4.1-суретте басу машинасының сұлбасы келтірілген. Машиналық сурет басу үш түрге бөлінеді: тікелей, үстінен, жидіте және резервті басу. Ағартылған матаға сурет басу тікелей басу деп аталады. Ашық түске боялған матаға сурет басуды үстінен басу деп атайды. 106
Матаның сурет бастырылған ауданының мөлшеріне қарай матаны келесідей түрлерге бөледі: егер өрнек матаның 40% ауданын алса - ақ жер секілді, 40-60% - жартылай грунтты, 60% жоғары - грунтты. Мақта маталарының сапасын жақсартуға және ассортиментін кеңейтуге сәнді эффект беретін өрнек бастыру әдістері кең тарауда. Маталардың көркем - колористік безендіру мақсатымен рельефті өрнек басу қолданылады. Сонымен қатар металлды жіпті қолданған тәріздес көрінетін