ірі өрнекті өрімді маталар қамқалы бо- лады. Тігін өндірісінде зығыр жаймалары көп қиындық туғызбайды: яғни олар жеңіл төселеді, созылмайды, бояуы жұқпайды, бірақ дөрекі жай- ма кескенде көп қарсылық көрсетеді. Біріктіруші инешаншымға № 110-130 инелері және № 30-60 мақта жіптері қолданылады. Құрылымы бойынша жайма біртегіс тығыз, сол үшін олардың негізі мен арқауы бағытындағы отыруы бірдей және 3-7 % құрайды. Костюмдік-көйлекті маталар - зығыр матасының ассортиментінің ең көп тез дамыған түрінің бірі. Костюмді матаның беттік тығыздығы - 250-290 г/м 2 , көйлектікі - 100-220 г/м 2 . Костюмді-көйлекті маталар тегіс боялған, ағартылған жартылай ақ түсті (кенеп, рогожка) болып шығарылады, ал атласты және ұсақ өрнекті өрімді, 45-85 текс сызықтық тығыздықты ылғалды иірілген иірімжіптен өндіріледі.