өндіру үшін қолданылады. Ашыту терілерге өте жұмсақтық, иілмелі және жақсы тартылу қасиетін береді; - илеу - бұл терілерге қосымша жоғарғы температураға және ылғалға әсеріне шыдамды болу үшін керек болған жағдайда ғана қолданылады. Илеу негізінен хром немесе алюминий тұздарымен жүргізіледі; - майлау бұл пикельдеу, ашыту немесе илеуден кейінгі орындала- тын процесс, және тері өзеңін маймен немесе май эмульсияларымен өңдеуден тұрады; - эпилирлеу - мамық талшықтан тегіс бетті үлбір алу мақсатында қылшық және бағыттауыш талшықты қырқудан тұрады. Оны қоян, ондатр, мысық, теңіз мысығын ұқсату кезінде қолданылады. Қырқу процессі арнайы машинада жүргізеді; - жұлу - бұл өте қатты қылшық және бағыттауыш талшықтары бар терілерде ғана орындалады; - үтіктеу - бұралаңдаған талшықтарды, әсіресе қой талшықтарын жазу