жаппай игеру мен оларға қоныстану да тас ғасырынан басталады. Тас
ғасырының басында Алдыңғы Азия, Солтүстiк Африка және Оңтүстiк Еуразия
жерлерiн ғана мекендеген адамдар, тас ғасырының соңында жер бетiне
толықтай таралып, бос жатқан жерлердi меңгердi.
Тас ғасырында адам қоғамның дамуына үлкен үлес
қосқан бiрқатар
жаңалықтар (ашылулар) жасалды. Олардың қатарына от жағу, киiм тiгу, үй
салуды, ыдыс жасауды үйрену, етті пісіріп жеу, жабайы аңдардың кейбір түрін
қолға үйрету және жабайы дақылдарды қолдан баптап, оның өнімін алу секілді
жетістіктерді жатқызамыз.
Көне тас
(палеолит) дәуiрiн зерттеу
Еуразия құрлығының көптеген
аймақтарындағы адамның тiршiлiгiнiң iздерi сақталған археологиялық
ескерткiштердi қазу арқылы жүзеге асырылады. Көне тас дәуiрi бiздiң елiмiздiң
жерiнде б.з.д. 1 млн. жылдан астам уақыттан басталып, б.з.д. 10-шы
мыңжылдыққа дейiн аралықты қамтыды.
Көне тас ғасыры
төменгi
және
жоғарғы
немесе
ерте
және
кейiнгi
тас болып екi кезеңге бөлiнедi. Төменгi тас
өмiр сүрген уақыт аралығы тұрғысынан 1 млн. жылдан 40 мың жылға дейiнгi
аралықты, жоғарғы тас б.з.д. 40 мың жылдықтан 10 мың жылдыққа дейiнгi
аралықты қамтиды [Тақырыпты меңгеру барысында
адамдардың бос жатқан
жерлердi игеруi, тас өңдеу iсi мен еңбек құралдарының жетiлу дәрежесi,
адамдардың бет бейнесiнiң қалыптасуы төменгi тастың кезеңдерiнде қалай
жүргендiгi мен шаруашылықпен қоғамдық қатынастардың
қайсысы олардың
қайсысына сәйкес келетiндiгiне көңiл аударылады].
Достарыңызбен бөлісу: