Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет15/80
Дата15.11.2023
өлшемі1,13 Mb.
#123987
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   80
оббивка»
 
тәсiлi деп аталады. «Чопперлер» мен 
«чоппингтер» деп аталған құралдар малтатастың бір шетін ғана өңдеу арқылы 
жасалды. Шапқыштарды тұтас жұмыртастар мен үлкен жаңқалардан жасаған. 
Ежелгi адамдар үшiн тас қоршаған ортаға әсер ететiн бiрден-бiр құрал болды. 
Еңбек құралдарын жасау үшiн көбiне, малта тастарды пайдаланған. Тасты 
құрал кейпіне келтіру үшін оның бір шетін екінші таспен белгілі бір көлбеу 
бұрышта соғу арқылы өңдеді. Көне тас кезінде ең көп тараған құрал шапқыштар 
болды. Онымен сүйектерді майдалаған, кесу үшін және жер қазуға да 
қолданған. Дегенмен, едәуір ұсақ тас құралдар – ебебейсіз тескіштер, 
өткіртұмсықтар, қырғыштар. Олар еңбек құралдарын жасайтын материалдар 
ретiнде тастан басқа ағашты, сүйектi, ұлутастарды да пайдаланғаны белгiлi. 
Бiрақ бұл материалдар тас секiлдi салмақты да қатты қасиетке ие болмады. 
Сондықтан қолшапқы, қырғыш секiлдi көп мақсатта пайдаланылған тас 
құралдар палеолит кезiнде кеңiнен таралды. Осындай еңбек құралдары сопақша 
келген, бiр шетi ұстауға қолайлы, екiншi шетi кесуге бейiмдеп жүзделген 
(өткiрленген) нысанда жасалды. 
Әмбабап мақсатта пайдаланылған тас шапқыш жұмыстың сан саласында 
пайдаланылған. Онымен кесуге, шабуға, талқандауға болатын еді. Кейбір 
жағдайда қарсы күшке шабу және одан қорғану үшін де пайдаланылса керек. 
Дегенмен, қолшапқы алғашқы адамдардың жалғыз құралы емес еді. Кішкене 
көлемдегі кескіш, тескіш және қырғыш ретінде пайдаланылған жаңқа тастар да 
жиі кездеседі.
Тас өңдеу тәсiлiнде елеулi өзгерiс ашельдiң соңғы кезiнде игерілді. Бұл 
кезде адамдар өзектастың (нуклеус) шетінен бір бағытта соғу арқылы сопақша 
немесе ұзынша келген жұқа пластиналарды жарып алу тәсiлiн үйренді. Ондай 
әдiстi осы түрдегi құралдың алғаш табылған жерiнiң атымен (Париждiң 
маңында) «
леваллуа» 
деп атайды. Өзектастан жарып алынған пластиналық 
құрал жасайтын дайын шикізат еді. Олардың артық жерлерін соғу арқылы 
ұшырып, өткіртұмсықтар, түрлі қырғыштар және тескіштер дайындады. 


Ашельдің соңында бірқатар жерлерде тасты кесектерге талқандап, олардан 
клектонды аталып кеткен құралдар жасаған.
Ашельдік ескерткіштердің орналасуы ежелгі адамдар бірнеше бағыттан 
таралғандығын байқатады. Кавказдың күнгей беттерін Алдыңғы Азия мен 
Африкадан келген тайпалар мекендеген. Днепр маңы Оңтүстік Еуропамен 
байланысты. Мұндағы мәдениетердің өзара ортақ ұқсастық белгісі қолшапқы 
лардан байқалады. Осы мәдени облыстан шығысқа қарайғы аймақта азиялық-
ашель мәдениеттері жатқан. Оларға жалпақ жүзді шомбал шапқыштар, 
чоппингтер мен чопперлер тән. Чоппер мен чоппингтер Қазақстаннан, Орта 
Азия, Алтай, Қиыр Шығыстан табылған және Пәкістан мен Индияның төменгі 
палеолиттік соан мәдениеті ұқсастығы анықталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет