы Техут, Армениядағы Адалблур І, Шенгавит І
қоныстарын жатқызуға болады. Сонымен қатар Солтүстік Дағыстанда Гинчи
қонысы зерттелген. Күнгей Кавказдың оңтүстігі
мен орталығында энеолиттік
дербез мәдениеттер ретінде қарастыруға болатын екі жергілікті топ
ерекшеленеді. Күнгей Кавказдың ерте егіншілік қоныстарынан радиокарбонды
анализ бойынша алынған уақыттар б.з.д. 5560 – 3807 жылдардың аралығын
қамтиды. Демек, Күнгей Кавказдағы энеолиттің қалыптасуы б.з.д. VІ
мыңжылдықтан басталып, оның соңғы кезеңі б.з.д. ІV мыңжылдықпен
сабақтасады. Қазірге дейінгі материалдар бойынша Күншығыс Кавказдың б.з.д.
VІ – ІV мыңжылдықтардағы энеолиттік ескерткіштерін: орталықкавказдық және
оңтүстік күнгейкавказдық, деп екі үлкен топқа бөлуге болады.
Орталықкавказ тобын Әзербайжанның батысынан Грузияның Кура өзенінің
ортаңғы ағысына дейінгі аймақ қамтиды. Бұл жерде шулавери-шамутобелік
мәдениет ерекшеленеді. Екінші бір топты Нахичабаннан батысқа қарай
Муганиге дейінгі аралықта таралған ескерткіштер құрайды. Орталықкавказ
тобының ескерткіштері энеолиттің ерте кезеңіне жататындығы анықталған.
Орталықкавказ тобында Шулаверис және
Шомутөбе қоныстары жақсы
зерттелген. Көпшілік қоныстарда біртектес үйлер мен шаруашылық
құрылыстарынан тұратын бірнеше құрылыс қабаттары ашылған. Үй жайлары
дөңгелек келген диаметрі 3 метр келетін балшықтан соғылған. Ошақтары
қабырғаға тақап салынған, төбесі күмбезделіп жабылған. Үйдің ішіне жарық қақ
төбедегі кішкене тесіктен түскен, ошақтың түтіні де сол тесіктен шығарылған.
Үйлер ешқандай ретсіз және тығыз орналасқан. Қоныстардан шақпақтастан
жасалған ұсақ құралдар, адамдар мен үй жануарларының балшықтан жасалған
мүсіншелері. Сүйектен, мүйізден жасалған кетпендер, оседиян мен шақпақ
тастан
жасалған орақ тістері, тас дәнүгіткіштер егіншіліктің болғанын
аңғартады. Сонымен қатар тастан жасалған төстер, шоттар мен балталар ерекше
топ құрайды. Қазбадан бидай, арпа, жабайы бұршақ тұқымдас дақылдардың
дәндері көп табылған.
Нахичаван-мугандық топтың энеолиттік ескерткіштері кішкене ерекшеленеді.
Күлтөбе І мекенжайында балшықтан және тастан дөңгелек немесе төрт бұрыш
етіп соғылған диаметрі 6-8 метр келетін үйлердің орындары ашылған. Тас
құралдары энеолиттік тұрпатта. Күрделі геометриялық нақыштары қызыл, қара
және қоңыр бояғыштармен салынған ыдыстар кездеседі.
Дунайдан бастап, Қара теңіздің солтүстік жағалауларын қамти отырып,
шығысқа қарай созылған Еуразия құрлығының далалық аймақтарында өндіруші
шаруашылықтың малшылық түрі дамыды. Даланың табиғи-географиялық
жағдайы шаруашылықтың осы түрінің еркін дамуына қолайлы еді. Мұнда
егіншілік жекелеген өзен жағалауларында ғана мүмкін болды. Осы аймақтың
энеолит дәуіріне қатысты тың
мәліметтер Қазақстандағы
Ботай
(Көкшетау
обл.) археологиялық мәдениетi ескерткiштерiнен алынды. Ботай мәдениетіне
топтастырылған энеолиттік қоныстар кешені – б. з. д. VI - IIІ мыңжылдық
аралығындағы жылқышы тайпалардың ескерткiштерi.
Ботай мәдениетi көршiлес орналасқан неолиттiк
Достарыңызбен бөлісу: