Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және гылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


-БӨЛІМ  ТАБИҒИ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ БЫЛҒАРЫ, ҮЛПЕКТІ



Pdf көрінісі
бет401/417
Дата06.01.2022
өлшемі6,36 Mb.
#13660
түріОқулық
1   ...   397   398   399   400   401   402   403   404   ...   417
Байланысты:
материалтану

11-БӨЛІМ 
ТАБИҒИ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ БЫЛҒАРЫ, ҮЛПЕКТІ 
МАТЕРИАЛДАР 
11.1. БЫЛҒАРЫ ЖӘНЕ ТЕРІ ӨНДІРІСІНІҢ ШИКІЗАТЫ 
Былғары  мен  тері  шикізатына  үй  жануарлары  мен  жабайы  аңдардың 
терісі жатады. Былғары өндірісінің шикізат қоры мал шаруашылығы болып 
табылады.
 
Жалпы алғанда, былғары мен терінің тауарлық қасиеттері олардың қай 
түліктің  терісінен  жасалғанына  ғана  емес,  сол  түліктің  қандай  түқымның 
терісінен жасалғанына да байланысты.
 
Терінің  құрылымы.  Тері  -  жануарлар  денесінің  сыртқы  қабаты.  Ол 
организмді сыртқы орта әсерінен қорғайды және сонымен қатар, денедегі зат 
алмасу,  сыртқа  шығару,  жылу  реттеу  процессіне  қатысады.  Жануардың 
сыртынан  денесіне  қарай  санағанда  тері  түкті  немесе  жүнді  жабыннан, 
эпидермистен  (қыртыс),  дерма  (өзең)  мен  тері  асты  клеткалардан  (шел) 
түрады, төмендегі бейнеленген. Былғары шығару үшін терінің өзеңі, ал тері 
және тон үшін өзеңге қоса қыртысы мен түкті жабыны пайдаланылады.
 
Қыртыс - терінің түкті жабыны астында жатқан үстіңгі қабаты.
 
Қыртыс ақуызды клеткалардан қүралған. Оның өзеңімен шекарасы тегіс 
емес.  Түк  қалташаларына  жақын  қыртыс  өзеңге  еніп  жатады,  ал  ол  өз 
кезеңінде қыртысқа емізікшелермен бойлап кеткен. Сондықтан да қыртысы 
сылынып  тасталған  тері  бетінде  белгілі  бір  суреттер  көрініп  түрады,  оны 
бедер (мерея) деп атайды.
 
Үлбір  жасау  үшін  терідегі  қыртысты  бүзбай  сақтау  керек.  Егер  ол 
бүзылса, түктің өзеңмен байланысы нашарлап, кейінірек түгі түсіп қалатын 
болады.
 
Қыртысы сақталған өзеңді тері ткані деп атайды.
 
Өзең - терінің негізгі қабаты, ол коллагенді, эластинді және ретику- лин 
талшықтарының күрделі шиеленісуінен қүралған.
 
Қарапайым  коллаген  талшықтарының  диаметрі  шамамен  5  мкм  болып 
келеді.  Осындай  көптеген  (30-300)  қарапайым  колла-  ген  талшықтары 
диаметрі шамамен 200 мкм болып келетін коллаген талшықтарының тобын 
қүрайды.
 
Ал, қарапайым коллаген талшықтарының өзі диаметрі 0,1 мкм болатын 
200-3000  фибриллалар  жиынтығынан  түрады.  Коллаген  талшықтарының 
тобы  өзең  қалыңдығына  көлбей  орналасады  да,  олардың  көлбеу  бүрышы 
және  жуандығы  жануарлардың  табиғаты  мен  терінің  қүрылымына 
байланысты болады.
 
261 


Эластин  талшықтары  топ  қүрамайды,  бірақ  тарам  -  тарам  бо-  лып 
кеткендіктен,  қалың  торлар жасайды.  Ол  торлар  көбінесе  түк  қалташалары 
мен қан тамырлары айналасында орналасады.
 
Ретикулин  талшықтары  тері  өзеңінің  барлық  көлемінде  қалың  тор-  лар 
қүрайды, әсіресе көп жиналуы өзеңнің қыртыспен астасқан жерінде болады. 
Өзең  талшықтары  арасында  талшықаралық  зат  болады.  Оның  қүрамына 
былғары  даярлау  барысында  өзеңнен  шығып  кететін  альбу-  миндер, 
глобулиндер,  мукоидтар,  муциндер,  мукополисахаридтер  және  басқа  белок 
тәріздес заттар енеді.
 
Тері  өзеңі  екі  қабаттан  түрады.  Бірі  емізікше  мен  торлы  қабаттардың 
шекарасы  түк  қалташалары  орналасқан  деңгей  арқылы  өтеді.  Ал,  шошқа, 
түйе  және  борсық  терілерінің  ерекшелігі  -  өзеңдегі  бүл  екі  қабаттың 
шекарасы  анық  білінбейді,  себебі  түк  каналдары  өзеңінің  өн  бойынан  өтіп 
жатады, терінің тік кесілген көрінісі (сурет11.1)
 
ю 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   397   398   399   400   401   402   403   404   ...   417




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет