Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және гылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет397/417
Дата06.01.2022
өлшемі6,36 Mb.
#13660
түріОқулық
1   ...   393   394   395   396   397   398   399   400   ...   417
Құрамалы  қаңқалық  жіптер  жіптердің  мақта  талшықтарымен  не-  месе 
полиноздық талшықтармен жабылған синтетикалық қүрама жіптерден өзегі 
болады.  Қаңқалық  жіптердің  өзегі  капрон  немесе  лавсан  талшықтарынан 
түрады.  Ең  жақсы  жіптер  -  полиэфир  талшықтарынан  (лавсан)  жасалған 
өзегі бар жіптер болып есептелінеді.
 
Сыртқы қабаты  мақта талшықтарымен жабылса қаңқалық жіптер мақта 
жіптеріне  үқсас  келеді.  Полиноз  талшықтарымен  жабылған  қаңқалық 
жіпттердің  беті  жылтыр,  сырт  көрінісі  мерсерленген  мақта  жіптеріне 
үқсайды.  Мақтадан  немесе  полиноз  талшықтарынан  түратын  беттік  қабат 
жіптің синтетикалық өзегін балқып бүлінуден сақтайды.
 
Қүрамалы  жіптер  мақта  жіптерге  қарағанда  мықты,  мақта  жіптерден 
үзаруы 2 есе артық. Мақта жіптерге қарағанда қаңқалық жіптердің оты- руы 
аз, үзу әсеріне 2-3 есе төзімді.
 
Мақта  жіптері  атқаратын  барлық  операцияларда  қаңқалық  жіптерді 
маталардың  барлық  түрінен  сырт  киімдерді,  іш  киімдерді,  жейделерді, 
пижамаларды, блузкаларды, көйлектерді тіккенде пайдаланылады.
 
Таслан  тектес  текстурленген  тігін  жіптері  -  аумақты  жіптер.  Аумақты 
жіптерді  алу  үшін  қарапайым  талшықтарды  ширатқан  кезде  қысылған  ауа 
ағынымен  үрлейді.  Соның  салдарынан  кейбір  талшықтар  ілмек  қүрады,  ал 
кейбіреулері  өзгермейді.  Нәтижесінде  қүрылымы  аумақты  жіп  алынады, 
бетінде  мөлшері  әр  түрлі  ілмектенген  талшықтары  пайда  болады.  Таслан 
тектес  жіптер  аз  және  қатты  со-  зылатын  болып  шығарылады.  Аумақты 
жіптер иілгіш, серпімді және мықты. Тігін машинасында пайдаланған кезде 
таслан типтес жіптер
 
249 


ауа  қабатын  құратын  ілмекті  құрылымының  арқасында  инені  біршама 
салқындатып,  балқу  мүмкіндігін  азайтады.  Сондықтан  бұл  жіптер  жылуға 
шыдамдылығын  арттыру  үшін  арнайы  өңдеуден  өтеді.  Аумақты  жіптер 
мықты, жұмсақ және иілгіш бір тігісті болады. Оларды киімнің бөлшектерін 
жалғастырудың барлық түрлеріне, түйме қадауға, тесік торлауға, іш киімнің 
етегін  тіккенге,  жейде,  блузка,  пижама,  көйлек,  корсет  бұйымдарын, 
трикотаж  киімдер  тіккенде  пайдаланылады.  Со-  нымен  қатар,  жаңа 
маталардан ерлер мен әйелдердің киімін тіккендегі жұмыстың барлық түріне 
қолданылады.
 
Текстурленген  15,6  текс 
х
2  тігін  жібі  сыртқы  көрінісі  мен  қасиеті 
жағынан  құрамалы  синтетикалық  жіптерге  ұқсайды.  Бұл  жіптерді  ал-  дын 
ала  өңдеусіз  ОЗЛМ  97  кл  машиналарында  33Л  лавсан  жіптерінің  орнына 
пайдаланылады.  Тігін  жіптерін  текстурлеу  нәтижесінде  олар  әмбебап  тігін 
машиналарында қолдану кезінде үзілгіштігі азаяды.
 
Армирленген  жіптер  мықтылығының  және  жылуға  тұрақтылығы-  ның 
жоғарылығымен  ерекшеленеді.  Олар  мақта  маталы  екі  жіпті  жіппен  кең 
көлемде  алмастырылады.  Аралас  полиэфирлі  мақталы  тігін  жібі 
армирленген иірімнің полиэфирлі комплексті жібінің айналуынан алынады. 
Тігін  жібінің  сатылымдағы  нөмірлері  20,  40,  50,  80.  Бұларды  эластикалық 
материалды тіккенде қолданылады.
 
Полипропиленді  тігін  жібін  уақытша  бұйым  бөліктерін  қосу  үшін 
қолданады.  Химиялық  өңдеу  өткізгенде  бұл  жіптер  толықтай  жойы-  лады. 
Штапельді жіптер полиозды және лавсанды болады. Сыртқы көрінісі мақта 
матаға қарағанда өте жылтыр және үлбірлі болып келеді. Полинозды түктен 
жасалған жіп жұмсақ, жууға және химиялық өңдеуге тұрақты келеді.
 
Штапельді лавсанды жіптер беріктігі жағынан созылғанда мақта матаға 
ұқсас болады.
 
9.2.  ЖЕЛІМДІК МАТЕРИАЛДАР 
Синтетикалық негізде алынған желімдік материалдар отандык және шет 
елдік  киімді  дайындау  тәжірибесінде  негізгі  және  қосымша операцияларды 
орындау 
кезінде 
кеңінен 
қоладанылады: 
пальтоның, 
костюмнің, 
көйлектердің  бөлшектерін  біріктіруде,  аралық  ретінде,  негізгі  бөлшектерді 
қиғаштай қатырмалау кезінде, жең, шалбар етегінің кесінділерін бекіту және 
ию кезінде; жарма, жапырақша, қалта, ерлер киімінің жағасына, қаттамасына 
аралық ретінде қолданылады.
 
Қасиеттері  жақсартылған  желімдер  жетілдірілуде,  бұл  оның  тігін 
өндірісінде кеңінен қолданылуына көмектеседі.
 
Өсімдік желімдерін (крахмалды, ұнды) әскери киімдердің по- гондарын, 
түймеліктерін,  жағаларын  дайындауда  пайдаланады.  Бұл  желімдердің 
кемшіліктері бар: суға төзімсіз, жәндіктермен және
 
250 


көгеруде  бүзылады,  бүйымға  жоғары  қаттылықты  береді.  Сондықтан, 
өсімдік  желімдері  басқа  тігін  бүйымдарының  бөлшектерін  біріктіруде 
қолданылмайды.
 
Киім  бөлшектерін  желіммен  жалғау  тәсілі  тігін  өнеркәсібінде  кең 
қолданылады. Желімдер сүйық және қою, желімдік үнтақ түрінде. төсемдік 
матаның  бір  жағына  жағылған  күйінде  және  көлемдік  жіп  түрінде 
пайдаланылады.
 
Желімдік  материалдарды  пайдаланудың  экономикалық  тиімділігі 
жоғары.Бөлшектердіжалғастырудыңжелімдікәдісітігінбүйымдарының 
сапасын  арттырады  және  өндірісті  механикаландыруға  мүмкіндік  береді, 
бүйымды  өңдеу  уақытысын  қысқартады,  бір  бүйымға  алғанда  еңбек 
өнімділігін 3-11% арттырады. Барлық шығарылатын киімдердің бөлшектерін 
жалғаудың  12-15-40  %  желімдік  әдіспен  жүргізілетін  бол-  са,  еңбек 
өнімділігі артады.
 
Бүйымның  жүмсалар  мақсаты  мен  оны  пайдалану  жағдайына  бай- 
ланысты  тоқыма  материалдарды  жалғастыратын  желімдер  бірнеше 
талаптарға сәйкес келуі керек.
 
Киімнің  қандай  мақсатқа  жүмсалатынына  қарамастан  желімдік 
материалдарға  қойылатын  талап  мынадай:  желімнің  желімденетін  бетімен 
жақсы байланысып берік түрып қалуы, желім  қүрамында адам организміне 
зиянды  заттардың  болмауы,  желім  қабатының  мықтылығы  және 
иілгіштігінің жеткілікті болуы, ескіруі төмен (желімнің ескіруі
 

оның  қүрылымының  өзгеруі,  жарықтың,  күннің,  ылғалдың,  жуудың, 
химиялық  тазартудың  әсерінен  уақыт  өткен  сайын  физико-  механикалық 
және 
химиялық 
қасиеттерінің 
төмендеуі), 
желімдеу 
әдісінің 
қарапайымдылығы және қауіпсіздігі.
 
Жуылатын  бүйымға  пайдаланылатын  желімдер  мықтылығы  және 
иілгіштігіне қоса желімдік тігістің ылғалға, жуғанға, үтіктегенге төзімділігін 
қамтамасыз  етуі  тиіс.  Сырт  киімдерді  дайындауға  жүмсалатын  негізмдер 
желімдік  тігістің  мықтылығын,  иілгіштігін,  ылғал  және  температураның 
өзгеруіне  шыдамдылығын,  суыққа-  химиялық  тазартуға  төзімділігін 
қамтамсыз етуі тиіс.
 
БФ-6  және  ПВБ  негізмдері.  ЦНИИШП  үсыныстарына  сәйкес  тігін 
өнеркәсібінде  келесідей  желімдер:  БФ-6,  ПВБ,  поливинилхлоридті 
пластикат, поливинилхлоридті шайырға негізделген паста, П-548 және П-54 
полиамидті  шайырдан  және  қатты  қысымды  полиэтиленнен  жасалған 
желімдік жіптер пайдаланылады.
 
БФ-6  негізмі  -  синтетикалық  шайырлардың  спирттік  ерітіндісі.  ПВБ 
желімі - поливинил - бутиральдің спирттік ерітіндісі. Жеңіл - қүрғақ матаға 
жағылған  БФ-6  және  ПВБ  негізмдері  желімдік  тігістерге  қаттылық  береді. 
Сондықтан да, желімдеу үшін БФ-6 және ПВБ желімдерінің үлпегін немесе 
бір  бетінде  желім  жамылғысы  бар  мата-  ларды  пайдаланады.  Алдын  ала 
үлпек  жапсырған  төсемдік  маталар,  желімдік  үлпекпен  түгел  жабылған 
жиектік маталар, жолақ-жолақ
 
251 


желімдік  үлпек  жапсырылған  өңірге  салатын  және  түкті  маталар 
шығарылады.  Жиектік  желімдік  -  мата  ретінде  қалыңдығы  0,1-0,13  мм 
желімдік  үлпекті  бір  бетіне  түгел  жапсырған  бөз  немесе  миткаль  пай- 
даланылады.  Жиектік  желімдік  матаны  жалпақтығы  10-12  мм  жолак  етіп 
кеседі  де,  зығыр  жиектің  орнына  пальто,  пиджак,  жакеттердің  өңіріне 
салады.  Өңірге  салатын  мата  ретінде  қалыңдығы  0,1-0,17  мм  желімдік 
үлпектің  жолағы  түрінде  зығыр  матаның  бір  бетін  негізмдейді.  Желімдік 
жамылғысы бар зығыр матаны өңірге төсем ретінде, жағаның астына, иықты 
көтеруге  пайдаланылады.  Түкті  маталардың  да  желімдік  жолақтары  бар, 
оларды төсемдікке пайдаланады.
 
БФ-6 және ПВБ желімдерінің үлпектерінің ені 70 см, қалыңдығы 0,13 мм 
-  0,27  мм  дейін.  БФ-6  және  ПВБ  желімдері  тігіс  жапсырма-  ларына 
мықтылық,  иілгіштік,  суыққа  және  бензинге  төзімділік  береді.  Бүл 
желімдердің ылғал әсеріне осалдығы олардың пайдалану өрісін тарылтады, 
жуылмайтын киімдер үшін ғана пайдалануға мүмкіндік болады.
 
Поливинилхлроидтік  желімдер-  бүл  поливинил-хлоридтік  пла-  стикат 
және поливинилхлорид негізіндегі паста.
 
Поливинилхлроидтік  пластикат  -  поливинилхлоридтік  шай-  ыр, 
дибутилфталат  және  цинк  стеараты  қоспасынан  дайындалған  қалыңдығы 
0,2-0,25  мм  қатты  үлпек.  Поливинилхлоридтік  паста  поливинилхлоридтік 
шайырдан, дибутилфталаттан және пигменттен түрады.
 
Поливинилхлроидтік  пластификатты  погондар  және  петлицаға, 
жағаларды  жалғауға,  мундирлердегі  қайырмалар  мен  жапырақшаларды 
жабыстыруға  пайдаланады.  Резеңке  аралас  маталардан  жасалған 
бөлшектерді жалғау үшін паста қолданылады.
 
Полиамидтік  желім  толық  немесе  жолақ  түрінде  төсемдік  материалға 
жағылады.  Бүл  желімдік  жалғамаға  қаттылық  беріп,  жалғанған  жердің  бу 
және  ауа  өткізгіштігін  азайтады.  Қазіргі  кезде  П-548  және  П  -54  полиамид 
желімдерінің үнтақтары негізінде жасалған желімдік жаппасы бар төсемдік 
материалдар  шығарылады.  Бүл  нүктелік  түрінде  желімдеп,  жапсырып-ақ 
тігістің  беріктігін  жоғарылатады.  Желімдік  жаппасы  полиамидтік  үнтақтар 
негізінде  жасалған  төсемдік  маталардың  желімдік  жаппасы  түтас  төсемдік 
материалдарға  қарағанда  тігісі  иілгіш,  бу  ауа  өткізеді,  химиялық  тазартуға 
пайдаланылатын  барлық  органикалық  ерітінділерге  шыдамды  болады. 
Желімдік  жолағы  бар  маталардың  орнына  желімдік  үнтағы  бар  төсемдік 
материалдарды пайдаланудың экономикалық тиімділігі жоғары.
 
Полиамидтік үнтақты төсемді материалдардың ассортименті: мит- каль, 
бөздегі  желімдік  үнтақты  жиекті  мата,  желімдік  үнтақты  өңірге  салынатын 
мата,  желімдік  үнтақты,  таза  және  жасанды  шаш,  желімдік  үнтақты 
флизилин, әр жерден бір негізмдік жаппасы бар жалпақ өңірлік мата.
 
252 


Жоғарғы  қысымдық  полиэтилен  (ЖҚПЭ)  суда  қайнатып,  сабын-  сода 
ерітіндісінде  ұстағанға  төзімді,  мықты  желімдік  тігіс  береді  (15  рет 
жуғаннан кейін немесе 1 сағат қайнатқанда тігістің мықтылығы өзгермейді). 
Алынған  тігістер  хлорлық  ерітінділерге,  жарық  ауа  рай-  ына  төзімді,  бірақ 
химиялық  тазартуда  пайдаланатын  бензин  және  уаит  спирттің  әсеріне 
шыдамдылығы төмен. ЖҚПЭ 
0,12-0,2 
мм
 
үлпек  түрінде  шығарылады,  төсемдік  материалдарға  ұнтақ  немесе  толық 
жапсырады.  Жоғарғы  қысымдық  полиэтиленді  көйлек,  блу-  за,  жейде 
сияқты  жуылатын  киімдердің  желімдік  жалғаспаларына  пайдалануға 
болады.  Полиэтиленді  үлпектер  әйел  көйлектерінің  етегін  бекітуге, 
жейденің жағасына төсемдікке, қаттамаға, белдікке және басқа бөлшектерге 
пайдаланылады.
 
