жүнінде дөрекі қылшықтарда кездеседі. Түйелердің жүндері түлеу кезінде таралады. Түйе жүнінің жалпы құрылысы 1.20-суретте көрсетілген. Түйе малына жақын мал Оңтүстік Америкада мекендейтін - лама. пако немесе альпако, гунако және вигонь жануарларынан түйе жүніне ұқсас жүндер алынады, өнеркәсіпте бұл жүннің түрлері аз дамыған. Қалпына келтірілген жүн. Тоқыма өнеркәсібінде арзан шұға ма- таларды жасағанда, қоспаның құрамына, малды қырыққанда алынған жүннен басқа зауыттық және қалпына келтірілген жүндер қолданылады. Зауыттық жүн - мүйізді ірі қараның терісінен алынған жүн. Қалпына келтірілген жүн - бұрын пайдалануда болған, жүн матадан тігілген ескі киімдер және кескен қиықтарды талшықтарға ажыратқанда алынады. Қалпына келтірілген жүннің талшықтары қысқа, себебі бұрын киімді киіп жүргенде немесе