Инелердің кетіктері болғандықтан жоғары қабаттағы талшықтар жайғақтың құрылымына терең кіріп араласады.
Сурет 3.26 - Бейматаны инетесімді тәсілмен өндіруге арналған машинаның сұлбасы (а) және оған қолданылатын ине (б) Жайғақ төменгі плита (6) жайғақты ұстап тұрады және нығыздауға көмек болады. Инетесімді беймата машинадан тартқыш жүкпен (7) шығарылып, орау қондырғысының білікшесіне (8) оралынады. Жайғақты инемен тесу кейде екі жағынан екі басты инетесу ма- шиналарында орындалады. Инетесімді беймата жаймалары көрпе, еденге төсегіш, техникалық материал ретінде қолданылады. Өте берік және форма тұрақтылық жайма жасау үшін инетесімді жайманы бай- ланыстырушы сұйықпен сіңдіріп ыстықпен өңдейді. Олар фильтрлер ретінде қолданылады. Инетесімді бейматаның қасиеттері талшық түрінде, құрылымына