Сурет 3.25. Арахне машинасының тоқыла тігу торабының сұлбасы Мұндай жағдайда тоқу-тігу машинасы көзді инелері бар екі тарақтан және тігу жіптерімен екі тізбеорауыштан тұрады. Тізбеорауыштан жіберілетін өзара перпендикуляр немесе бұрышпен орналасқан жіптер жүйелері Малимо (Германия) типті машиналарды келтірілген әдіспен тоқыла тігіледі. Мұндай тәсілмен алынған жайма- лар жіппен тігілген деп аталады. Олар өте берік, қалыпын сақтағыш, мата тәріздес және соның орынына қолданылады. Сирек тоқылған мата түріндегі қаңқаны іліп тоқып тігу Малиполь (Германия) типті машинада орындалады. Тігу жібі шалулар құрастырып жайманың бетінде ілмекті түк пайда болады. Іліп тоқыла тігілген жайманың қасиеттері тек қана жайғақтың құ- рамы мен құрылымына ғана байланысты емес. Тесіп тігетін жіпке. өрімдер түріне,