Терінің экономикалылық өзгермелілігі. Аңдардың және жануарлардың жасы өсе келе, олардың түкті жабынында және өзеңінде өзгерістер жүреді. 208
Түбітті аңдардың барлығына дерлік және үй жануарларының кейбір бөлігінің (мысық, ит, қоян) жастауының терілері аз бағалы, себебі, олардың алғашқы түкті жабыны өте жұмсақ, төмен, жеңіл құлайтын болғандықтан бағалылығы аз. Қылшық шаштары жұқа, бос, және берік емес. Жасы өсе келе бірінші түкті жабыны екіншісімен ауысып, тері өзеңі қатаяды. Белгілі бір түрдегі аңның түкті жабынының және тері өзеңінің сапасы белгілі бір жасқа дейін жақсарады, одан кейін үлбірі күміскеленіп қылшықтана бастайды. Мысалы, күміс қара түлкілердің сапасы бойынша терілері 2-3 жаста болады.