Тигель
– металл және шыны балқытуға арналған
отқа төзімді балшықтан
жасалған ыдыс.
Торевтика
– металдан жасалған көркем заттардың бет жағын қолдан бедерлеу,
өрнектеу, шекімелеу.
Төрттік кезең
— плейстоценнен бастап қазіргі (голоцен) кезенді қамтитын
геологиялық кезең. Оның басталған
уақыты нақты анық емес, бірақ ол бұдан
2 млн. жылдан астам уақыт бұрын басталғандығы
жөнінде ғалымдар тоқтамға
келген.
Түзету
(ретушь) - өңделіп жатқан құралдың үстінен
ұсақ жарқыншақтар мен
қабыршақтар алу.
Унифас
–
бір шеті өңделген макролит.
Фреска
– әлі кеппеген сылақтың үстінен сары бояумен салынған сурет.
Чоппер
– малта тастан дайындалған ұзындау келген көлемді тас кұралы. Екі-үш
соққымен бір шеті ғана өңделеді.
Чоппинг
–
екі шеті де бірнеше соққылармен өнделген
малта тастан жасалған
көлемді тас құралы.