Желімдік  жіпті  өткізу  үшін  үлпекті  термоконтактілі  әдіспен  бекітетін 
I I I 1 - 2   машинасында  орындалынады.  Ыстықтай  престе-  геннен  кейін 
мұндай  тігіс  матаның  екі  қабатын  мықтап  қосады.  Әсіресе,  синтетикалық 
маталардан  жасалынған  бұйымдарды  өңдеуден  өткізгенде  желімдік 
жіптердің біріктіру сапасы өте жоғары болады.
 
Соңғы жылдары П-548 және П-54 полиамидтік шайырдан және жоғарғы 
қысымдық полиэтиленге жасалған желімдік жіптер сырт киімдер және жеңіл 
көйлектердің бөлшектерін біріктіру үшін пайда- ланылады.
 
Желімдік  үлпектермен  біріктіру  және  төсемдік  негізмдік  матери- 
алдардан  тыс  маталармен  біріктіру  процессі  арқылы  іске  асырылады. 
Желімнің  бір  қалыпты,  тегіс  жағылу  және  жақсылап  желімденуі  үшін 
престің  үстіңгі  жастығы  қатты,  ал  астыңғысы  жұмсақ  болуы  керек. 
Сондықтан,  престің  астыңғы  жастығын  киізбен  жауып,  мақта  матамен 
қаптаған дұрыс.
 
Дәнекерлеу.  Тігін  өндірісінде  желімдеу  тәсілімен  қатар  мата-  ларды 
біріктіруде  киім  бөлшектерін  дәнекерлеу  тәсілі  қолданылады.  Киім 
бөлшектеріне  арналған  материалдарды  дәнекерлеу  ЦНИИШП  толығымен 
зерттелген.
 
Дәнекерлеу-термопластикалық  материалдарды  қосымша  заттар-  ды 
қолданбай  жылудың  әсерімен  біріктіру.  Дәнекерлеудің  жылумен  түйістіру, 
жоғарғы  жиілікті  және  ультардыбысты  тәсілдерін  қолданады.  Жылумен 
түйістіру  әдісі  кезінде  біріктірілетін  материалдар  дәнекерлеу  бөлігінде 
қыздырғышпен  түйіседі,  ериді  және  қысым  астында  бірге  қосылып,  тігіс 
пайда болады (дәнекерленеді). Материалдарды жоғарғы жиілікті дәнекрелеу 
жоғарғы  жиілікті  токтардың  электрлі  өрісінде  жүргізіледі.  Нәтижесінде 
бойында  физикалық  үдерістер  тұтқырлы  әсерінен  ағынды  күйге  дейін 
қыздырылады және берік қосылады.
 
Ультрадыбысты  дәнекерлеу  тәсілі  кезінде  материалдарды  қосу 
аймағында  біріктіру  ультрадыбысты  жиіліктің  серпімді  тербелісінің 
арқасында  жүргізіледі.  Бұл  тәсіл  кезінде  материалдар  берілген  өлшемдегі 
дәнекерлеу нүктесін түзу арқылы біріктіріледі.
 
253 


Қабыршақ  материалдардың  термопластикалық  талшықтары  бо-  латын 
және  киім  үшін  жасанды  былғарының,  маталардың,  тоқыма  және  беймата 
төсеменің  ассортименттерін  кеңейту,  киім  бөлшектерін  дәнекерлеуді 
қолдану  үшін  үлкен  мүмкіндіктерге  жол  ашады.Сонымен  қатар,  дамыған 
болып  ЦНИИШП  -да  жетілдірілген  қалыптау  тәсілі  және  киім  бөлшегінде 
тікелей  фурнитураларды  бір  уақытта  бекітумен  ерекшеленеді.  Киімде 
үздіксіз  түймелерді  қалыптау  тәсілінің,  полимердің  матамен  адгезивті  - 
механикалық әсерлесу арқасында бекіту беріктігі жоғары болуы қажет.
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   393   394   395   396   397   398   399   400   ...   417




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет