Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және гылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет396/417
Дата06.01.2022
өлшемі6,36 Mb.
#13660
түріОқулық
1   ...   392   393   394   395   396   397   398   399   ...   417
Байланысты:
материалтану

Жібек  жіптер  екі  қайтара  ширату  арқылы  шикі  жібектен  алынады. 
Бірінші  шикі  жібектің  бірнеше  жібін  біріктіріп  ширатады,  содан  кейін 
ширатылған  үш  жіпті  біріктіріп,  бірінші  ширатпаға  қарсы  бағытқа 
ширатады. Өңдеу үдерісінде жібек жіптер қайнатылады және әр түрлі түске 
боялады.  Бұл  жіптер  (тігін  жібегі)  шығарылатын  тігін  жіптерінің  жалпы 
көлемінің 1% алынады.
 
Жібек жіптердің саудалық нөмірлері: 75, 65, 33, 18 және 13, ал жіптердің 
метрикалық нөмірі саудалық нөмірден төмен болады. Жұқа маталардан киім 
тіккенде  байланыстыратын  тігіс  үшін  N°  75,  65  және  33  тігін  жіптерін 
қолданады. №18 және 13 жіптер түйме тесігін машинамен торлағанда және 
әр  түрлі  матадан  тігілген  киімге  сәнді  тігістер  жүргізу  үшін  пайдаланады. 
Табиғи жібектен алынған тігін жібі қалыңдығына байланысты келесі шартты 
нөмірлермен  (саудалық)  белгіленеді:  9  (111,1  текс),  13  (74  текс),  18  (57,5 
текс),  33  (31  текс),  65  (17,4  текс).  Жібек  жіптерді  100,  200,  500,  700  және 
1300  метр  үзындықты  орама-  мен,  иіршікпен,  картон  патрондарымен, 
орамамен  шығарады.  Картон  патрондардағы  №  75  және  65  жіптердің 
үзындығы 100 және 200 м, ал № 33-50 жіптердікі 100 м болады.
 
Жібек  жіптерде  сырт  көрінісін  бүзатын,  мықтылығын  төмендететін 
болмауға  тиіс  ақаулар:  ширатпадағы  түйіндер,  жамау  жіп,  майланған, 
ластанған жіп, боялмай қалған, әр түсті жіптер.
 
Жібек вискоза жіптері вискозадан алынады, түйме тесігін машина- мен 
торлау үшін пайдаланылады. Вискоза жіптер таза жібек жіптеріне үқсас екі 
қайтара  ширатылады,  соңғысы  үш  қабатталады,  сондай-ақ  жіптер  әр  түрлі 
түске боялады, 50-100 м ораммен шығарылады. Жібек жіптері иіршікте (25г 
бойынша),  орамада  (300г),  патронда  (50,100  және  200  м  бойынша)  және 
орауышта шығарылады.
 
Түйме  тесігін  қолмен  торлағанда,  түйме  таққанда,  сәндік  тігістерді 
жүргізгенде  ширатылған  жуан  таза  жібек  жіптері  -  №  3  және  7  гарус 
пайдаланылады.  Гарустың  сызықтық  тығыздығы  333  немесе  143  текс  және 
90  шикі  жібек  жіптерден  түрады.  Гарусты  түрлі  түспен  8-50  м  орамамен 
шығарады.
 
Штапельді  полиноздық  талшықтардан  жасалған  жібек  жіптер  жүмсақ, 
жылтыр, қүрғақ - дымқыл күйлерінде мықтылығы жоғары
 
247 


(вискоза жіптерімен салыстырғанда), жуғанда төзімді, құрғақ кезінде ұзаруы 
(8-10%)  және  дымқыл  кезіндегі  ұзаруы  (10-12%)  көп  болмайды.  Жылуға 
төзімділігінің  жоғары  болуына  байланысты  полиноз  жіптерді  қолданғанда, 
тігін  машинасының  жұмыс  жылдамдығы  шектелмейді.  Мықтылығы 
жағынан полиноз жіптері мақта жіптерінен төмен.
 
Киімнің  барлық  бөлшектерін  тігуде  мақта  жібінің  орнына  полиноз 
жіптерін пайдалануға болады.
 
9.1.3.  Синтетикалық жіптер 
Химиялық  талшықтан  жасалатын  жіптерді  шығарудың  арқасында  тігін 
өнеркәсібінде  қолданылатын  жіптердің  ассортименті  жыл  сайын  кеңейіп 
келеді.  Әсіресе,  синтетикалық  жіптер  кең  қолданылуда,  себебі  таза 
талшықты  жіптерге  қарағанда  олардың  кейбір  қасиеттерінің  артықшылығы 
бар,  синтетикалық  жіптер  созуға  және  үйкеліске  мықты,  шамалы  апшиды, 
сәулелі ауа-райына, тотыққанға, химиялық реактивтердің әсеріне төзімді.
 
Синтетикалық жіптердің ішінде құрама капрон және лавсан жіптері кең 
қолданылады.  Сонымен  қатар,  капрон,  лавсан  өзекшелі,  қаңқалы  жіптер 
және таслан типтес текстурленген жіптер шығарылады.
 
Құрама  талшықты  лавсан  және  капрон  синтетикалық  жіптерін  шығару 
үдерісіне қабаттау, ширату, қайнату, ағарту, бояу және өңдеу операциялары 
жатады.  Силикондық  препараттармен  және  акрилдық  эмульсия  мен 
антистатикпен  өңдеу  арқылы  жіптердің  жылуға  шыдамдылық  қасиетін 
арттырады.
 
Құрылымын  өзгертіп  және  өңдеуін  жетілдіру  арқылы  синтетикалық 
жіптердің қасиетін жақсартуға болады.
 
Капрон  жіптердің  созғанда  мықтылығы  таза  жібек  немесе  мақта 
жіптерге қарағанда 1,5-2 есе артық. Барлық белгілі тігін жіптерге қарағанда 
синтетикалық  жіптер  үйкеліске  тозбайды,  сондықтан  оларды  түйме  тесігін 
торлағанға пайдаланады. Капрон жіптердің жұмсақтығы тіккенде жіптердің 
ілмектелуіне  теріс  әсер  етіп,  тігістің  тартылуына  себеп  болады,  ал  жылуға 
төзімділік  қасиетінің  төмендігі,  оларды  пай-  далану  саласын  азайтады. 
Капрон жіптерін пайдаланып, дайындалған бұйымдарды ылғалды жылумен 
өңдегенде  -  оларды  үтіктеп  немесе  престеу  бетінің  температурасы  160С 
аспауын  және  басу  уақыты  30  секундтан  аспауы  керек  екенін  білу  керек. 
Температураны  фланель  са-  лып  үтіктегенде  5°  С,  бортовка  салып 
үтіктегенде 10° С жоғарылатуға болады.
 
Капрон  жіптер  бұйымды  синтетикалық  материалдардан  дайын-  дауда 
көп  қолданылады.  9.1-  кестеде  капрон  жіптерді  пайдаланудағы  мәліметтер 
берілген. Капрон жіптердің қасиетін зерттеудің нәтижесінде оларды жылуға 
төзімді амидтік жіптермен алмастыруға болады.
 
248 


Лавсан  жіптерінің  кейбір  көрсеткіштері  капрон  жіптерінен  жоғары: 
балқу температурасы жоғары, тігісті тартпайды, сондықтан № 22Л, 33Л, 55Л 
лавсан  жіптерін  сырт  киімдерді  тіккенде  қосымша  майлап  жоғарғы  жіпке 
пайдаланады.  Әр  түрлі  талшықты  бүйымдарды  ылғалды  жылумен 
өңдегенде,  лавсан  жіптерімен  тіккен  тігістер  өзгермейді,  ол  9.1-  кестеде 
көрсетілген.
 
Лавсан  жіптерінің  №  4  (36/2^4)  және  №  7  (36/1^5)  төменгі  нөмірлерін 
бедерлі  сәндік  тігіске  қолдануға  болады.  Синтетикалық  жіптердің  жал-  пы 
ортақ  кемшілігі  -  жылуға  төзімділігінің  төмендігі.  Тігу  жылдамдығы 
минутына  2000-2200  шаншым  болғанда  жіп  пен  иненің  арасындағы 
үйкелістен  ине  қызады,  капрон  жібі  балқып  үзіледі.  Лавсан  жібі  тігу 
жылдамдығы минутына 3000 шаншым болғанда үзіледі.
 
Инелердің арнаулы түрлерін пайдаланған дүрыс:  хромдалған, са-  тылы, 
арнаулы  химиялық  өңдеуден  өткен  инелерді  пайдалана  отырып,  олардың 
қызып  кетуін  азайту,  синтетикалық  жіптердің  қолданылу  тиімділігін 
көбейтеді.  Инені  салқындатып  түру  үшін  іші  қуыс  табанша  пайдаланады, 
баллоннан  немесе  компрессордан  қысылған  ауа  ине  мен  матаға  беріліп 
түрады. Кейбір машиналарда инені салқындату үшін су бүркіп түрады. Таза 
жібек  жіптерін  капрон  немесе  лавсан  жіптерімен  алмастырудың 
экономикалық тиімділігі жоғары.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   392   393   394   395   396   397   398   399   ...   417




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет