бiрде көтерiлiп, бiрде төмендеуi секiлдi табиғаттың ауыспалы құбылысы
адамдардың жер бетiне таралуына айтарлықтай кедергi жасады.
Еуразия
жерiне алғашқы адамдар өздерi мекен еткен едәуiр оңтүстiк аудандардан келдi.
Кавказ бен Қара теңiздiң солтүстiк жағалауларына, Орта Азия мен Қазақстан
жерiнде, Алтай мен Амур өңiрiне қоныс аударған алғашқы адамдар өздерiмен
бiрге ұжымдық тұрмыстың қалыптасқан тәжiрибесi мен еңбек құралдарының
жасалу әдiстерiн де ала келдi.
Адамзат тарихында, әсiресе, оның алғашқы
кезеңiнде табиғи орта үлкен мәнге ие болды. Алғашқы қоғам адамдарының
бүкiл iс-әрекеттерi олардың өздерiн қоршаған ортамен өзара тығыз да тұрақты
байланысты.
Төменгi тас
хронологиялық жағынан кезектесiп келетiн Олдувей немесе
Олдувай (2млң. – 700 мың), ашель (700 – 120 мың) және мустье немесе мустьер
(120 – 40 мың) секiлдi үш кезеңнен өттi. Көне тас – адамның қалыптасу дәуірі:
төменгі таста архантроптар мен палеоантроптар,
жоғарғы таста неоантроптар
(Homo sapiens) немесе неандерталь адамы өмір сүрді. Оңтүстік
аудандарды
алғашқы адамдардың қоныстануы б.з.д. І млн. – 500 мың жылдар аралығында,
яғни ашельдің орта тұсында жүрген. Оған плейстоцен кезінде ауа райының
бірде суып, мұздықтар қалыптасып, артынан күннің қайта жылуының кезектесіп
келуі басты әсер етті. Қалыптасқан мұздықтардың орталықтары Скандинавия
таулары, Таймыр мен Солтүстік Америка болды. Сонымен қатар Альпі, Кавказ,
Алтай және Гималай тауларында да таулық мұздықтар қалыптасты.
Мұздықтардың көп таралған кезінде қазіргі құрлықтың орасан көп бөлігі мұз
құрсауында қалды. Сондықтан алғашқы адамдар
мен тағы жануарлар едәуір
жылы аймақтарға қоныс аударды. Алғашқы адамдар тобырының рулық
құрылысқа өтуі мен бірінші қоғамдық-экономикалық формация – алғашқы
қауымдық құрылыс осы дәуірде қалыптасты. Еуразия жерiнде төменгi тас
(палеолит) дәуiрiнiң тұрақтары негізінен төрт аймақта: – Карпат, Кавказ, Орта
Азия мен Қазақстанда, Оңтүстік Сібірде шоғырланған.
Тисса өзенінің
жағалауындағы Королев тұрағы (В.Н. Гладилин зерттеген) осы күнде ең жақсы
зерттелген ескерткіш. Онда 12 метрлік биіктікте қалыптасқан 15 метр мәдени
қабатың көне тасқа жататын жеті қабаты І млн-нан 40 мың жылға дейінгі
аралықты қамтиды. Ең ежелгі қабаттардан (олардың алтауы ашель уақытына
жатады) табылған чоппер,
бір жақты унифас, шапқыш және қырғыш секілді
құралдар жанартаулық андезиттен жасалған.
Сурет 1. Төменгі тастағы құрал жасау әдісі:
1 – чоппер, 2 – кливер, 3 – қарапайым шапқы, 4 – қол шапқы, 5-6 – қол
шапқыны қолдану және өңдеу әдісі. (А.И. Мартыновтың кітабынан).
Екінші ескерткіш - Оңтүстік Тәжікстандағы Күлдар тұрағын алғаш В.А.
Ранов зерттеді. Мұнда плейстоцендік сары топырақты қабат 100 метрге дейін
жетеді. Бірінші және екінші жағдайда да
сары топырақты қабаттағы
палеолитпен танысамыз. Мұнда 11- және 12- қабаттан табылған құралдар 800
мың жыл бұрынғы.
Үшінші ерте ескерткіш - М. Гусейнов зерттеген Азых үңгір тұрағы
Әзербайжандағы Құрысай өззені бойында. Үңгiрдегі он тіршілік қабаты 1 млн.
жылға жуық уақытты қамтиды. Үңгірден табылған адамның жақ сүйегінің бір
бөлігі маңызды табыс еді. Оның архантроптан палеоантропқа ауысу
сатысындағы адамдыкі екендігі анықталған. Бұл біздің жерімізден алғаш
табылған ең көне адамның сүйек қалдығы болатын. Армениядағы Садани Дар -
ашель дәуірінің әйгілі ескерткіші. Ол жерден табылған тас құралдар түгелге
жуық обсидианнан жасалған. Бұл тас құралдарын жасауға тиімді породаларды
қайдан іздеу керектігін ашель адамдары әлі білмеген кез болса керек. Оңтүстік
Осетиядағы Кударо I,ІІ және Цон тұрақтарын
алғашқы аңшылар мыңдаған
жылдар бойы мекендеген.
Қара теңіздің жағалауында Колхида, Яшт, Гвард, Гали тұрақтары белгілі.
Ашель дәуірінің Орта Азиядағы тұрақтары Күлдар, Селүңгiр, Қарақала;
Алтайда Ұлалы; Қаратаудың бауырайында Шақпақата, Бөрiқазған, Тәңiрқазған,
Жаманайбат, Қосқорған және Шоқтас тұрақтары ашылып зерттелген. Орталық
Қазақстандағы Обалысай және Талдысай аймақтарында төменгі тас тұрақтары
жиі кездеседі. Көне тас құралдарының жекелеген түрлері Ферғана өңірінде,
Тян-Шань тауында және Оңтүстік Сібірде, Қиыр Шығыста да табылған. А.П.
Деревянконың жетекшілігімен зерттеліп жатқан
Алтай тауындағы Денисов
үңгірі төменгі тастың тамаша ескерткіші саналады.
Төменгi тас дәуiрiнде адамдар тас құралдарды өңдеудiң ең қарапайым тәсiлiн
үйренді. Ол археологияда «
Достарыңызбен бөлісу: