Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет7/80
Дата15.11.2023
өлшемі1,13 Mb.
#123987
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   80
Байланысты:
О улы аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі

Бірінші кезең
(ХVІІІ – ХІХ ғ. басы) – археология қалыптасуының алғашқы 
даму кезеңі. Бұл кезде скиф-сақ қорымдары, антикалық қалалар, қола дәуірі 
қорғандардың алғаш қазылып, археологиялық мұралардың қорлануы басталған. 
Дегенмен, бұл кезеңдегі археологиялық ізденістерді дердес ғылыми зерттеулер 
деп айтуға болмайды. Өйткені археологияның ғылыми әдістемелік тәжірибесі 
әлі түпкілікті қалыптаспаған кез-ді. Жүргізілген қазба жұмыстары әуесқойлық 
деңгейдегі, ескерткіштерден көне бұйымдарды қазып алумен шектелген-ді.
Еуропа мен Ресейде археологиялық зерттеулердің негізгі қарқыны ғылыми 
энциклопедизм қалыптаса бастаған ХVІІ ғасырдан басталады. Еуропада 
археология ғылымы өткен тарихқа деген қызығушылық артқан ағартушылық 
дәуірдегі қажеттіліктен туды. Археологияның алғашқы тәжірибесі Везуви 
жанар тауы (вулканы) атқылаған кезде қираған (79 ж.) Помпей мен Геркуланум 
қалаларының орнын қазудан басталды. Помпейді қазу арқылы осыдан 1600 
жылдан артық уақыт бұрын өмір сүрген қала тұрғындарының тіршілігін 
сипаттайтын мәліметтер алынды. Зерттеу барысында тұрмыстық заттар мен 
еңбек құралдары, т.б. олжалар қаншалықты маңызды дерек екендігіне 
ғалымдардың көзі жетті.
Археология мен оған қатысты заттар жайлы алғашқы мәліметтер ХVІ – ХVІІ 
ғасырларының өзінде белгілі бола бастаған. Бірақ бұл археология ғылымының
басы емес еді. Осы кезде Ресейдің қоластына жаңадан енген шығыс аймақтарды 


өз еркімен игеруге әрекет жасаған еркін белсенділер көп болған. Оларды 
қызықтырған бос жатқан жерлердің табиғаты, минералдық шикізаттары, сонда 
тұрған адамдардың әдет-ғұрпы мен археологиялық ескерткіштері болды. 
Сондай алғашқы игерушілердің қатарында В. Поярков, Е. Хабаров, С. Дежнев 
секілді көптеген есімдері тарихқа айналған тұлғалар бар.
Сібір мен Алтайдың жеріндегі қорғандарды қазып, ішіндегі алтын, күміс 
заттарды алу үшін қазу науқаны басталды. Қазып алынған көне заттар Тобыл, 
Томск және Краснояр базарларында сатылды. Археологиялық заттарды негізгі 
сатып алушылар елшілер мен ақсүйектер болатын. Ресейде археологиялық 
коллекциялар алғаш осылай жиналды. Кейбір көне бұйымдар осындай жолмен 
шетелдерге де кетіп жатты. Сібірді игеруші Демидов сыйлаған І Петрдің 
«Сібірлік коллекциясы» осылай пайда болды. Археологиялық заттарды 
Петербургке сібірлік шонжар М.П. Гагарин де жіберіп тұрған.
Мемлекет тарапынан археологиялық ескерткіштерді қорғап, көне заттарды 
жинау әрекеттері Ресейде ХVІІІ ғасырдан бастап жолға қойыла бастады. Осы 
істің басы І Петрдің 1718 жылы «Сібірлік коллекцияны» алғаннан кейін 
шығарған жарлығы. Жарлықта: «Егер кімде-кім жерден немесе судан көне 
заттар тауып алса... алып келсін, ол үшін заттың құнына қарай төлем төленеді»,
– делінген. Екінші жарлық бойынша табылған заттың орны және өзін сызып 
алу туралы айтылған. Ең алғашқы археологиялық қазбаны 1722 жылы Сібірдегі 
Абакан-Перевозной ауылының маңында Г.Д. Мессершмид пен Ф.И. 
Страленберг жүргізді. 1733 – 1743 жылдары аралығында В.И. Беринг басқарған 
алғашқы академиялық экспедиция Сібір мен Қазақстан жерінде зерттеулер 
жүргізді. Экспедицияның мақсаты жаңа кірген жерлердің топографиясы, 
геологиясы мен тарихын зерттеу болатын. Экспедицияның мүшелері И.Г. 
Гмелин, Г.В. Стеллер, Г.Ф. Миллер, С.П. Крашенинников, И. Фишер, Л. 
Делаклоер, А.Иванов, М. Ушаков және Я. Линденаулар Сібір мен Қазақстанның 
археологиялық ескерткіштері жайлы мол материал жинады.
1768 – 1774 жылдары Еділ бойы, Урал, Сібір мен Қазақстан халықтарының 
тарихын, географиясы мен этнографиясын зерттеу мақсатымен ұйымдас 
тырылған екінші академиялық экспедиция Қазақстанда археологиялық зерттеу 
жұмыстарын жүргізді. Экспедиция мүшелері П.С.Паллас, И.П. Фальк,
И.Г. 
Георги, ІІ.И.Рычков, Х.Барданес археологиялық ескертіштерді топтастыруға 
үлкен үлес қосты. П.И.Рычков өзінің «Топография Оренбург ская» атты 
еңбегінде өзі кездестірген кен алған жерлерді, мыс, қорғасын және қалайы 
қорытатын орындарды сипаттап кетті. 
1763 жылы А.П. Мельгунов Украинада скифтердің үлкен обасын қазды.
ХVІІІ ғасырда орыс тарихшысы В.Н. Татищевтің археология ғылымына 
қосқаны мол болды. Ол түрлі тарихи деректерді жинаумен, археологиялық 
ескерткіштерді бақылаумен де айналысты. Тіпті, археологиялық материалдарды 
жинақтау туралы нұсқау құралын да дайындаған. Ол тарихты география, 
археология және этнграфиямен бірге зерттеуді қолдаған.


