көптеген сүйек қалдықтары жиналды. Негізгі еңбек құралы әртүрлі қырғыштар
мен пышақтар ақ кварц және сарғыш құмтастардан жасалған. Тас құралдардың
ұқсас түрлері Еуропадағы: Вертешселеш (Венгрия) және Бильцинисглебен
(Германия), Шығыста: Чжоу-коу-дань (Қытай) тұрақтары кешеніне жақын.
Еуропалық тұрақтардың болған уақыты осыдан 350-600 мың жыл бұрынғы.
Алғабас, Үшбұлақ, Шабақты, Бүркiттi және Шалсай секiлдi мүстьер
аңшыларының тұрақтарының көптiгi Оңтүстiк Қазақстанды алғашқы адамдар
тығыз мекендегенiн көрсетедi.
Мүстьер тұрақтары Қазақстанның
басқа аудандарынан да табылып, жақсы
зерттелген. Олар: Орталық Қазақстанда - Мұзбел, Батпақ 8, Өгiзтау 1,2,
Вишневка, Семiзбұғы 1; Шығыс Қазақстанда: Қанай, Құдайкөл, т.б. тұрақтар.
Мүстьер дәуіріндегі тас өңдеу индустриясын зерттеуге Маңғыстаудағы Шақбақ
ата, Өнежік тұрақтарының материалдары көп үлес қосты. Мұнда құрал жасауға
жергілікті шақпақтастар қолданылған. Көптеген зерттеу қорытындылары
Қазақстанның ежелгі аңшылары питикантроптар мен синантроптардың
замандастары болғандығын білдіреді. Олар өзінің
эвалюциялық деңгейінде
Homo Sapiens фазасына сәйкес келеді. Осы кездегі адамдар тобыры отты
жағуды игеріп, оны ұзақ уақыт сөндірмей ұстауды білді, ірі және ұсақ аңдарды
аулады және жемістерді, түрлі жабайы дақылдарды жинады.
Мүстьер қоғамның өндiргiш күштерi алғашқысына қарағанда едәуiр дамыған
кезең болды. Бұл кезде тас құралдарды жасау әдiстерi бiршама дамыды. Тасты
бөлу, жару тәсiлдерi қалыптасты, тас құралдарының түрлi мақсатқа арналған
түрлерi көбейдi. Қазiргi кезде мүстьерлiк тас құралдарының 60-қа жуық түрлерi
ғылымға белгiлi. Олардың iшiндегi ең көп таралған түрлерi орташа көлемдегi
шапқыштар, кескiштер, қырғыштар мен өткiртұмсықтар, т.б.
Мүстьер кезiнде аңшылық кәсiп бұрынғысынан да жоғары мәнге ие болды.
Бұл кезде негiзгi аңшылық қару ретiнде найзалар қолданылды. Ұштары тастан
жасалған найзалар мен сүңгiлердiң пайдаланылуы аңшылық кәсiптiң
мүмкiндiгiн арттырды.
Дегенмен, аңшылық құралдардың едәуiр жетiлгенiне
қарамай, аңшылықтың ұжымдық түрi (қаумалап аулау) негiзгi болып қала бердi.
Аң аулаудың орасан маңызын тұрақтар мен маусымдық жайларда шоғырланған
мол сүйек қалдықтарынан байқаймыз. Мысалы, Староселье мекенжайынан
есектің 60 мыңға жуық талқандалған сүйектері табылған. Әдетте, жануарлардың
жекелеген түрін аулау қалыптасқан. Мәселен, Кударо І, Навалишенск, Цон
үңгірлері тұрғындары үңгір аюларын, Ильск, Волгоград тұрақтарында
бизондарды, Тесіктас үнгірінің тұрғындары тауешкілерді аулаған. Молдова І,V
және басқада бірсыпыра тұрақтардан мамонттардың сүйектері көп табылған.
Сонымен қатар құстар мен ұсақ жануарларды аулау
мен терімшілік кәсіптер
жалғасын тапты. Су көздеріне жақын тұрақтардың адамдары балық аулауды әрі
қарай дамытты. Кударо І тұрағынан балық қабыршақтарының үлкен
қалдықтары шыққан.
Сақталып қалған ең алғашқы жерлеу орындары да мүстье дәуіріне жатады.
Орта Азиядағы Тесіктас үңгіріндегі және Қырымдағы Староселье тұрағындағы
жерлеулер сол дәуірге тән. Жерлеудің пайда болуы адамдардың өмір мен өлім
туралы танымдық түсініктерімен байланысты. Осы тарихи маңызды факт
мүстьерліктердің қоршаған орта, жан мен тән, осы және о дүние, өмір мен өлім
секілді дүниетанымдық көзқарастарының дамуын растайды.
Достарыңызбен бөлісу: