Ашельдің соңында бірқатар жерлерде тасты кесектерге талқандап, олардан
клектонды аталып кеткен құралдар жасаған.
Ашельдік ескерткіштердің орналасуы ежелгі адамдар бірнеше бағыттан
таралғандығын байқатады. Кавказдың күнгей беттерін Алдыңғы Азия мен
Африкадан келген тайпалар мекендеген. Днепр маңы Оңтүстік Еуропамен
байланысты. Мұндағы мәдениетердің өзара ортақ ұқсастық белгісі қолшапқы
лардан байқалады. Осы мәдени облыстан шығысқа қарайғы аймақта азиялық-
ашель мәдениеттері жатқан. Оларға жалпақ жүзді шомбал шапқыштар,
чоппингтер мен чопперлер тән. Чоппер мен чоппингтер Қазақстаннан, Орта
Азия, Алтай, Қиыр Шығыстан табылған және Пәкістан мен Индияның төменгі
палеолиттік соан мәдениеті ұқсастығы анықталған.
Достарыңызбен бөлісу: