Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет71/80
Дата15.11.2023
өлшемі1,13 Mb.
#123987
түріОқулық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   80
зарубинец
мәдениеті қалыптасқан. Осы мәдениеттің орталығы айтылған 
территорияның батыс бөлігі деп есептелінеді. Еуропаның шығысындағы ежелгі 
славяндар қалыптасқан аймақта зарубинецтіктер төрт жүз жылға дейін ең көп 
таралған тайпа болған. Бұл – бірнеше туысқан мәдениеттердің дәстүрін бойына 
сіңірген тайпалар. Олардың қоныстары өзендердің қиын қырқаларына 
орналасқан, сыртында қорғаныс құрылыстары жоқ мекендер.
Қоныстар ағаш қабырғалар тындармен (тын – бөренелерден тұрғызылған 
дуалдар) қоршалған. Үйлері тік бұрышты мазанкалар (мазанка – балшық үй). 
Б.з. басында үйлердің басым көпшілігі аумаға 10-15 м кв. келетін жартылай 
жертөлелер түріне көшкен. Шатырлары ортасынан екі жағына қарай құлама 
келген. Қоныстардың мәдени қабатынан қолдан жапсырып жасалған қыш 
ыдыстардың сынықтары, гарпундар, темірден жасалған орақтар, пышақтар, 
найзалар, жебенің ұштары, дәнүгіткі, қолдирмен және ілгіш секілді түрлі заттар 
көп табылады. Шаруашылықтың негізі – кетпенді егіншілік пен мал өсіру. Осы 
мәдениеттің қоныстарының ішінде белгілілері – Гомелдің қасындағы Чаплин 
қалашығы мен Киев қаласына жақын жердегі қалашығы.
Мәдениеттің өзіндік ерекшелік белгісі – жерлеу сауыттары (поля 
погребальных урн) алаңдарында. Бұл дәстүр осы мәдениет тұсында кең 
таралды. Киевтің маңында екі үлкен мола – Корчеватов пен Зарубинец жақсы 
зерттелген. Жерлеу қабірлерінен жартылай жанған сүйектер қыш ыдыстар 
шығады. Археологиялық материалдардың ішінде темір пышақтар, қоладан 
жасалған ілмектер, түйреуіштер, білезіктер көп. Зарубинец мәдениетінің 
этникалық тегі жайлы мәселеде ортақ көзқарас жоқ: зерттеушілердің бір бөлігі 
олардан славяндарды, екінші бір бөлігі балттарды көреді. Ғалымдардың үшінші 
бөлігі осы екі көзқарасқа да қарсы.
ІІ – ІІІ ғасырларда халықтардың ұлы қоныс аударуына байланысты 
Еуропаның көпшілік аудандарында саяси, мәдени және этникалық өзара 
байланыстар жүрді. Осындай қатынасқа зарубинец мәдениеті де түскен. Ұдайы 
қоныс аудару мен өзара ассимиляция ІІІ ғ. басында зарубинец мәдениеті 
өкілдерін Днепрден Донға қарай ығысуға мәжбүр еткен. 
Төменгі және ортаңғы Днепр, Оңтүстік Буга мен Днестрден Қара теңізге 
дейінгі аралықта 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет