халқы болып саналады. Жібек шаруашылығымен негізінен ТМД елдерінің Орта Азия республикала- ры, Кавказ, Украина және Молдова елдері айналысады. Жібек талшығы - кейбір құрттардың жібек шығаратын ерекше бездерінен бөлінетін өнім. Тұт ағашының жібек құртынан алынатын жібек өндіріс үшін маңызды. Тұт ағашының жібек құртын арнайы жібек шаруашылығында өсіреді. Жібек құрты өзінің даму жолында төрт кезеңнен өтеді:жұмыртқа (грена), қырықбуын, қуыршақ және көбелек. Қырықбуындарын тұт ағашының жапырақтарымен тамақтандыру кезеңінде олардың денесінде ақуыздық айналым жүреді. Асқазан сөлінің ферменттерінің арқасында тұт ағашының ақуызы бөлек аминқышқылдарға бөлінеді, олар қырықбуындардың ағзасының жасушаларымен сіңеді. Ағзада аминқышқылдарының синтезі