ескерткiштерiн қалдырған кейбiр тайпалардың бiр қатарының аттары бізге
жазба деректер бойынша жеткен – скифтер, сақтар, сарматтар, ғұндар; ендi бiр
қатарының аттары белгiсiз, олар заттай және рухани мәдениетiнiң
ескерткiштерiн ғана қалтырған. Осы ұлан-ғайыр
жердiң археологиялық
заттарының басым көпшiлiгi бiр-бiрiне өте ұқсас. Оны жебенiң қоладан
жасалған ұштарынан, қанжарларынан, тұрмыстық
заттары мен әшекей
бұйымдарының бiртектестiгiнен байқаймыз. Бұндай ұқсастықтың негiзгi себебi
бар. Оны осы аймаққа жаппай тараған малшылық пен кетпендi егiншiлiктiң
жалпыға бiрдей ортақтығынан көремiз. Олардың материалдық мәдениетi ғана
жақын емес, сонымен қатар жергiлiктi Еуропа тектес нәсiлдер мен үнді-ирандық
нәсiлдердiң қосындысынан тұратын этникалық тегi де бiр едi. Ерте темiр
ғасырының ежелгi халықтары мен тайпаларының
мәдени жетістіктері
көршiлес Грекия, Рим, Парсы, Қытай секiлдi алдынғы қатарлы дамыған
елдермен өзара тығыз мәдени байланыста қалыптасып дамыды.
Осынау үлкен жерді мекендеген шаруашылығы мен өнері, әдет-ғұрпы мен
салт-дәстүрі жағынан өзара туысқан тайпалар
бірлестіктері антикалық
авторлардың жазбаларында скифтер деп жинақтаушы атпен аталған. Соның
ішінде Орта Азия мен Сібір жерлеріндегі тайпаларды азиялық скифтер деп
көрсеткен. Ал оның құрамында массагеттер,
исседондар, аримаспылар,
агрипейлер, дахтар, т.б. көптеген тайпалар болғаны да айтылады. Ал Ахеменид
әулетінің патшаларының бірі І Даридің бұйыруымен Бехистун жартасына қашап
жазылған жазуда Орта Азия мен Қазақстанды мекендеген тайпаларды
(скифтерді) сақтар деп атаған. Бұл жайында б.з. алғашқы ғасырында өмір сүрген
ежелгі Рим оқымыстысы Плиней (әкесі): «Яксарттың арғы бетінде скиф
тайпалары өмір сүреді, парсылар оларды сақтар деп атайды ... скиф халқының
санында шек жоқ ... олардың
ішіндегі әйгілілері сақтар, массагеттер, дайлар,
исседондар ... аримаспылар», - деп жазған.
Б.з.д. 1-мыңжылдықтың екiншi жартысында далалы аймақтарды мекендеген
тайпалар алғашқы қауымдық қоғамның ыдырап, соғыстың күшейген
жағдайында ру-тайпалардың әскери-саяси одаққа бiрiккен күрделi дәуiрiн
басынан өткiздi.
Еуроазия даласындағы скифтер мен сақтардан
қалған археологиялық
ескерткiштерде екі ғасырға жуық уақыт аралығында жүргiзiлiп келе жатқан
зерттеу жұмыстары ғылым үшін мол мәлiмет берді. Сол мәліметтерді
хронологиялық және территориялық жағынан топтастыра отырып,
Батыста
Қырым мен Қара теңiз жағалауларынан бастап, Шығыста Алтай мен Оңтүстiк
Сiбiрге дейiнгi ұлан-байтақ жердi қамтыған ұлы мәдениетiнiң үш орталығы
болған деп айтуға болады:
Достарыңызбен бөлісу: