Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет68/80
Дата15.11.2023
өлшемі1,13 Mb.
#123987
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   80
Байланысты:
О улы аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі

Херсонес 
Солтүстік Қара теңіз жағалауларындағы антикалық қалалардың ішіндегі ең 
кейін қалыптасқаны (б.з.д. V ғ.) – Херсонес. Қырым жарты аралының оңтүстік-
батысында қалыптасқан бұл қаланың негізін қалаушылар Қара теңіздің оңтүстік 
жағалауындағы Понтилік Геракли қаласынан келген гректер болатын. Бұл 
жергілікті тағы халықтың мәдениетінің ықпалына аз іліккен қала болатын. 
Осындай ерекшелікті қалаға жақын орналасқан тұрмысы аса кедей таулық 
таврлар тайпасы тарапынан грек өнімдерін сұраныстың жоқтығымен 


түсіндіруге болады. Оның үстіне ол тайпалар қала тіршілігіне қастандықпен 
қарады. Б.з.д. ІV ғ. басында қаланың сыртынан салынған күрделі қорғаныс 
қабырғалары осының куәсі. Оның текше тастардан қаланған мұнаралары мен 
айбынды қабырғаларының жалпақтығы 4, биіктігі 10 метрге дейін жеткен. 
Алуан түрлі тәсілмен қаланған қабырғалардың бойындағы оқ ататын ойықтар 
қаланың талай шабуылға төтеп бергенін көрсетеді. Антикалық дәстүрде 
безендірілген орталық алаңда құдайлар мен қалаға еңбегі сіңген әйгілі 
адамдардың мүсіндері және қоғамдық ғимараттар мен храмдар салынған. Қол 
өнері шеберханалары қаланың шет жақтарында орналасқан.
Херсонес өзінің ауылшаруашылық өнімдерімен сауда жасады. Теңіз 
жағалауларындағы ауылшаруашылығы алқаптары Херсонеске қарайтын. 
Мемлекеттің меншігіндегі бұл жерлер қаланың жекелеген тұрғындарына жалға 
берілді. Геракли жарты аралынан ауыл шаруашылығымен айналысқан 
мекендердің орындары табылды. Олар жекелеген усадьбалардан тұрды. Онда 
тұрғын үйлер астық пен еңбек құралдарын сақтайтын қоймалармен қоршалған. 
Усадьбалардың маңындағы жерлер жүзім бақтарына бөлінген. Әрбір мекен 
уақытша қоғаныс қабырғаларымен қоршалған. Ауыл шаруашылығы 
өнімдерінен Херсонес астық пен жүзімді мол өсірілді. Шарап негізінен сату 
үшін өндірілген. Шарап өндірісі жайлы жүзім бақтарынан басқа жүзім езетін 
бөлмелер мен шырын тұндырғыштар, шарап сақтайтын және тасымалдайтын 
алуан түрлі ыдыстардан байқауға болады. Херсонес пен оның маңындағы 
мекендерден табылған анфУралар мен сәнді жасалып, қара түсті лакпен 
сырланған ас ыдыстары, теракота мүсіндері қол өнерінің ішінде құмыра 
жасаудың жоғары дамығандығын білдіреді. Сондай-ақ қол өнерінің тоқыма, 
зергерлік және қару жасау секілді салалары да жақсы жолға қойылған.
Херсонес құлиеленуші демократиялық мемлекет еді. Онда құлдар қолөнері мен 
үй шаруасында пайдаланылды. Басы бос және азаматтық құқы бар тұрғындар 
саяси құқыққа ие болды. Қазбадан табылған мәрмар тасқа қашап жазылған 
херсондықтардың анты б.з.д. ІІІ ғасырда қаланың қақ ортасында тұрса керек. 
Онда әрбір херсондық азамат өз қаласының демократиялық құрылымын 
қорғауға Алланың атымен ант беруі тиіс екендігі жазылған. Херсондықтар 
негізінен қыз құдайға табынған. Қалада оған арнап салынған храм мен 
құрбандық орны ашылды. Херсондықтардың басқа да гректік құдайларға 
табынғандықтары белгілі. Херсондықтардың өмірі таворлар мен скифтер 
тарапынан болған шапқыншылықтан қорғанумен өтті. Әрдайым төнген қауіптен 
мезі болған херсондықтар б.з.д. ІІІ ғ. соңы мен ІІ ғ. басында Понти 
патшалығымен көмек шартына қол қоюға мәжбүр болды. Соңында осы шарт 
қала тәуелсіздігінің түбіне жетті. Б.з.д. ІІ ғ. соңында скифтердің шабуылын 
тойтаруға жіберілген Митридаттың қолбасшысы Диофант скифтерді талқандап, 
олардың астанасы Неапольмен бірге Херсонесті Понтиидің құрамына күштеп 
қосты. Ол туралы қазбадан табылған, Диофанның құрметіне жазылған 
эпиграфиялық ескерткіштерден білеміз. Херсонес І ғасырдан бастап Римнің 


қоластына өтті. Қазба барысында ашылған балық тұздауға арналған ірі ыдыстар 
мен тұздалған балықтар сақталатын қоймалар көптігі херсондықтардың сыртқы 
саудасында балық сатудың негізгі кәсіп болғанын көрсетеді. Қаланың жергілікті 
скиф, тавор, меот, синд, сармат секілді, т.б. тайпаларға бастапқыда гректік, 
сосын римдік мәдени ықпалды таратқан орталықтардың бірі болғанын да 
қазбадан табылған материалдардан байқаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет