Стандартты сорттауда барлық терілерді қарастырып және тұқымы, бояуы, сорты, ақаулары және өлшемі бойынша топтайды. Тері өндірісінің операциясы болып табылатын өндірістік сорттауда, терілерді түк жабынының биіктігі, қалыңдығы, жібектігі, бояуының реңі және тері өзеңінің қалыңдығы бойынша аса ұқыпты топтау іске асырылады. Жартылай фабрикаттарды стандартты сорттау, көптеген жартылай фабрикаттар үшін жалпы және келесі талаптардан тұратын мемлекеттік стандарттарға сәйкес жүргізіледі: тері өзеңі жұмсақ, таза, жақсы кептірілген, қылшықсыз, түк қалташасын жалаңаштанғанша ойып алма- уы, барлық бағыттары бойынша тартпа беруі тиіс; түкті жабынын шаңнан жақсы тазалауы, оралмауы және тері өзеңімен берік байланысқан болуы тиіс. Алынған терілер жылтыр, тегіс боялған, дақсыз, мыжылмаған,