тұмсықты, ақшақарлы, қызыл түлкіні, көгілдір түлкі, бұлғын, саз күзені және күзен өсіріледі. Сонымен қатар шаруашылықта жанат, уссуриялық жанатын, ондатр, көгілдір түлкіні, күміс-қара түлкімен бу- дандастыру жұмыстары жүргізіледі. Мал шаруашылығының барлық салалары: мал, қой, ешкі, бұғы, қоян шаруашылығы үлбір және қой ішігінің шикізатын алатын қайнар көз болып табылады. Ірі мүйізді мал үй жануарларының аса көп тобының бірі. Үлбір өндірісінде бұзау үлбірі деп аталатын ірі мүйізді малдың алғашқы түкті жабыны бар бұзау терісі қолданылады. Ең жақсысына биіктігі 1 см дейін болатын қалың, құлпырмалы немесе тегіс, жылтыр түкті қабаты бар терілер жатады. Түкті қабатының биіктігі 2,5 см бо- латын терілер былғары өндірісінде қолданылады. Түкті жабынның 201