меланжды, ала шүбар тоқылған, ақ, баспа суретті, жуылған, металдық жіпті болуы мүмкін. 185
Сыртқы бұйымдарға арналған жаймаларға ішкиімдікке қарағанда, бірнеше басқа талаптар қойылады. Бәрінен бұрын олар қызмет көрсетудің барлық кезеңінде немесе ұзақ уақытта тігін өндірісі бер- ген бұйымның пішінін сақтауды қамтамасыз ететін, пішін тұрақылығы болуы керек. Жоғарғы киімді дайындауға арналған жайма жақсы жылусақтағыш қасиетімен сипатталады. Сыртқы трикотажды өңдеу үшін басты түрде жүн, химиялық талшықтарды, кейде аз мөлшерде мақтаны қолданады. Өйткені мақталы трикотаждық жаймалардың пішін тұрақтылығы төмен және сыртқы түрінің дайындалуы бойынша жүн және синтетикалық талшықтарды қолданады. Трикотажды жайма ассортиментінде басты орынды ала шұбар жайма