білікшеге оралған, киізтүрді беттікті, кейде көрінетін тоқымалы өрімді болады. Бүл маталар шамалы аз массамен, жоғары кеуектілігімен, борпылдақтығымен және жоғары жылусақтағыш қасиетімен сипатталады. Олардың 1 м 2 матаның салмағы 442-580 г, ені - 150 см. Өңделуі бойынша мата ассортименті біртегіс боялған, меланжды болуы мүмкін, маталар көп түсті гаммада боялады. Драптардың топшасы пальто дайындауға арналған, ең қалың, тығыз және кеуекті маталар ассортиментін қүрайды. Бүл драптың әртүрлі артикулдарының көпшілігі қосарланған өріммен өндіріледі және жоғары қалыңдықпен сипатталады. 1 м 2 драптың салмағы 455-751 г, ені - 142 см. Драптың негізгі массасы боялған талшықтан жасалады және әртүрлі әсерге боялудың жоғары