өлшем қажет болғанда бірнеше қабаттап бүктейді. Жылу сақтау қасиеті
жағынан поролон мақта мен күспеден кем болмайды. Ол мақта мен күспеге
қарағанда ауа өткізгіштігі, гигроскопиялық көрсеткіші төмен болады. Бірақ,
кеуек болғандықтан ылғалды тез сіңіреді, жеңіл сығылады, тез кебеді.
Поролон төсемнің серпімділігінің арқасында киімнің пішіні жақсы
сақталады, мыжылған киім қалпына тез келеді.
Поролон қолданып тігілетін бүйымдарға деген үсыныстарды
I І Н ИИ ІІ ІП жасайды. Поролон бөліктерді бір-бірімен жай тігін маши-
насында тігіп дайындайды. Поролон үйкеліске мықты, көп қайтара
бүктегенде, қысымға, суыққа шыдамды, кигенде үгілмейді. Поролон 150 С
да жүмсарады, ал, 180 С-да балқиды. Қыздырғанда, әсіресе балқығанда, улы
заттар бөледі, сондықтан қауіпсіздік сақтау және арнайы еңбек қорғау
ережелерін қатаң сақтау қажет. Поролонның кемшілігі- ескіргенде
серпімділігін жоғалтады, қүрғақтай химиялық тазарту жүргізуге жарамайды.
Трихлорэтилен, перхлорэтилен және уайт- спиртпен өңдегенде поролон
бүлінеді.
Сондықтан, поролон қасиеті бойынша мақта және күспеден артық, ал
киімде жылу шығармайтын аралық ретінде кең қолданылады. Түрлі
киімдерге қолданылатын поролонмен негізделген беймата материал- дар,
трикотаж маталар шығарады.
10.1.6. Іштік маталар
Іштік маталар сырт киімдерде өңірге, алдыңғы бойға, жағаларға,
жеңдерге және басқа киім бөлшектерін бүйымның (пальто, пиджак, жакет)
пішінін жақсы сақтау үшін қолданылады. Іштік маталарды негізгі мата мен
астар арасына салады. Бүл материалдар ылғалды жы- лумен өңдеуге жақсы
пластикалы және форма бергенде түрақты болуы керек, сондықтан олар
берік, аз созылатын, қатты және сырт матаның отыруымен сәйкес болады.
Классикалық іштік матаға коленкор, мақта матасы, зығыр және жартылай
зығыр қатырғылар, желімді және ара- лас әдіспен дайындалған беймата
материал: - флизелин, прокламелин, фильц, жартылай жүнді арқаулы немесе
синтетикалық талшықтар қосылған қатырғы маталар, жағалық маталар түкті
табиғи және жасан- ды маталар. Көбінесе іштік маталар ақ, қара, сүр және
қою сары бола- ды, түсті түрлері көбінесе сирек кездеседі.
Іштік маталар желімді және желімсіз болып келеді. Желімді түрінде бір
жағы арнайы жабынды жағылады, ол үтік әсерінен балқиды және матаны
іштікке бекітеді. Желімсіз іштікті машина немесе қол тігісімен тігеді. Іштікті
матаның қасиеттеріне қарай таңдайды. Үтікпен ыстық өңдеуге келмейтін
маталарды тек қана желімсіз іштікпен бекітеді.
Достарыңызбен бөлісу: