іш-киімдік штапель маталар, жібек және жартылай жібек астарлық маталар тоқылады. Сәтендік және атластық айқаспа матаның үйкеліске төзімділігін арттыра- ды. Мұндай маталардың кемшілігі - сусып, ыдырағыш, төсегенде, тіккенде сырғымалы болады. 3.5. суретте сәтендік айқаспа көрсетілген. 75
3.2.2. Майда өрнекті айқаспалар Майда өрнекті айқаспалардың класы екі топқа бөлінеді: қарапайым айқаспаларды өзгерту, күрделендіру арқылы алынатын туынды айқаспалар, қарапайым айқаспаларды алмастыру және құрастыру арқылы алынатын құрама айқаспалар. Қарапайымға қарағанда майда өрнекті айқаспаларда негіз мен арқаудың раппорты әртүрлі болады. Туынды жаймалық айқаспаға репс және рогожка (мақта мата) жата- ды. 3.6 және 3.7 суреттерде майда өрнекті айқаспасы көрсетілген.