түкті жақсы бекітіп, ұстап тұрады. Түкті мақта маталар - жартылай барқыт пен шибарқыт - олардың түгі матаны тоқыма станогынан алғаннан соң қиылады, арқаулық жүйеден тұрады. Күрделі өрімді айқаспаларға қос бетті, қос қабатты, пике, түкті, ілмекті және ажурлы өрімдер жатады. Мұндай маталар бірнеше (үш және одан да көп) негіз және арқау жіптерінен өндіріледі. Қос бетті айқаспалар - жіптердің үш жүйесінен құралады, екі негіз бір арқау немесе екі арқау, бір негіз әр түрлі боялған жүйені қолдана от- ырып, оң және теріс беттерінің түстері әр түрлі матаны алуға болады. Қос қабатты айқаспа - бір-бірімен тығыз айқасқан жіптің 4-5 жүйесінен тұрады. Қос қабатты айқаспаның оң және теріс беттері бірдей немесе кұрамы әр түрлі жіптерден тұрады. Оң және теріс беттеріне әр түрлі түсті жүйе қолданылады өйткені оң жақ беті тегіс боялған, ал теріс беттері меланжды,