Еуразия археологиясы осы кезеңде зерттеу мақсаты, мерзімдік шекарасы мен
әдістері жағынан ерекшеленетін бірнеше бағыттарға бөлінеді. Олар: тас дәуірін,
қола ғасырын зерттейтін антика, скиф-сармат, сақ-үйсін, түркі дәуірі, славян-
орыс археологиясы. Бұл – тарихи қалыптасқан, өзіндік тәжірибесі бар, белгілі
бір зерттеу мақсатына жұмылдырылған бағыттар. Бұрынғы КСРО
республикаларында жергілікті ғылыми орталықтар дербес зерттеулерін
жандандырды. Материалдық мәдениет тарихы тұрғысынан дамыған Еуразия
археологиясының қоғамдық құрылысты қалпына келтіру тәжірибесі жеткіліксіз
болды. Ғылымды озбырлықпен тарихи материализм қалпына салу дәстүрі
«өркениет», «әлеуметтік құрылыс» секілді тарихи категориялардың дамуына
кері әсерін тигізіп, археологиялық қайта жаңғыртуды белгілі бір кестелік
принципке жүгінуіне әкелді.
ХХ ғасырдың соңында КСРО ыдырағаннан кейін Еуразия археологиясы
жекелеген орталықтарда дамып, өзара байланыс әлсіреді. Еуразиялық дамуға
көптеген елдер өз ұлтының мүддесі тұрғысынан қарауға бейімделді. Осы
талпыныста нақты, шынайы тұжырымдармен қатар асыра сілтеушіліктер мен
бұрмалаушылықтар да кездесіп жатады.
Достарыңызбен бөлісу: