жүру үшін оларды арнайы тотықсыздандырғыштардың көмегімен суда еритін тұздарына айналдырады. Олар мақта - матала- рымен жақсы сіңіріледі. Соңынан ауадағы оттектің немесе басқа тотықсыздығыштардың әсер етуінен матада қайтадан суда ерімейтін алғашқы түріне көшеді, кубтық бояғыштардың түсі өте көп және матаны ашық түске басады. Кубтық бояғыштармен боялған маталардың бояуы өте берік болады. 105
Күкіртті бояғыш заттарда суда ерімейді. Оларды кубтық бояғыштар тәрізді тотықсыздандыру арқылы суда жақсы еритін тұздарына айналдырып, матамен сіңдіруін қамтамасыз етеді. Талшықтың бойында тотықтырғаннан кейін қайтадан бастапқы түріне көшеді. Бояуының түсі күңгірттеу, ал беріктігі орташа бо- лады. Күкіртті бояғыштармен боялған