осының нәтижесінде целлюлозаның қарапайым зве- ноларында бөлшекті немесе гидроксильді топтары түгелдей ацетильді топтарға ауыстырылады: - [ С 6 Н 7 0 2 ( ОН ) 3-х (° ОССН 3) Х 1 п > мұнда, 2,22<х<2,76- ацетатты талшық (асеіаіе); 2,76<х<3- үшацетатты талшықтар (Ігіасеіаіе). Үшацетатты және ацетатты талшықтарды құрғақ әдіспен бастапқы полимер ерітіндісінен қалыптастырады. Целлюлозаның құрамындағы гидроксильді топтардың санының қысқаруы ацетилцеллюлоза- лы және гидрат-целлюлозалы талшықтардың негізгі қасиеттерінің айырмашылығын көрсетеді. Ацетат жіптерінің құрамындағы гидроксильді топтарының мөлшері аз болғанымен, үшацетатты талшықтарға қарағанда, суөткізгіштігі жоғары