Бұл кезеңде осы күнгі түсініктегі археология ғылымы қалыптаспаған, алдына 
қойылған мақсат, міндеті мен ғылыми зерттеу әдістемесі жоқ болатын. 
Дегенмен, археологиялық ескерткіштер мен көне заттарға деген қызығушылық 
көбейіп, сол кезеңге сай ғылыми теория қалыптасты. Мәселен, В. Татищев 
скиф, сармат және славяндардың пайда болуы жайлы теориялық тұжырым 
жасауға әрекет жасаған.
ХІХ ғасырда қанат жайған үлкен көлемдегі қазба жұмыстары археологияның 
ғылымы ретінде дамуына ықпал жасады. Еуропа археологиясындағы бірқатар 
жетістіктер өзінің оң әсерін тигізді. Помпей мен Вульчи зиратындағы қазбадан 
кейін Ассирияның астанасы Ниневиде Г.Лэйяр жүргізілген зерттеуі тамаша 
табыстар әкелді. Археология Ашшурбанипалдың кітапқанасының 20 мыңнан 
астам сына жазу мәтінін әлемге сыйға тартты. Мысырды жүйелі зерттеу 
жұмыстары басталды. Осының бәрі археология мүмкіндігін көрсетіп, 
археологиялық қазбаларға қанат бітірді. Ресейдің оңтүстігінде антикалық 
ескерткіштерді зерттеу басталды.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында дат ғалымы К.Ю. Томсен археологиядағы 
әйгілі ашылыс «үш ғасыр жүйесін» жасады. Ол Копенгаген музейінде жиналған 
археологиялық заттарды олардың жасалған материалдарына қарай топтастыра 
келіп, адамзат баласы тас, қола және темір кезеңдерін басынан өткізген деген 
тұжырым жасады. Ол осы ұлы жаңалығын өзінің «Северные древности» (1831) 
және «Каталог музея в Копенгагене» (1836) атты еңбектерінде тұжырымдаған. 
Адам баласының тарихын археологиялық тұрғыдан кезеңдеудің басы осы 
жаңалықтан 
басталды. 
Томсеннің 
археологиялық 
кезеңдеу 
жүйесін 
жалғастырушы оның шәкірті Я. Ворсо неолит пен қола дәуірі ескерткіштерін 
зерттеу барысында мезгіл анықтаудың салыстырмалы әдісінің нақты заттарға 
негізделген тәсілін ғылымға әкелді. Ол өзінің жаңалығын «Новое подразделения 
каменного и бронзового века» (1859) атты еңбегінде жариялады. Томсен мен 
Ворсоның жаңалығын француз археологы Г. Мортилье жалғастырды. Ол ежелгі 
тас құралдар сапасы жағынан бәрі бірдей еместігін аңғарды. Құралдардың 
бірсыпырасы дөрекі де тұрпайы болса, басқалары едәуір жетілген. Осындай 
ерекшеліктеріне қарай Мортилье көне тасты бірнеше кезеңдерге бөліп оларға 
шартты түрде табылған жерінің атын берді (Ашель үңгірінен табылған тас 
құралдарды ашель дәуірі құралдары деп атаған). Тағы бір дат археологы С. 
Нилсон көне заттарды осы күнгі дамуы жағынан артта қалған қоғамдардың 
құралдарымен салыстыру арқылы белгілі бір теңдестіру жасауға болатындығын 
байқаған. Оның ұсынған тәсілі кейіннен салыстырмалы мерзімдеудің бір 
бөлігін құрады. Осы ашылған жаңалықтар әлемдік археологияның дамуына 
үлкен үлес қосып, Ресейдегі археологиялық ойдың қалыптасуына әсерін тигізді.
ХІХ ғасырдың отызыншы жылдары қазба жұмыстары Ресейде жүйелі түрде 
жүзеге аса бастады. Қара теңіздің жағалауларындағы антикалық ескерткіштерді 
алғаш зерттеген И.А. Стемпковский жүйелі қазба жұмыстарының да негізін 
қалады. 1830 жылы Керчтің маңында скиф патшаларының әйгілі обасы Күлоба 


қазылды. Шығыс Еуразия жеріндегі қазба жұмыстарының жандануына жол 
салушы Зориан Ходаковский болды. Ол славяндардың жерлеу ескерткіштері 
мен қалашықтарын қазды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет