Ішкиімдік тиркотажды жайманың негізгі салмағы осы талаптарды қанағаттандырады, бүдан басқа синтетикалық талшықтардан жасалған кейбір жаймалар, бір жағынан жаймалардың ауа және бу сіңіргіштігін жоғарылату үшін оларды жоғары емес тығыздықты суретті өрімнің әртүрлі туындысынан өндіріледі. Осындай трикотаждан жасалған бүйым тез жуылады, бірақ жайма беттігіне тамған, теріден шыққан тер үшін жиі жуып түруды талап етеді. Жақсы ылғал сіңіргіш және жоғары тозуға төзімділік қасиетпен сипатталатын, мақта-лавсанды иірімжіптен жасалған ішкиімдік жай- малар кеңінен тарады. Жоғары электрленушілікпен сипатталатын, хлоринді талшықтан жасалған трикотаж жаймасының ассортименті емдік ішкиім ретінде қолданылады. Бүйымның сыртқы түрін жақсарту үшін, беттік жағы жібек жібінен, ал ішкиімнің жақсы гигиеналық қасиетін, оның ішінде тердің жақсы сіңуін