Қазіргі уақытта саз құндызын аң шаруашылықтарында өсіреді.
Белгілері. Саз құндызы тығыз жібекті түбітті және қылшықты, биік,
қалың түкті жабынды болып келеді.
Желке тұсындағы түбіті, жон арқасына қарағанда аса қалың. Түкті
жабынының бояуы сұр қоңыр, жон арқасында, желкесіне қарағанда
қанығырақ. Түбіті сұр-қоңыр түсті, түбітінің ұзындығы 3 см, қылшығы 6 см.
Будандастыру жұмыстарының нәтижесінде түсті саз құндыздары
алынды; ақ, маржанды, алтын, сарғыш, күміс және қара түсті.
Саз құндызы өзендік құндыздан аса күңгірт түбітті және талшықты ұзын
түбіті, аз өлшемділігі және құйрығының домалақ пішінімен ажы- ратылады.
Сурок және тарбаган терілері. Суроктар Забайкалье даласында. Алтай
өңірінде, Солтүстік Қазақстан мен Заволжьеде, сондай-ақ Орта Азия
тауларында, Алтайда, Батыс Забайкале өңірінде, Шығыс Якут және
Камчатка өңірінде мекен етеді (сурет 8.22 а,б).
Достарыңызбен бөлісу: